Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет37/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

мицвотты 
қатаң сақтады. Фи
-
лон өз Құдайының гректердің Құдайымен сәйкессіздігін байқамаған болуы 
да мүмкін. Әйтсе де, оның Құдайы дәстүрлі Яхвеге мүлде ұқсамады. Ең ал
-
дымен Филонды Тәураттың тарихи кітаптары абыржытқан сияқты; сол се
-
бепті ол ұятты оқиғаларды ишаралы аллегорияларға айналдырды (Аристо
-
110
Прем
. 7:25–26.


106
тельдің тарихты философиядан әлдеқайда төмен қойғанын еске алайық). 
Филонның Құдайы қандай да бір адами сипаттардан ада: мәселен, Құдайды 
«ашуланып тұр» деп айтудың еш қисыны жоқ. Құдай туралы біз бір ғана 
нәрсені білеміз: Ол бар. Басқа жағынан алып қарасақ, яхуди ретінде Филон 
Құдайдың Өзін пайғамбарларға көрсеткеніне сенген. Бұл екі нәрсені өзара 
қалай сыйыстыруға болады? 
Филон бұл мәселені шешті. Ол үшін Құдайдың мүлде танылмайтын бол
-
мысы 
усия (ousia)
мен философтың өзі «күштер» 
(dynameis)
немесе «энер
-
гиялар» 
(energeiai) 
деп атаған
 
Құдайдың жердегі әрекеттері арасындағы 
маңызды айырмашылықты нақты көрсетті. Жалпы алғанда, бұл 
Р 
мен «Да
-
налық» авторының мынадай ұйғарымына ұқсайды: шын Құдайды дәл Өз 
қалпында біз ешқашан тани алмаймыз. Филонның айтуынша, Құдай Мұсаға 
былай дейді: «Менің Мәнім адамдық болмысты, ақиқатында, тіпті көк жүзі 
мен барлық ғаламды сыйдырғаннан да үлкен»
111
. Біздің ақылымыз шекте
-
улі болғандықтан, Құдай Өзінің платондық құдайлық пішіндерге тең ке
-
летін «күштерін» қолданады (бұл мәселеде Филонды дәйектілік сақтады 
деп айта алмайтынымыз анық). Міне, адам түсінігі жететін бірден-бір ұлы 
ақиқат дегеніміз осы. Платон мен Аристотельде Алғашқы Бастаудан өріс 
ашқаны секілді, Филонда ол Құдайдан шығады. Әсіресе келесі екі күштің 
маңызы зор: Филон оларды Патшалық (ол Құдайды әлемдік тәртіп арқылы 
танытады) және Шығармашылық (мұнда Құдай адамдарға сыйлайтын жақ
-
сылықтары арқылы көрінеді) деп атайды. Біріншісін де, екіншісін де мәңгі 
құпияға оранған Құдайлық болмыспен 
(усия)
шатастыруға болмайды. Құдай 
күштері бізге мүлде танылмайтын ақиқаттың жарқыншақтарын ғана байқа
-
уымызға мүмкіндік береді. Арасында Филон Патшалық және Шығармаша
-
лық күштермен бірігіп, Үштік сияқты нәрсені құрайтын Құдайлық болмыс 
(усия)
туралы сөйлейді. Яхве мен екі періштенің Авраамға Мамре емен ор
-
манына жақын жерде келгеніне қатысты оқиғаға өз түсіндірмесін берген 
Филон мұны Құдайлық 
усия 
(Құдай нақ Өз қалпында) мен екі негізгі күштің 
аллегориялық көрінісі деп тұжырымдайды
112
.
111 De Specialibus Legibus, 1:43.
112 God Is Immutable, 62; Life of Moses, 1:75.


107
J-
ді мұндай ойлар таң қалдырған. Жалпы, еврейлер Филонның Құдай ту
-
ралы түсініктеріне сенімсіздікпен қараған. Алайда христиандарға мұндай 
көзқарастардың пайдасы тиді, ал гректер болса, әрі қарай көретініміздей, 
танылмайтын Құдайдың «болмысы» мен бізге Өзін көрсететін «энергиялар» 
арасындағы айырмашылық туралы ойға қатты берілді. Оларға Құдайлық Ло
-
гос туралы филондық теория да қатты әсер етті. Даналық туралы кітаптар
-
дың басқа авторлары сияқты, Филон жаратылыстың әлдебір бас жоспарын 
(логос)
құрған. Логос-жоспар Платонның кемел пішіндер әлеміне сәйкес 
келді. Бұл пішіндер кейіннен материалдық ғаламда жасалды. Бұл мәселеде 
де Филон ақырына дейін дәйекті емес: ол бірде Логосты күштердің бірі десе, 
бірде оны күштерден жоғары қойып, адам танитын Құдайдың үстем идеясы 
деп атайды. Дегенмен Логос туралы ойланған сайын, біз Құдайды тануға еш 
жақындамаймыз, әйтсе де жаңылыс ойдың шегінен шығып, «ойлаудан жоға
-
ры және барлығынан да бағалы, өйткені басқаларының бәрі – тек қана ой» 
деген интуитивті түйсікке ие боламыз
113
. Бұл әрекет платондық толғанысқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет