Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет45/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

гойимға 
да ене алатындығын терісте
-
меген деп жорамалдайды. Бастысы – «сену», сонда әркім одан да көп ке
-
реметтерді: жындарды шығарып, күнәларды кешуді ғана емес, сондай-ақ 
тауды көтеру және оны теңізге тастауды да жасай алады
154
. Шынайы сенген 
152
Мат
. 17:2.
153
Мат
. 17:1–5.
154
Қ
-
з

Мат
. 17:20; Map. 11:22–23.


127
адам өзінің адами әлсіздігі мен пәнилігі Мессия Патшалық әлемін толты
-
рып тұрған Құдайдың әрекетшіл «күштерінің» арқасында түрленетіндігін 
өзі сезінеді. 
Иисус өлген соң шәкірттері оның қайткенде де Құдайға ұқсастығы сенімі
-
нен арылғысы келмеді. Оған бірден табына бастайды. Әулие Павел Құдай 
күштерінің пұтқа табынушылар үшін де қолжетімді екендігіне күмән келтір
-
мейді де, Інжілді Македония, Грекия және қазіргі Түркия жерлерінде уағы
-
здайды. Ол Жаңа Израилға Мұса Өсиеттерін толық орындайтын еврейлер
-
ден басқалары да кіре алатындығына сенімді болды. Бұл Иисустың жақын 
шәкірттерінің ызасын туғызады, олар мейлінше шектеулі, таза яхудилік сек
-
та құрғысы келеді де, қызу таластан кейін Павелді тастап кетеді. Айта кететін 
жайт, Павелдің шәкірттерінің көпшілігі диаспора еврейлерінен құралып, 
«құдайдан қорқушылар» болғандықтан, Жаңа Израил таза яхудилік болып 
қала берді. Павел ешқашан Иисусты «Құдай» деп атаған емес, «Құдай Ұлы» 
дегенде де таза яхудилік мағынаны санаға тұтты; соған қарағанда апостол 
Иисусты Құдай санамаған сыңайлы. Павелдің ойынша, ол тек Құдайдың 
«күштері» мен «Рухына» ие болды; бұлар арқылы Құдай жердегі істерді 
атқарды және оларды танылмайтын Құдайлық Болмысқа теңеудің еш қа
-
жеті жоқ-ты. 
Христиандыққа жаңа кірген пұтқа табынушылар әлемін, әрине, бұл 
мәселелер толғандырған жоқ; уақыт өте берді, бар күшімен өзінің әлсіздігі 
мен пенде екендігін айтқан керемет көрсетушінің бәрін Құдай етіп тын
-
ды. Құдайдың Адамға айналуы доктринасы қашан да иудаистерге ұнамсыз 
көрінетін, кейіннен исламда да бұл дінбұзарлық деп танылды. Ойдан шыға
-
рылған Адамға айналу идеясы бірқатар қауіпті ішіне бүкті; оның үстіне 
христиандар оны тіпті сол күйінше қабылдады. Дегенмен діндер тарихын
-
да «Құдайға айналғандарға» табыну үйреншікті іс болатын; осыған ұқсас 
теологиялық қисындарды иудаистер мен мұсылмандардың да жасағанына 
алдағы бөлімдерде көз жеткізетін боламыз. 
Иисустың таңғаларлық Құдайға айналуын алдын ала шешкен діни пәр
-
мен дәл осы кезде жер бетінің басқа бөлігінде орын алған оқиғалар тіз
-
бегімен танысқан соң түсініктірек болады. Индуизм мен буддизмде Будда 


128
сынды жоғары болмыстарға сыйыну немесе дәстүрлі индуистік құдайларға 
айналу жалпылама қабылданды. 
Бхакти 
деп аталатын жеке тұлғаларға сый
-
ыну түрі адамдардың «адам кейіпті» діндерге деген үлкен ынтасымен түсін
-
дірілді. Дегенмен екі үнді дініндегі әуелгі ереженің айқын түрде өзгеріске 
түсуі екеуінде де түпкі сеніммен қиындықсыз үйлесті, өйткені оның басты 
қағидаларын қабылдады. 
Будда б.д.д.ҮІ ғасырда өлді де, адамдар ол туралы естелік қалдырғысы 
келді; бірақ мүсіндер мен бейнелер орынсыз көрінді. Өйткені Көкірек Көзі 
Ашылған (Нұрланған) нирванаға енгенде әдеттегі мағынасында «тіршілік» 
етпеді. Осы арада Будда-адамға деген махаббат күшейді; осы көкірек көзі 
ашылған тұлға туралы ойға берілуді қалағандары соншалық, б.д.д. І ға
-
сырында мүсіндер пайда бола бастайды. Алғашқыларының бірі Джамнан 
өзеніндегі Гандхар (Үндістанның солтүстік-шығысы) мен Матхурда қойыл
-
ды. Тұлғалықтан ада болған адамға сыйыну Гаутама іліміне қарама-қайшы 
болғанына қарамастан, мұндай көріністерден сезілген рухани күш арқылы 
олар буддалық руханилықта шешуші мәнді иеленді. Әйтсе де барлық діндер 
өзгереді және дамиды, әйтпесе ескіруге бет алады. Буддистердің көпшілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет