Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет157/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

facilius et certius
) тануға болатынын алға тартты. Әсіресе 
Павелдің өз ішіне қараған ақылдың көрсетуші іш бақылауы үшін алға 
тартқан сыртқы әлемнің куәлігін Декарттың дәлелі жоққа шығарғандықтан, 
бұл өз мәнінде Паскальдің мәселесі сияқты төңкерісшіл сипатқа ие еді. 
Декарт дүниежүзілік математиканың, қисынға сәйкес қарапайым 
қағидаларға немесе алғашқы принциптерге қарай жылжыған тәжірибелік 
тәсілін қолданып, Құдайдың барлығының осындай шешуші дәлелін 
қалыптастыруға кірісті. Алайда Аристотель Әулие Павел мен барлық ескі 
бірқұдайшыл философтарға керісінше, әлемді толығымен Құдайсыз деп тапты. 
Табиғатта бір тәртіп жоқ. Шындығында, әлем ретсіз; ақылмен ой толғаудың 
бір нышанын да көрсетпейді. Сондықтан біздер үшін табиғаттан бастау 
алған алғашқы принциптерге қатысты қандай да бір нақты нәтиже шығару 
мүмкін емес. Ықтимал нәрселермен айналысуға Декарттың уақыты жоқ 
еді: математиканың мүмкіндіктерін пайдаланып, бір шындықты дәлелдеуге 
талпынып жатты. Бұл «жасалған нәрсе жасалмаған болып қалмас» сияқты 
бас тарту қиын сипатта дұрыс, қарапайым және ашық; жоққа шығарғанша 
дұрыс ұсыныстарда да болатын еді. Сондықтан пештің қасында ойға шомып 
отырып, атақты қанатты сөзін айтты: 
Cogito, ergo sum; 
ойланамын, демек өмір 
сүремін. Шамамен мың екі жүз жыл бұрын өткен Августин сияқты, Декарт та 
Құдайдың дәлелін адам санасынан тапты: Тіпті күмән да күмәнданушының 
бар екендігінің айғағы бола алады! Сыртқы әлемдегі еш нәрседен сенімді 
бола алмаймыз, бірақ өзіміздің ішкі тәжірибемізге сеніміміз бар. Декарттың 
464
Римдіктерге
i
. 19-20. 


420
тұжырымы – Ансельмнің онтологиялық дәлелін жаңадан қарастыру деген 
сөз. Күмәнға келген кезімізде Меннің шектеулі және таусыншақ құрылымы 
ортаға шығады. Алдымен «мінсіздік» туралы түсінігіміз болмаған болса, 
«кемшілік» ойына да қол жеткізе алмаймыз. Ансельм сияқты, Декарт та 
болмайтын бір мінсіздіктің кереғар екендігі туралы ойға келді. Осы себептен 
шүбәлануымыз бізге ұлы және мінсіз болмыс – Құдайдың бар екендігін 
көрсетеді. 
Декарт математикалық дәлелдер қолдану арқылы тәжірибесінің бұл 
айғағында Құдайдың болмысына қатысты фактілерді шығаруын жалғастыра 
берді. 
Discourse on Method 
(«Әдіс туралы пайымдар») атты шығармасында 
айтылғандай, «кемел бір Құдайдың барлығы, қандай да бір геометрия дәлелі 
сияқты нақты»
465
. Евклидтің теоремасында бір үшбұрыштың бұрыштарының 
екі тік бұрыштың жиынтығына тең болуы керектігі сияқты, Декарттың 
мінсіз Құдайы да белгілі бір сипаттарға ие болуы тиіс еді. Тәжірибелер 
бізге әлемнің объективті бір шындық екенін және дұрыс сөзді болуы керек 
болса, мінсіз Құдайдың бізді алдамайтындығын айтады. Сондықтан Декарт 
Құдайдың барлығының айғағы ретінде әлемді пайдаланудың орнына 
әлемнің шындығының ішінде оған илану үшін Құдай тұжырымын қолданды. 
Өз жолында Декарт Паскаль сияқты дүниеден бойын тартты. Әлемге қолын 
созудың орнына, ақылы оны кері шегіндірді. Құдай идеясы адамға өзінің 
тіршілігі мәселесінде нақтылық көрсетсе де, осы себептен Декарттың білім 
теориясының негізі болса да, бұл тәсіл біздің ғасырымыздың Батыстың адам 
символына орталық қалыптастыратын қарапайым және еркіндік бейнесін 
ортаға қойды. Әлемді жатсыну және менмендік мақтанышы көптеген адамды 
тәуелді болу шартына төменсіткен Құдай идеясын түгелдей терістеуге 
итермелейді. 
Дін әуел бастан адамдардың әлеммен байланыс орнатуына және оған 
тамыр жаюына жәрдем берді. Киелі жер культі әлемдегі басқа идеялардан 
басым түсті және қорқынышты дүниеде адамдардың бір табан тірейтін 
орын табуына көмектесті. Табиғи күштерді құдай санау адамның әрқашан 
465 Rene Descartes, A Discourse on Method etc., 
ауд
. J. Veitch (London, 1912), 2.6.19. 


421
дүниеге үн қатуының бір бөлігі болған қорқыныш пен таңғалыс сезімдерін 
көрсетті. Августиннің өзі де рухының тартқан азабына қарсы әлемді 
таңғажайып сұлулық мекені ретінде көрді. Философ Августиннің өзін-өзі 
бақылау қағидасына сүйенген Декарт таң қалуға еш уақыт таппады. Қалай 
болғанда да, тылсым сезімнен жырақ тұру қажет еді, өйткені бұл өркениетті 
адам бір кезде тастап кеткен сананың қарабайыр ахуалын көрсететін еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет