Символдық интеракционизм теориясы
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да элеумет-
тік құрылымдарды және олардың арасындагы байланыстарды зерт-
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
43
тейді. Алайда екі теорияның бұл байланыстар туралы айтар пайым-
дары әртүрлі.
Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және олар-
ға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық
интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция
теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің
субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын про-
цестерді қарастырады (Страйкер, 2008). Бұл теория адамдардың өзара
әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерт-
тегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы -
осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясының
тужырымдары
Символдық интеракционизм теориясы
галымдарының пайым-
дауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысан-
дықтұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1.
Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың
я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді
сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол
мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қаты-
нас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа
тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылда-
маймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағына-
сын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.
Символдық интеракционизм теориясын қрлдану
Осы үш тұжырым символдық өзара әрекетті зерттейтін ғалымдардың
өзара қарым-қатынастар мен әлеуметтік қүрылымдардың адамдарды
қалай қалыптастыратынын түсінуіне жағдай туғызады. Мысалы, әйел-
дерге қатысты зорлық-зомбылықты зерттеген интеракционистер хок
кей ойнағанда басқаларды ұрғаны үшін мақтау естіген, өзін мазақтаған
баланы әкесіне айтып сазайын бергізген, өзі де ағаларынан таяқ жеп өс-
кен бала агрессияны еркекке тән табиғи қасиет деп қабылдайтынын ай-
тады. Сондай-ақ символдық интеракционистер мүғалімдердің мектеп
ауласындағы жұмысты үлдарға тапсырып, сыныпта ұл баланың қызды
мазақтауына жол беру арқылы қыздардыц ұлдардан әлсіз екенін дәріп-
тейтінін аңдамайтынын айқындады. Кейбір зерттеушілердің айтуын-
ша, бұл әрекеттер кейін әйелдерге қарсы әлімжеттікке жол ашады.
Бұған қоса, символдық интеракционистер адамдардың қарым-
қатынастарды қалайша белсенді түрде өзгертетінін және қалайша
келісімге келетінін анықтайды. Бір отбасында тәрбиеленген екі бала
неліктен бір-бірінен өзгеше болып шығады? Теорияшылардың ай-
туынша, мүның бір себебі - тіпті бір отбасында өскен балалардың
өздері қарым-қатынастар мен оқиғаларды әртүрлі сезінеді және олар-
дың мән-мағынасын әркелкі қабылдайды.
Интеракционистер көбіне бала кезінен бастап қартайғанға де-
йінгі өмірінде қарым-қатынастар адамды қалай өзгертетініне назар
аударады. Символдық интеракционизмнің ең ұтымды тұсы сол: ол -
өмірімізге, өз-өзімізді түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынас пен ке-
ліспеушіліктерді бағалауға үлкен әлеуметтік құрылымдардың қалай
эсер ететінін зерттейді.
Символдық интеракционизм
теориясы - ортақ мәндердің
қалыптасып, дамуына ықпал
ететін адами әрекегтер мен
процестердің субъективті
мән-мағыналарын зерттеумен
айналысады.
|