Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет50/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Қурыл ымдық-функциялық теорияның
негізіндегі болжамдар
Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтінін 
зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты 
жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.
1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты кри­
терий! - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
2. Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де 
әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.
І
Басқа әлеуметтік институттар секілді, 
мектеп бітіру кеші анықта айқын 
функцияларды (мысалы, топтағы 
ынтымақты нығайту) және кейде 
астыртын функцияларды атқарады 
(мысалы, кімнің мықты екенін көрсету).


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
41
3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асыры-
лады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажет-
тіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және
қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы.
Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану
Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар 
әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұ- 
ғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік 
құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал 
әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ре- 
тінде сипаттайды. Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлашан) 
салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және жоспарланбаған) салдар- 
лар арасындағы айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор болған- 
дықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқараста- 
ғы әлеуметтанушылар да қолданады.
Мысалы, жоғары сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мек- 
теп бітіру кештері мектеп рухын қалыптастыру және оқушылар арасын- 
да әлеуметтік байланыстарды нығайту сияқты бірнеше айқын функция- 
ларды атқаруға арналған. Олар сондай-ақ кейде оқушылардың өзіне 
беймәлім астыртын функцияларды ашуына себепші болады. Мысалы, 
осы кешті ұйымдастыру барысында бірігіп жүмыс істеп, тіпті бір-біріне 
шағымданудың өзі мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүм- 
кіндік береді. Бітіру кештері айқын және астыртын дисфункцияларды да 
атқарады. Көпшілік байқай алатын айқын дисфункцияныц бірі - мектеп 
бітіру кештері оқушылар арасында экономикалық жіктерді көрсетіп бе- 
ретіндігі. Мысалы, жаңа киім сатып ала алмайтын оқушылар ұялғаннан 
келмей қалуы мүмкін. Астыртын дисфункция - студенттердің кейбірі 
үялудың орнына ашу-ызасы қозып, соның салдарынан вандализмге бар- 
уы ықтимал (1.1-кесте).
Бұл мысалға орай байқайтынымыз - қоғамды сақтауіа үлес қоса- 
тын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда 
әкелуі мүмкін. Үлгі функционалды бола алады яғни ол статус-квоны 
сақтауға көмектеседі, бірақ ол қалаулы немесе әділ болмайды. Алай- 
да құрылымдық функцияшылдар, тұтастай алғанда, әлеуметтік 
қүрылымдардың бірқалыпты жұмыс істейтін қоғамды қүру үшін 
қызмет ететінін атап көрсетеді.
Қүрылымдық-функциялық талдау әлеуметтік құрылымдардың 
жоспарланған және жоспарланбаған қарекетінің салдарын қарасты- 
рады. Сондай-ақ салдардың оң (функциялық) немесе теріс (дисфунк- 
циялы) екендігін бағалайды. Нәтижені оң деп бағалайтын моральдық 
өлшем жоқ; бұл нәтиже тек қоғамның тұрақтылығына ықпал етеді 
дегенді білдіреді.
1.1-КЕСТЕ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет