Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет30/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

элохим
], 
Құдай – жалғыз 
(эхад)
, бар.
Құдайыңды жақсы көр, бүкіл жүрегіңмен, бүкіл жаныңмен, барлық 
күшіңмен.
Саған Мен бүгін өсиет етіп тұрған осы сөздер жүрегіңде болғай
71
.
Израилды Құдайдың таңдауы оны 
гойимдар
дан
 
оқшаулады, сондықтан 
мәтін авторы Мұсаға мына талаптарды сөйлетті: Уәде Етілген Жерге 
келісімен, Оның халқы жергілікті халықтармен байланысқа түспеуі керек – 
«олармен одақ құрма және оларды аяма»
72
. Аралас некеге де, қарапайым 
әңгімелесуге де тыйым салынды. Бірақ, ең алдымен, израилдықтар ханаан
-
дық дінді жермен-жексен жоюы керек болды. «Олардың құрбандық орын
-
дарын бұзыңдар, бағандарын қиратыңдар, ағаштарын кесіңдер де, пұттарын 
өртеңдер, - деп шақырды Мұса. – Өйткені сен Жаратушы Құдайыңның [Яхве, 
біздің 
элохимнің] 
қасиетті халқысың; сені Жаратушы Құдайың жер бетіндегі 
басқа халықтардың ішінен өзінікі болсын деп таңдады»
73
.
Шеманы 
бүгін қайталай отырып, иудаистер оны монотеистік тұрғыдан 
71
Қайт
заң
. 4:4–6.
72
Қайт
заң
. 7:2.
73
Қайт
заң
. 7:4–5.


84
талқылайды: Жаратушымыз, біздің Құдайымыз – жалғыз. Алайда «Қайта
-
ланған заң» авторы мұндай биікті бағындырмаған. «Яхве 
эхад»
онда «Құдай 
– жалғыз» дегенді білдірмеген еді; Яхве тек сыйынуды керек еткен бір 
Құдай болды. Басқа құдайлар бұрынғыша қауіпті болып қала берді: олар
-
дың культтері тартымды болып, израилдықтарды Яхведен бас тартқызулары 
мүмкін еді; ал Ол қызғаншақ Құдай болатын. Егер Израил Оның заңдарына 
бағынатын болса, онда Ол оларды жарылқап, әл-ауқатты етеді; олай бол
-
маған жағдайда еврейлерді қорқынышты жаза күтіп тұр:
...Иеленуге бара жатқан жерлеріңнен қуыласыңдар.
Құдайың сені жердің мына шетінен ана шетіне, барлық 
халықтардың арасына таратып жібереді, сол жерде саған да, 
аталарыңа да, ағаш пен тасқа, беймәлім құдайларға қызмет 
етесіңдер. […]
Өмірің дәл алдыңда ілініп тұрады, күні-түні дірілдеп, 
өміріңе сенімсіз боласың.
Денеңді жайлаған жүрегіңнің дірілінен, көргендеріңнің 
себебінен, таңертең сен: «о, кеш келсе екен!», ал кешке: 
«о, таң атса екен!» дейсің.
74
Жетінші ғасырдың соңында Иосия патша мен оның қарамағындағылар 
осы сөздерді естіген тұста, израилдықтар келесі саяси қауіптің қарсаңында 
тұрған еді. Осының алдында олар ассириялықтардың бетін қайтарып, ақы
-
ры бәрібір Мұсаның болжаған жазасына ұшыраған он солтүстік тайпаның 
тағдырынан өздерін аман сақтады. Бірақ б.д.д. 606 жылы Бабыл патшасы 
Навупаласар ассириялықтарды талқандап, өз империясының негізін қала
-
уға кіріседі. 
Ертеңгі күнге сенімсіздік жағдайында «Қайталанған заң» идеологиясы 
адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы 
екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратты да, Иосия патша өзгерістер 
74
Қайт
заң
. 28:63–67.


85
жасауға дереу және құлшыныспен кірісті. Сол сәтінде ғибадатханадағы бей
-
нелер, пұттар мен құнарлылық символдары түгел сыртқа шығарылып, отқа 
жағылды. Бұған қоса, Иосия киелі орыннан Асираттың үлкен мүсінін шыға
-
рып тастады және ғибадатханалық жезөкшелердің әйел құдайға арнап киім 
тігетін бөлмелерін қиратты. Бүкіл елде пұтқа табынушылық орталықтарына 
айналған көне ғибадатханаларды жою қолға алынды. Тазартылған Иеруса
-
лим ғибадатханасында бұдан былай діндарларға тек Яхвеге арнап құрбан
-
дық шалуға рұқсат етілді. Иосия реформаларынан үш ғасыр өткеннен кейін 
қолына қалам алған жылнамашы осы бір сұрапыл діндарлықтың екпінін 
тілінің майын тамызып суреттейді:
Оның [Иосия] дәл алдында Ваалдың құрбандық шалу орындары 
мен олардан биік тұрған мүсіндерді қиратты; арнау 
ағаштарын да кесті, оюлап және құйып істеген пұттарды да бұзды, 
оларды күл-талқан етіп қиратты да, құрбандық шалғандардың табыт
-
тарына төкті.
Абыздардың сүйектерін құрбандық орындарында өртеп, Иудея 
мен Иерусалимді тазалады. 
Манассия, Ефрем, Симеон қалаларында да, тіпті Неффалим тайпала
-
рында да, олардың қаңыраған маңайында да жалғастырды.
Ол құрбандық орындары мен арнайы ағаштарды да күйретті, олар
-
дың пұттарын күл-талқан етті де, Израил жеріндегі барлық мүсіндерді 
қиратып тастады…
75
.
Құдайлардан әрі биіктеп кеткен Будда оларға жайбарақат қарым-қаты
-
насына жасайтын; енді осыған мүлде қарама-қайшы жағдай төбе көрсетті. 
Аяусыз қиратудың астарында жеккөрініш жатты, ал ол өз кезегінде күйзелі
-
стен туған абыржу мен үрейден тамыр тартты. 
Реформаторлар Израилдың бүкіл тарихын қайта жазып шықты. Иисус На
-
вин, Қазылар мен Патшалықтар туралы тарихи кітаптар жаңа идеологияға 
75 2 
Пар
. 34:4–7.


86
сәйкес келетіндей етіп өзгертілді. Кейін Бес кітап түзетушілері әлемге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет