Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет155/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Прогресс 
(Ілгерілеу) атты жаңа миф үстемдік 
құра бастады. Соның арқасында ұлы жетістіктер дүниеге келді; бірақ ескі 
тіршілік дағдысы секілді, қазіргі заманда оның қоршаған ортаға тигізген 
зияны бізге бұл тіршілік салтының да осалдығын көрсетіп отыр. Бәлкім, 
ғасырлар бойы адамзатқа шабыт сыйлаған басқа мифологиялар сияқты, 
мұның да алдампаз қиял жемісі екендігін аңғара бастадық. 
Барша әлеуетті қор пен өнертабыстың бір жерге шоғырлануы адамдардың 
басын біріктіргенімен, жаңа кәсіптерге мамандану оларды қайтадан 
жолайырыққа тіреді. Осыған дейін әр терең білімпаз адам барлық саладан 
хабардар болатын. Мысалы, мұсылман 
файласуфтары
медицина, философия 
және эстетиканы қатар игерді. Расымен де, 
фалсафа
шәкірттерге болмыстың 
сырын тұтас қамтиды деп есептелетін дәйекті және жан-жақты мәлімет 
ұсынды. Батыс қоғамының ерекше белгісіне айналған кәсіби мамандану 
үдерісі он жетінші ғасырға қарай айқын сипатқа ие болды. Астрономия, 
химия мен геометрия түрлі салаларға ажырап, олардың әрқайсысы бір-біріне 
тәуелсіз қалыпта және өз бетінше тіршілік ете бастады. Соның салдарынан 
бүгінгі күні бір саланың білгірі басқа саладан мүлде хабарсыз болатын 
жағдайға жеттік. Сөйтіп, әрбір зор білімпаз өзін дәстүрдің сақтаушысы емес, 
ізашар тұлға ретінде сезінеді. Ол жұмыр жердің бейәмәлім түкпірлеріне 
табаны тиген теңізші сияқты еді. Қоғам үшін бұрын-соңды игерілмеген 
тылсымға тәуекелшілдікпен бой ұрды. Жұмбағы ашылмаған тың нәрселердің 
төркінін тануға қиялы жетіп, соның барысында ескі құндылықтарды қиратқан 
жаңашыл жандар мәдени қаһарманға баланды. Адамзаттың бойында жаңа 
үміт оянды: екі аяқты пенде бұрын өзінің қол-аяғын бұғаулап келген табиғи 


414
ортаға орасан зор ауқымда билік жүргізе бастады. Адамдар кемел білім 
мен әділ заң адам санасына сәуле себетіндігіне сенді. Өз бойларына табиғи 
түрде дарыған қуаттың барлығына иланған адамдар ағартушылыққа жеке 
қабілетімен қол жеткізе алатындығына күмәнданбады. Олар ақиқатты 
тану үшін атадан балаға мирас болған дәстүрге, сауат беретін ұйымдарға 
немесе көзі ашық қауымға, сондай-ақ Құдайдан келген уахиға жүгінуді 
қажетсінбейтін астамшылық сезімді бастан кешті. 
Бірақ кәсіби маманданудың қайнаған ортасына түсіп кеткен адамдар 
барған сайын дүниені тұтастай қабылдай алу қабілетінен айырылды. 
Нәтижесінде жаңашыл ғалымдар мен зиялылар ескі қағидалардан арылып, 
тыңнан тіршілік жасау мен дін ұйымдарын құруға қажеттілікті сезінді. Олар 
жаңа мазмұндағы білім мен артып келе жатқан еңбек өнімділігі болмыс 
туралы дәстүрлі христиан түсініктерін заман талабына сай қайта қарап, 
соған бейімдеуді талап ететіндігін түйсінді. Эмпиризм жаңа ғылымның 
өзегіне айналды; ол тек қана бақылау мен тәжірибеге сүйенетін еді. 
Біз 
фалсафа 
рационализмінің әуелден ғаламның рационалдығы туралы 
сенімге негізделгенін білеміз. Керісінше, Батыс ғылымы ешнәрсеге 
сенген жоқ; оның ізашарлары қателіктер жіберуге тәуекел етті, тіпті Інжіл, 
Шіркеу мен христиан дәстүрі сияқты құндылықтар мен құрылымдарды 
терістеуге дейін барды. Құдайдың барлығына қатысты көне «дәлелдер» 
енді оларды қанағаттандырмады; қарадүрсін (эмпирикалық) тәсілге құмар 
жаратылыстанушылар мен философтар, мәселен, басқа көзге көрінетін 
құбылыстарды бақылайтыны секілді, Құдайдың да шынымен бар екендігіне 
көз жеткізгісі келді. 
Атеизм әлі де жеккөрініш сезімін қоздыратын. Ілгеріде біз Ағартушылық 
дәуір 
философтарының
көбі іштей Құдайдың барлығына шәк келтірмегендігін 
көреміз. Дегенмен, Құдайдың нақты дерегіне күмәнмен қарайтындар да 
пайда бола 
бастады
. Мұны алғашқылардың қатарында жіті түсініп, атеизмге 
байсалды түрде назар аударғандардың бірі француз физигі, математигі 
және теологы Блез Паскаль (1623-1662) болатын. Ол аурушаң болып, басқа 
құрбы-құрдастарынан ерте жетілгендігімен ерекшеленді. Он бір жасар 
Блездің жасырын түрде Евклидтің алғашқы жиырма үш тұжырымын өз 


415
бетінше шешкенін білген ғалым әкесі оны өз тәрбиесіне алды. Блез он 
алты жасында геометрия туралы еңбегін жариялады. Рене Декарт сияқты 
ғалымдар жасөспірім баланың осындай жұмыстың авторы екендігіне сенгісі 
келмеді. Соңыра Паскаль есептегіш құралды, барометр мен гидравликалық 
құрылғыны ойлап тапты. Паскальдың үй-іші аса бір діндар емес еді, бірақ 
1646 жылы янсеншілікті қабылдады. Блездің қарындасы Жаклин Париждің 
оңтүстік-батысында орналасқан янсендік Порт-Рояль монастырына кіріп, 
кейіннен осы католиктік сектаның ең жанкешті уағызшыларының біріне 
айналды. 1654 жылдың 23 қарашасында Блездің өзі «кешкі сағат он 
жарымнан түнгі бір жарымға дейін» созылған бір діни әсерді бастан өткерді. 
Осының арқасында ғалым өз сенімінің қасаң және салғырт екенін сезді. 
Қайтыс болғаннан кейін Паскальдың күртешесінен бұл толғаныс жайындағы 
«Memorial» («Естелік») табылды: 
От 
Ибраһимнің Құдайы, Исхақтың Құдайы, Йақұбтың Құдайы. [Шығ. 
3:6; Мат. 22:32]. 
Философтар мен ғалымдардың Құдайы емес. 
Сенімділік. Сенімділік. Сезім.
Қуаныш.
Әлем.
Иисус Христтың Құдайы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет