ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
41
3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асыры-
лады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажет-
тіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және
қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы.
Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану
Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар
әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұ-
ғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік
құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал
әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ре-
тінде сипаттайды. Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлашан)
салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және жоспарланбаған) салдар-
лар арасындағы айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор болған-
дықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқараста-
ғы әлеуметтанушылар да қолданады.
Мысалы, жоғары сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мек-
теп бітіру кештері мектеп рухын қалыптастыру және оқушылар арасын-
да әлеуметтік байланыстарды нығайту сияқты бірнеше айқын функция-
ларды атқаруға арналған. Олар сондай-ақ кейде оқушылардың өзіне
беймәлім астыртын функцияларды ашуына себепші болады. Мысалы,
осы кешті ұйымдастыру барысында бірігіп жүмыс істеп, тіпті бір-біріне
шағымданудың өзі мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүм-
кіндік береді. Бітіру кештері айқын және астыртын дисфункцияларды да
атқарады. Көпшілік байқай алатын айқын дисфункцияныц бірі - мектеп
бітіру кештері оқушылар арасында экономикалық жіктерді көрсетіп бе-
ретіндігі. Мысалы, жаңа киім сатып ала алмайтын оқушылар ұялғаннан
келмей қалуы мүмкін. Астыртын дисфункция - студенттердің кейбірі
үялудың орнына ашу-ызасы қозып, соның салдарынан вандализмге бар-
уы ықтимал (1.1-кесте).
Бұл мысалға орай байқайтынымыз - қоғамды сақтауіа үлес қоса-
тын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда
әкелуі мүмкін. Үлгі функционалды бола алады яғни ол статус-квоны
сақтауға көмектеседі, бірақ ол қалаулы немесе әділ болмайды. Алай-
да құрылымдық функцияшылдар, тұтастай алғанда, әлеуметтік
қүрылымдардың бірқалыпты жұмыс істейтін қоғамды қүру үшін
қызмет ететінін атап көрсетеді.
Қүрылымдық-функциялық талдау әлеуметтік құрылымдардың
жоспарланған және жоспарланбаған қарекетінің салдарын қарасты-
рады. Сондай-ақ салдардың оң (функциялық) немесе теріс (дисфунк-
циялы) екендігін бағалайды. Нәтижені оң деп бағалайтын моральдық
өлшем жоқ; бұл нәтиже тек қоғамның тұрақтылығына ықпал етеді
дегенді білдіреді.
1.1-КЕСТЕ.
Достарыңызбен бөлісу: