82
Тәуратта жеккөрінішпен суреттелуіне қарамастан, пұтқа табынушылықта
қорқынышты ештеңе жоқ еді. Ерекше махаббатпен
жасалған құдай бей
-
несін берілмейтін ақиқатты кейіптеген пұтпен шатастырып алғанда ғана ол
нақұрыс және сорақы көрінетін. Кейіннен яхудилер, христиандар мен мұ
-
сылмандар абсолютті ақиқаттың дәл осындай
символдарын дамыта келе,
индуистік және буддистік көзқарастарға жақын идеяларға ойысты. Деген
-
мен, мұндай адамдар саусақпен санарлықтай аз еді; қалғандары ондай тал
-
пынысқа құлық танытпады; олар өздерінің Құдай туралы түсініктері Оның
жоғары құпиясымен дәл үйлеседі дегенге аңғалдықпен сенді.
«Пұттар» дінінің қауіптілігі яхуди патшасы Иосияның билік құрған зама
-
нында, б.д.д. 622 жылға қарай айқындала бастады. Ол Яхвемен қатар хана
-
андық құдайларға сыйынуды қолдаған өзінің ізашарлары Манассия (б.д.д.
687–642 жж.) мен Амонның (б.д.д.642–640 жж.) алабажақ қисынан өзгерту
-
ді армандайды. Тіпті Манассия ғибадатханаға Асираттың бейнесін орнатып,
оның айналасында құнарлылық культі өркен жайған еді. Израилдықтардың
көп бөлігі Асиратты құрмет тұтып, тіпті оны Яхвенің жұбайы деп иланған
-
дықтан, бұл салттарда Құдайды кемсіту бар деп тек сеніміне шын берілген
иеговалықтар ғана ойлады. Алайда Иосия Яхве культін нығайтуды көздеп,
ғибадатханада жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмысшылар еденнен бастап
төбеге дейін барлығын қайта жаңалап жатқан кезде, басты дін қызметшісі
Хелкия Мұсаның Израил ұрпағына оқып берген соңғы уағызы туралы хикая
баяндалған ескі қолжазбаны тауып алады. Хелкия кітапты патшаның көшір
-
мешісі Шафанға береді, ал ол оны Иосияға дауыстап оқып береді. Оқиғаны
ақырына дейін тыңдаған жас патша ауыр тебіреніске түсіп, үстіндегі киімін
жыртады: Яхвенің оның ата-бабаларына
неліктен ашулы болғаны енді
түсінікті болды: олар Мұсаның бұлжымас өсиеттерін толық бұзған екен!
70
.
Хелкия тапқан «заң кітабының» Тәураттың аса маңызды мәтіндерінің бірі
болғандығына еш күмән жоқ. Қазір бұл мәтін «Қайталанған заң» деп атала
-
ды. Дінді қайта жаңартушылардың қолына дөп түскен бұл «табылым» тура
-
сында түрлі жорамалдар айтылған. Тіпті бәзбіреулер кітапты құпия түрде
70 4
Пат
. 23:3–13; 2
Пар
. 34:14–21.
83
Хелкия мен Шафанның өздері жазды деп есептеген; оған Иосия жиі кеңесіп
тұрған көріпкел әйел Алдама (Олдана) көмектескен-мыс. Бізге нақты белгілі
ештеңе жоқ, бірақ бұл кітап жетінші ғасырдағы израилдықтардың соны си
-
паттағы төзімсіздігін бейнелейтіні сөзсіз. Мұса өзінің соңғы уағызында өси
-
етті жаңа негізгі қағидамен – Израилды Құдайдың таңдағаны
идеясымен
толықтырады. Яхве өзінің жұртын басқа
халықтардан жақсырақ болған
-
дығынан емес, оған деген үлкен махаббатының арқасында даралайды.
Есесіне Ол Өзіне толық мойынсұнуды және басқа құдайлардан мүлде бас
тартуды талап етті. «Қайталанған заң» өзегінде кейін иудаистер үшін сенім
символына айналған мына сөздер тұрды:
Тыңда
(шема),
Израил: Құдай, біздің Құдай [Яхве – біздің
Достарыңызбен бөлісу: