Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет287/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   529
Теңсіздікті жеңу стратегиялары
АҚШ-та нәсілдік және этностық теңсіздікті жоюдың басты сгратегия- 
сы - дискриминацияға қарсы күрес жүргізу және заңды іс-шаралар 
қолдану. 1964 жылдан бастап АҚШ ресми түрде нәсіліне, түсіне, діні- 
не, жынысына және шыққан тегіне байланысты дискриминацияға 
қарсы заңдар қабылдап келеді. Мүндай заңдар маңызды рөл атқара- 
ды. Мемлекет әртүрлі нәсілдер мен ұлттар арасындағы некені заңды 
деп мойындап, афроамерикалықтарға дауыс беру және мемлекеттік 
мектептерде білім алу құқығын берді. Сонымен қатар газет беттерін- 
де жүмысқа ақ нәсілділерді ғана қабылдау туралы хабарландырулар 
беруге тыйым салынды.
Дискриминациям қарсы қабылданган заңдар кемсітуді заңсыз деп 
жариялады. Бұл заңдар жұмыс берушілерден, мектептерден және тағы 
басқа белсенді қызмет атқаратын топ өкілдерінен дискриминацияға ду- 
шар болған тұлғаларга көмек көрсегуін талап етеді. Бірақ тең мүмкіндік- 
тер саясатын іске асыру заң шығару секілді оңай болмай тұр.
Жаңа нәсілдік / этностық бөлініс пе?
Тиімді іс-шаралар бағдарламасы аясында афроамерикалықтармен ара- 
лас америкалық азиаттар, латынамерикалық және байырғы амери- 
калықтар «аралас нәсілді» деп аталды (Lee 
&
Bean, 2007). Мүндай жіктеу 
АҚШ қоғамында бүрыннан қалыптасқан «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» 
деп бөлінуді күшейте түседі. Америка тарихында адамның арғы атасы- 
ның бірі африкалық екені белгілі болса, онда ол адам афроамерикалық 
деп саналған (мысалы, оларға ақ нәсілділермен неке құруға тыйым са- 
лынған). Сондай-ақ XX ғасырға дейін «ақ нәсілді емес» деп есептеген- 
діктен азиялықтардың, латындардың байырғы америкалықтардың 
азаматтық алу құқығы, басқа да құқықтары болмаған (Lee & Bean, 2007).
Мұндай «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» деп бөліну азайып келе жа- 
тыр. Кейбір деректерге сүйенсек, АҚШ үш топқа бөлінеді (ақ нәсіл- 
ді, афроамерикалық, латынамерикалық). Басқа деректерге қарасақ
америкалықтар арасында афроамерикалықтар мен «қара нәсілді /




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет