Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шамаларды айтады. Оған қысым, көлем, температура жатады. Термодинамикалық процесс дегеніміз қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Барлық макроденелер микроденелерден (атомдар мен молекулалардан) тұрады.
Менделеев-Клапейрон теңдеуі
Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев –Клапейрон теңдеуі деп аталады.
Универсал газ тұрақтысы дегеніміз заттың 1 молінің температурасы 1К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама:
Изопроцестер-газ заңдары
Термодинамикалық жүйеде бір макроскопиялық параметрі тұрақты, ал қалған екеуі тұрақты болмаса, онда оны: изопроцестер деп аталады.
Изотермиялық процесс
Температура тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеруін изотермиялық процесс дейміз.