Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет46/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ҚОҒАМ ТУ РАЛ Ы ІЛІМ
37
лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революция- 
ны жандандырудан үміттенді.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917)
Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда 
Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең 
таңдаулы университет! - Сорбоннада профессор болып қызмет етті. 
Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерт- 
теулері қоғамның түрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның 
жеке адамдардың бақытты болуына көмектесетінін түсіндіруге ар- 
налған. Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер мен әлеуметтік 
өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік 
түрақтылықты көрсететін теория болып саналады.
Дюркгеймнің басты ойларының бірі - «әлеуметтік тұрақтылық - 
әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім бол- 
уын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм 
қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне се- 
бепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда 
еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеумет- 
тік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торга 
түскендей сезінеді ([1897] 1951, 276). Ал аномиялық суицид еркіндік 
тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы 
жеке адамның ынталылығын ескермейді ([1897] 1951, 258). Мысалы, 
қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан 
аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жүмсау 
көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір 
бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008).
Дюркгейм әлеуметтанушылар арасында да белгілі, себебі ол - 
әлеуметтік өмірдің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін статисти- 
каны пайдаланудың маңыздылығын (мысалы, өзіне-өзі қол жұмсау 
статистикасын) айтқандардың бірі. Ол айғақтарға ғана сүйенетін 
бейтарап бақылаушы болуға тырысты. Әлеуметтану қалыптасқан 
ғылымга айналғаидықтан, әлеуметтік ғылымның стандартты үлгісі 
ретінде объективті бақылаудың бұл идеясы Маркстың әлеуметтік 
белсенділігін алмастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет