Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет465/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   529
14.3-СЫЗВА. АҚШ-тағы халықсанының
өзгеруі
Егер иммиграция мен туу көрсеткіші қалыпты 
деңгейде болса, латынамерикалықтар мен 
азиат нәсілді америкалықтар көбейеді, ал 
испантілді емес «ақ» америкалықтардыңүлес 
салмағы, керісінше, кемиді.
2020
2050
А қ нәсіл
Б а с қ а н ә с іл д е р
Қ а р а н ә сіл
Л а т и н а м е р и к а л ы қ
б а р л ы қ н ә с іл д е р
А з и я л ы қ


ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
415
Қазіргі иммиграциялық тенденцияның салдары экономикалық 
және мәдени салалардан байқалуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткен- 
дей, экономикалықтүрғыдан алғанда иммигранттар АҚШ азаматта- 
рын жұмыссыз қалдырып жатқан жоқ. Бірақ заңсыз иммигранттар 
арзан жұмыс күші ретінде қолайлы болғандықтан, білімі төмендеу 
АҚШ азаматының да жалақысы азаюы мүмкін. Бір экономистер им­
мигранттар жалақы деңгейіне эсер етпейді деп тұжырымдаса, енді 
бірінің есептеуінше, олар АҚШ-тағы жалақыны 3%-ға төмендетіп 
отыр. Әсіресе орта білімділердің табысына қатты эсер етеді (Borjas & 
Katz 2007, Martin and Midgley, 2010). Ал мәдени тұрғыдан алғанда АҚШ 
плюралистік қоғамға айналуы мүмкін. Мәселен, сальса мен футбол, 
қазір хот-дог пен бейсбол сияқты танымал. Алайда жаңа иммигрант- 
тар бұған дейінгі латынамерикалықтар немесе басқа да қоныс ауда- 
рушылар сияқты әлі де Америка қоғамына кірігіп кетіп жатыр (Alba 
& Nee, 2003).
Ішкі миграция
Соңғы уақытқа дейін АҚШ-та мемлекеттің бір бөлігінен екіншісі- 
не көшу басқа елдерге қарағанда жоғары болатын. Алайда бұл жағ- 
дай экономикалық құлдыраудан кейін өзгерді. 2010 жылы қоныс ау- 
дарғандардың үлесі соңғы 60 жылдағы ең төмен көрсеткішке сәйкес 
болды. Өйткені көп адам тұрған жеріндегі үйін сата алмағандықтан, 
елден шыға алмай әлек болды. Мұның тағы бір себебі - көпшілік жұ- 
мысынан немесе жинаған қорынан айырылып қалып жатыр, сон- 
дай-ақ банктердің ипотекалық несие беру шарттары күрделенген. Ал 
енді бірі баспана бағасы тым төмендеп кеткендіктен ұтылып қалудан 
үрейленеді. Негізінде, соңғы онжылдықтарда алғаш рет орталық қа- 
лаларда өмір сүретін халық санының аздап өсуінің бір себебі осы бо- 
луы мүмкін (Mather, Pollard and Jacobsen, 2011).
АҚШ-тағы ішкі миграцияның ең жарқын мысалы - 2005 жылы 
«Катрина» дауылынан қашып 1 миллион адам көшіп кеткен. 2005 
жылға дейін Жаңа Орлеан ұзақ уақыт бойы құлдырап келген қала еді. 
Дауылдан кейін ахуал одан бетер қиындай түсті. Су тасып, үйлер мен 
ғимараттар қирады. Канализация жүйесі және электр желісі сияқты 
негізгі қызметтер үзілді. Салдарынан тұрғындардың көп бөлігі қа- 
ладан көшіп кетті. Жағдай жақсарған соң біразы қайта оралғанымен 
қала халқының саны дауылға дейінгі көрсеткіштен 40 пайызға төмен 
күйінде қалды. Қашқан босқындардың қалаға қайтып келгені бар, 
басқа жақта тұрақтағаны бар апатқа дейінгі жағдаймен салыстырған- 
да кедейленіп кетті. Олардың көбі әлі де уақытша паналау үшін ойлап 
табылған «жылжымалы» үйлерде өмір сүреді.
Жаңа Орлеан оқиғасы, әрине, сирек кездесетін жағдай. АҚШ-тағы 
ішкі миграцияның тарихи көлемдісі - урбанизация - халықтың кіші 
қалалар мен ауылдардан үлкен қалаларға ағылуы. Америка тарихын- 
да қалалық аймақтар, ауылдық аймақтарға қарағанда тез дамып, 
кеңейе түсті. Алайда шамамен 1970 жылдардан бастап жагдай өзге- 
ре бастады. Қазіргі таңда ішкі миграцияда негізгі үш тенденция бар: 
жылы жағажайлы аудандардың дамуы, субурбанизация және қала 
маңындағы кейбір аудандардың қарқынды өзгерісі.
1970 жылдан бастап адамдар Орталық Батыстан және Солтүстік 
шығыс штаттардан Оңтүстік пен Батысқа біртіндеп жылжи бастады. 
Еңбекке жарамдылар жұмыс іздеп, ал зейнеткерлер жаймашуақ жер- 
ге кетті. Көптеген қалалар да осы аймақтарда құрылды. Алайда жұ- 
мыс орындарының қысқаруы мен түрғын үй бағасының төмендеуінен 
бұл аймақтағылар көп жапа шекті. Сол себепті де қазір халқы азайып 
жатыр.
Урбанизация - халықтың шағын 
қалалар мен ауылдардан үлкен 
қалаларға ағылуы.


416


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет