422
Декарт Рим Католик шіркеуінің ережелеріне мойынсұну мәселесіне
әрқашан мұқият қарайтын және өзін православ христианмын деп санады.
Сенім мен ақыл арасында қайшылық көрмеді. «Әдіс туралы пайым»
кітабында
адамзаттың
бүкіл
ақиқатқа жетуіне жол ашқан бір жүйенің бар екендігін
алға тартты. Одан тыс түсіндірілетін бір нәрсе жоқ. Ең керегі, әр ілімге тәсілді
қолдану еді. Осыдан кейін ғана шатасу мен надандығы сейілтетін жарамды
білім шоғырының бөліктерін бір жерге әкелуге мүмкіндік туар еді. Құпия
тылсым шым-шытырық жағдайға келді және бұрынғы рационалистер басқа
құбылыстардан бөлуге тырысқан Құдай енді адам дүниетанымының ішіне
кірді. Мистицизм шынымен де Реформацияның догмалық дағдарысынан
бұрын Еуропада тамыр жаятын уақыт таппады. Сондықтан мистика мен
мифологияда бой көрсеткен руханилықтың бұл түрі және атынан да көрініп
тұрғандай, олармен құрған терең байланысы Батыстағы көп христиан үшін
жат еді. Декарттың шіркеуінде де мистиктер аз болатын және олар туралы
халық жағымсыз пікірде-тұғын. Болмысты діни тәжірибеге апарып тіреген
мистиктердің Құдайы пікірлерді толығымен ми еңбегінің нәтижесі ретінде
түсінген Декарт сияқты адамға барынша жат болатын.
Құдайды өз механикалық жүйесіне дейін төменшіктетіп көрсеткен
ағылшын физигі Исаак Ньютон (1642-1724) да христиан дінін мистикадан
құтқару мәселесінде дәл осылай уайым шекті. Оның әдепкі сүйенгені
математика емес, механика еді; өйткені бір ғалым геометрияны меңгермей
тұрып, қатесіз сызуды үйренуі тиіс еді. Содан кейін өзінің, Құдайдың
және табиғи әлемнің барлығын дәлелдеген Декартқа, керісінше, Ньютон
физикалық дүниені түсіндіруге талпынысын жүйенің қажетті бір бөлігі
ретінде Құдайдан бастады. Ньютонның физикасында табиғат толықтай
ырықсыз еді: Құдай әрекеттің жалғыз қайнар көзі еді. Осылайша
Аристотельдің түсіндіргені сияқты, Құдай тек қана табиғи, физикалық тәртіптің
жалғасы еді: Атақты
Достарыңызбен бөлісу: