Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет153/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Divine Providence
(«Құдайдың Қасиетті 
Болжағыштығы») атты доктринасындағы өз таңдауын философтардың 
Құдайы ретінде белгілейді. Құдайдың бар болуы тіршіліктің кез келген 
фактісі, басқа да ғылыми түрде көрсетілуі мүмкін. Әлемнің құрылуы 
кездейсоқ болмауы мүмкін, алғашқы әрекет етуші және Қорғаушының 
бар екендігіне сене отырып жасалынды. Алайда Лессиудың Құдай туралы 
түсінігінде христиандық бағыт еш көрінбейді, ол өзімен бірге ғылыми факт 
көрсетті, яғни оны кез келген ақыл-ойы дұрыс адам баласы түсіне алатын 
факт. Лессиу өз әңгімелерінде Иса туралы болар-болмас сөз қозғайды. 
Оның ойынша, Құдайдың бар екендігін философия және салыстырмалы 
дінмен қатар саналылық қарапайым күнделікті бақылаудан, шығаруға 
болатындығын көрсетеді. Ғалымдар мен философтар Құдайды діни тұрғыдан 
алып қарағанда, құндылығы аз материалдық бір түр ретінде қарады. Фома 
Аквинский; Құдай басқа нәрселерден ең жоғары әрі қасиеттісі болса да, 
Оның бар екендігі дәлелденген тізбектердің бірі ретінде көрінуі мүмкін, 
алайда адамгершілік тұрғысынан, философиялық пікір-таластардың өзінің 
жеке ғибадатындығы мистикалық Құдайға ешқандай қатысы жоқ екеніне 
сенімді болған. Сонымен қатар, XVII ғасырдың басында өз заманының 
алдыңғы қатарлы жетекші теологтары мен шіркеу қызметкерлері Құдайдың 
өмір сүріп жатқандығын толықтай дәлелдеп, саналы түрде талқылауларын 
бүгінгі күнге дейін жалғастырды. Олардың аргументтері жаңа ғылым 


409
тарапынан жоққа шығарылған кезде, Құдайдың бар екендігіне күмәнмен 
қарайтындар да көбейеді. Құдай туралы идея ақиқаттың нышаны ретінде 
емес, болмыстың басқа бір дерегі сипатында алға тартылады. Лессиус тәрізді 
дінтанушылардың еңбектері айқын көрсеткендей, Еуропа жаңа дәуірге 
қарышты қадаммен бет алған кезде теологтардың өзі болашақ атеистердің 
қолына қару ұстатып, олардың адамдарға үміт пен сенімның орнына 
қорқыныш сыйлайтын, дін тұрғысынан еш пайдасы жоқ Құдайдың бейнесін 
терістеулеріне жол ашып берген. Реформациядан кейін христиандар 
философтармен және ғалымдармен бірлесіп, мистиктер қиялында жүрген 
Құдайдан батыл түрде бас тартты және «ақылмен танылатын» Құдай арқылы 
көкірек көзін ашуға тырысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет