Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет54/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

1-ТАРАУ
Ауыспалы объективтер
Символдық интеракционизм теориясы да, конфликт теориясы да, 
құрылымдық-функциялық теория да жеке-дара әрекет ете алмайды. 
Әрқайсысы қоғамдық өмірдің белгілі бір қырын айқындау үшін қо- 
лайлы. Мұны әйелдер арасындағы жезөкшелік туралы мына бір әлеу- 
метганулық зерттеуден байқаймыз.
Қүрылымдық-функциялық теория:
жезөкшел іктің функциялары
Құрылымдық функцияшылдар жезөкшелікті талдағанда, көбінесе 
оның әлеуметтік құрылымын зерттейді әрі жеңгетай, жезөкше, тұтыну- 
шы арасындағы қарым-қатынастың үлгілерін анықтайды. Мұнан соң 
осы әлеуметтік құрылымныц салдарын қарастырады. 1961 жылы жарық 
көрген әйгілі мақаласында Кэсли Дэвис жезөкшелік мынадай функция- 
ларды атқаратынын айтты:
• 
некеге тұруға шамасы жетпейтін кедей я мүгедек жандарға 
төсек ләззатын сыйлайды;
• 
үйінен алыс жүрген кәсіпкерлердің, матростардың және басқа- 
лардың жыныстық мүқтажын өтейді;
• 
ерекше жыныстық талғамы бар адамдардың қажетін қана- 
ғаттандырады.
Жезөкшеліктің негізгі мақсаты мен функциясы да осы қызмет түрле- 
рін үсыну. Дэвистің айтуынша, бұл қызметтерді ұсыну арқылы жезөкше- 
лік ерлі-зайыптылардың некелерін қорғап, астыртын функция атқарады, 
белгілі бір себептермен әйелдерінен қанағатганбайтын ер адамдарға 
көмектеседі. Жезөкшелік - абыройлы қарым-қатынасты (соның ішінде, 
бала көтеру мен оны өсіруді) некенің аясында шектегенімен, адамиың 
сыртта жыныстық тоят алуына мүмкіндік беретін қызмет түрі.
Конфликт теориясы: ресурстар теңсіздігі
және жезөкшелік
Конфликт теориясын қолдаушылар жезөкшелікті ресурстарға бір- 
дей қол жеткізе алмаудың салдары ретінде қарастырады. Олардың 
пікірінше, әйелдер экономикалық мүмкіндіктерге бірдей шамада 
қол жеткізе алмайды. Кей қоғамдарда олардың заңды түрде меншік- 
ке ие болуына жол жоқ; енді бір елдерде жүмыс істеп, ақша табуда 
әйелдер көп қағажу көреді. Өздерін асырай алмайтындықтан, әйел- 
дер еркектердің экономикалық қолдауына мүқтаж. Олар өздерінде 
бар ресурсты ұсыну арқылы ерлерден қолдау табады. Конфликт тео­
риясы бойынша, бүл қызмет жезөкшелік арқылы жасала ма, әлде не­
кеге тұру арқылы жасала ма - оның айырмашылығы аз. Себебі көз- 
делген мақсат бірдей.
Конфликт теориясы әсіресе үйінен қашып кетіп, жезөкшелік 
жолға түскен балалар мен қыздардың әрекеттерін түсіндіру үшін 
пайдаланылады. Бұл жастардың тұрақты жұмыс орнын табуға мүм- 
кіндігі жоқтың қасы, көбінің заңды жүмысқа тұруға жасы жетпейді, 
қанша тырысса да ең төменгі жалақыға да қол жеткізе алмайды. Сон- 
дықтан балғын дене - олар үшін ең бағалы ресурс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет