Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет450/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   529
402
14-ТА РАУ
тіркелді. Демек, туу көрсеткіші 12 адамға артық болғандықтан, элем 
халқы жүзіне 1,2 немесе 1,2 пайыз еселенді. Егер қолдағы қаражатыңыз 
жылына 1,2 пайызбен өсіп отырса, сіз үшін бүл сөзсіз баяу өсім болар еді. 
Алайда халық саны үшін 1,2 пайыздық өсу қарқыны - ғаламшар тұрғын- 
дарының саны 2050 жылы қосымша 2,6 миллиард адамға артады дегенді 
білдіреді.
Адам санының өсімі дүниежүзі бойынша біркелкі болмайтынын 
ескеру керек. 14.1-кестеде көрсетілгендей, бір елдерде өсім жоғары бол- 
са, енді бірінде төмен. Мысалы, Африкадағы баяу дамып жатқан елдерде 
халық саны 30 жылға жетпей екі есеге артуы мүмкін, ал Еуропаның да- 
мушы елдерінде, керісінше, азаяды.
Халық саны, негізінен, кедей елдерде қарқынды өсіп жатқандықтан 
2025 жылга қарай қарапайым адамдардыңтұрмысы бүгінгіден төмендей- 
ді деп болжауға болады. Демографияның түрлі үлгілері қалай дамыды?
Бұрынғы к езең дегі халы қ саны
Адамзат тарихының басым бөлігінде туу және өлім көрсеткіштері 1000 
адамға 40-тан болған. Екі көрсеткіш бірдей болғандықтан халық саны 
баяу өсті. Орта есеппен алғанда, әйел адам өмірінің 20-дан 45 жасқа дейін- 
гі бөлігін дүниеге бала әкеліп, оларды бағып-қағумен өткізеді. Егер әйелі 
мен күйеуі 45 жасқа дейін өмір сүрсе дүниеге шамамен 6-10 бала әкеледі. 
Себебі өмірдің орташа үзақтығы - 30-35 жас болатын. Өмір сүру жасы- 
ның қысқалығы нәрестелердің шетінеу жиілігімен байланыстырылды. 
Нәресте өлімінің коэффициент! - туа салысымен шегінеп кеткен сәби- 
лердің әрбір дүниеге келген 1000 тірі нәрестеге шаққандағы саны. Адам­
зат тарихының көп бөлігінде нәрестелердің 1/4 бөлігінен 1/3 бөлігіне 
дейін бір жасқа жетпей шетінеп кететін. Индустриалдандыруға дейінгі 
қоғамда туу да, өлім де жиі болатын.
Батыстағы дем ограф иялы қ өзгерістер
XVIII ғасырдан бастап Батыс елдерінде бірнеше революциялық өз- 
геріс болды. Біріншіден, өлім азайды, ал туу деңгейі жоғары болды.
14.1-КЕСТЕ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет