Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет58/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Екінші қадам: негіз әзірлеу
Дерекжинауды бастамас бұрын, алдымен, айнымалы шамаларды гаң- 
дап, шарттарды анықтап, қай адамдарды (немесе нысандарды) зерт- 
тейтінімізді нақтылауымыз керек.
Айнымалы шамаларды түсіну
Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалым- 
дар адамдарға емес, айнымалы шамаларга зер салады. Айнымалы 
шамалар адамдар, жағдайлар я топтар арасында әркелкі болып келеді 
(Бабби, 2010). Егер афроамерикалықтар мен ақ нәсілділер арасындағы 
жұмыссыздық деңгейін талдағымыз келсе, нәсіл және жұмыссыздық 
деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек.
Бүл айнымалы екі шаманың себеп-салдарлық байланысына бол- 
жам жасаған кезде, себеп - тәуелсіз айны малы шама, ал салдар - тә- 
уелді айнымалы шама болады. Біздің мысалда: нәсіл - тәуелсіз ай­
нымалы шама, ал жұмыссыздық - тәуелді айнымалы шама, яғни біз 
жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз.
Айнымалы шамаларды анықтау
Ерекшелікті сипаттап, гипотезаны тексеру үшін әрбір айнымалы 
шама дәл анықталуы тиіс. Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыз- 
дық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұ- 
мыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай 
өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады, 
ал айнымалы мәнді пайдалану үшін қолданылатын нақты анықта- 
ма оның операциялық анықтамасы болып табылады. Осы анықта- 
малар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін. Мысалы, 
АҚШ үкіметі белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ таба алмай жүрген 
адамдарды «жұмыссыз» деп атайды. Ал жұмыс іздеуден шаршап, оны
Гипотеза - теорияның 
дүрыстығына көз жеткізген кезде 
жасалатын қарым-қатынас туралы 
тұжырым.
Айнымалы шамалар - адамдар 
я топтар арасында әркелкі 
болып келетін, өлшеуге болатын 
сипаттар.
Тәуелді айнымалы шама - себеп- 
салдарлық қатынастың салдар 
тарабы. Тәуелсіз айнымалы 
шаманың әрекеттеріне тәуелді 
болады.
Операцияландыру - айнымалы 
шаманы өлшеудің әдістерін 
анықтау процесі.
Операциялық анықтама - 
айнымалы шаманы өлшеудің 
жолдарын сипаттайтын нақты 
іс-амал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет