104
3-ТА РА У
3.1-КЕСТЕ.
8-1 8 жастағылардыңБАҚ-ты күнделікті қолдану
уақыты мен минуттары
Орташа алғанда, балалардың ояу жүрген уақытының
жартысынанастамыбуқаралықақпарат құралдарының
құзырында болады.
БАҚ
Барлыгы
ТВ
4:29
Фильмдер
0:25
Видеоойындар
1:13
Баспасөз қүралдары
0:38
Музыка, аудио
2:31
Компьютерлер
1:29
Жалпы медианың ықпалы
10:45
ДЕРЕККӨЗ: Kaiser Family Foundation (2010).
қүлқымызды жетілдіре аламыз (Felson, 1996). Мысалы,
жасөспірімдер
«Грей а н а т о м и я с ы »
сериалын қарсы жынысты
адамдармен қалай қа-
рым-қатынас жасауға болатынын білу үшін көруі мүмкін. Содан кейін
олар осы көргендерін АҚШ-тағы нормалар туралы білімін толықтыру
үшін пайдалана алады.
Әрбір қоғамда дін - дербес бағыт-бағдар берудің маңызды құралы. Діни
доктринаыың қүндылықтары мен адамгершілік ұстанымдары жал
пы құндылықтар мен көзқарастарға бағыт-бағдар береді.
Дін арқылы
қалыптасқан құндылықтар әлеуметтенудің
басқа агенттері арқылы
құралған идеалдарға сәйкес келеді. Мысалы, діни білім беруде оқытыла-
тын Алтын ереже («Өзгелер сізбен қалай қарым-қатынас жасағанын қа-
ласаңыз, өзіңіз де солай жасаңыз») мен үйде немесе мектепте айтылатын
ақыл-кеңестер бір мазмұнда деуге болады.
Алайда діннің рөлі қоғамның
нормалары мен құндылықтарын
нығайта алмайды. 12-тарауда
айтылғандай, дінді үстану адамның се-
німін, өзіндік менін және әлеуметтік ұстанымдарын өзгертуі мүмкін.
Сонымен қатар діни айырмашылықтарға
негізделген саяси қозғалыс-
тар қоғамды да өзгерте алады. Қазіргі америкалық қоғамдағы мормон,
еврей және баптистік діндер мен осы діндердің консервативті және ли-
бералды тармақтары арасында маңызды өзгешеліктер бар. Бүлар әлеу-
меттендіруде де айтарлықтай айырмашылықтар тудырады.
Дін
Қауымдастык, - ортақ кеңістік
пен оған қосылған адамдарға,
сондай-ақ ортақ кеңістіктегі
әлеуметтік мекемелерге қатысты.
Сондай-ақ географиялық жағынан
болсын, жалпы сәйкестік сезімі бар
адамдарды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: