Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет445/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   529
САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
397
Бұл тәсіл бүкіл ел бойынша қабылданған болатын. Кәсіпорын- 
дар, зауыттар жабылып, жұмыс орындары қысқарады деген қауіпті 
алға тартқаннан кейін жұмысшылар төмен жалақы мен жәрдемақы 
алуға келіссе, қалалар кәсіпкерлерге салынатын салықты төмендегу- 
ге келіскен.
Л И Б Е Р А Л Д Ы Қ ТӘСІЛ: Ү К ІМ Е Т САЯСАТЫ. 
Либералдар жеке табыс эконо- 
микалық әрекеттің жалғыз ғана мақсаты болмауы керек дейді. Оның 
орнына үкіметке жұмысшыларды қорғауды ұсынады. Сонымен қатар 
либералдар (1) үкіметке жақсы жұмыспен қамтамасыз ететін сала- 
ларға инвестиция құюға кеңес береді, (2) жұмысшылардың мүддесін 
қорғау үшін корпоративтік бірігу мен кәсіпорындардың жабылуын 
қадағалайды, (3) АҚШ-та өндірілген тауарларды бәсекеге қабілетті ету 
және шетелдік тауарлардың АҚШ-тағы басымдылығын азайту үшін 
субсидиялар мен қосымша төлемдер бөлуді қолдайды.
Сонымен қатар либералдар жұмысынан айырылғандарды қорғау үшін 
әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қолдайды. Бұл саясат бойынша 
жұмыссыздарға көлемді жәрдемақы беріледі, жұмыстан шығарылған- 
дарды қайта даярлайтын бағдарламалар жасалады және корпорация- 
ның талабымен жұмысшыларға зауыгтың жабылуы жайында алдын 
ала ескертіледі. Мүндай саясат Батыс Еуропада әсіресе Скандинавия 
елдерінде кең таралған.
Ә Л Е У М Е Т Т ІК И Н В Е С Т И Ц И Я Л Ы Қ Т Ә С ІЛ . 
Кейбір бақылаушылар (либе­
ралдар да, консерваторлар да) төмен технологиялы жүмыс орында­
ры - тек қана қаражат үнемдеу үшін, ал жоғары технологиялы жү- 
мыс орындар ақша үнемдеумен қатар білімді жұмысшыларды табу 
үшін шетелге ауысып жататынын айтады (Lohr, 2006). Бұл бақылау- 
шылардың түжырымдауынша, АҚШ-та жоғары табысты жүмыс 
орындарын (ақпараттық технологиялар және медициналық зерт- 
теулер сияқты) сақтап қалу үшін америкалық студенттерді баста- 
уыш мектептен жоғары мекгепке дейін ғылым және математика 
түрғысынан жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет