Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет43/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

121


122
III. 
Пұтқа
 
табынушылардың
 
оянған
 
үміті
Ф
илон Александрияда платонизммен суарылған иудаизмін уағыздап, 
ал Гиллель мен Шаммай Иерусалимде бір-бірімен дауласып жатқан 
кезде, Палестинаның солтүстігінде бір тегеурінді тұлға өзін таныта баста
-
ды. Иисус туралы біздің білетініміз өте аз. Өмірі жайындағы тұңғыш толық 
әңгіме оның өлімінен жиырма жылдан кейін, 70-шы жылдан бұрын жазыл
-
мағандығы анық Әулие Марктің Інжілінде айтылды. Бұл уақытқа дейін та
-
рихи деректер мифтік сюжеттермен біте қайнасып, Иисустың өз ізбасарла
-
ры алдындағы беделін өмірбаянында айтылғаннан зор етіп көрсетеді. Ерте 
дәуір христиандары оның болмысынан жаңа Мұсаны, Жаңа Иерусалим не
-
гізін салған Иисус Навинді көрді. Будда секілді, Иисустың бойында да оның 
замандастарына тән ең бір терең ұмтылыстар жинақталды және Израил 
халқының ғасырлар бойғы арман-аңсарлары көрініс тапты. Тірі кезінде Ии
-
сусты көптеген палестиналықтар Мессия деп таныды: Иерусалимге сапар 
шеккен оны халық Дәуіттің ұлы ретінде жариялады, бірақ бірнеше күннен 
кейін-ақ римдіктердің ауыр жазасына – айқышқа (крест) керіп өлтіруге бұй
-
ырылды. Қаныпезер қылмыскер сияқты өлген Мессияның шулы оқиғасы
-
на қарамастан, шәкірттері оған деген сенімнің адасушылық екендігін мой
-
ындай қоймады. Иисустың қайта тірілгені туралы қауесет тарады. Біреулер 
керіп өлтірілгеннен кейін үш күннен соң оның табыты бос болып шықты 
десе, басқалары елес болып ел кезіп жүргенін айтты, ал ендігі бір ретте 
оны бес жүздей адам бір мезгілде көріпті-мыс. Шәкірттері оның мессиялық 
Құдай Патшалығының негізін салу үшін көп кешікпей қайтып оралатыны
-
на сенді, өйткені мұндай түсініктің еш діни қисынсыздығы болмағандықтан, 
олардың сектасын Гиллельдің немересі, раввин және ең ұлы таннаимдердің 
бірі Гамлиильдің өзінен кем емес яхуди ғұламалары мойындады. Иисустың 
ізбасарлары Құдайына адал еврейлер ретінде ғибадатханаға күн сайын ба
-


123
рып, құлшылық ететін. Бірақ Иисустың өмірі, өлімі мен қайта тірілуі әсеріне 
бөленген Жаңа Израил түсінігі ақыр соңында пұтқа табынушылық нанымы
-
на айналып, Құдай туралы өзіндік концепциясын дамытты. 
Иисусты жазалаған уақытта (б.д. 30 ж. шамасында) еврейлер нағыз мо
-
нотеистер болды, сондықтан ешкім Мессия құдайлық тұлғаға айналады деп 
күткен жоқ: игі жақсылардың кіндігінен өрбіген күннің өзінде, ол кеудесін
-
де шыбын жаны бар қарапайым адам болуы тиіс еді. Кейбір раввиндер 
оның есімі мен болмысы Құдайға о бастан мәлім болған деп есептеді. Бұл 
мағынада алып қарасақ, онда Мессия, «Тәмсілдер» мен «Екклесиаст»-тағы 
Құдайлық Даналық секілді, уақыт жаралмастан бұрын «Құдаймен бірге» 
болған. Еврейлер маңдайына бақ қонған Мессияны Иерусалимде бірінші 
еврей мемлекетін құрған, оның патшасы және рухани көсемі болған Дәуіт
-
тен тараған деп үміт етті. Діни өлеңдерде Дәуіт пен Мессияны «Құдай ұлда
-
ры» деп атады, бірақ бұл Яхвемен ерекше қарым-қатынасты білдіретін бей
-
нелі сөздер ғана еді. Бабылдан қайтып оралғалы бері, жексұрын көрінетін 
пұтқа табынушылық құдайлары сияқты, Яхвенің шынымен де өз баласы бо
-
луы мүмкін екендігі ешкімнің ойына кіріп-шықпаған еді. 
«Марк Інжілінде» (ең ерте жазылған және шындыққа жанасымды са
-
налған) Иисус қарапайым адам сияқты көрінеді: отбасы, ағалары мен әп
-
келері бар, оның тууын хабарлаған және жөргегінің үстінде жырлаған 
періштелер мүлде жоқ. Иисустың бойынан сәбилік және бозбалалық шақта
-
рында ерекше ештеңе байқалмайды. Мұнымен бірге, ол пайғамбарға ай
-
нала бастаған уақытта, Назарет тұрғындары жергілікті ағаш шеберінің ұлы 
жәй жаратылыс иесі емес екендігіне қатты таңданысады. Марк Иисустың ке
-
меліне келген кездерін баяндайды. Алғашқыда Иисус ел кезуші тақуа және 
бәлкім оссин (ессеи) де болған. Шоқындырушы Иоаннның шәкірті болуы да 
мүмкін. Себебі Иоанн Иерусалим билігін әбден азғындаған деп айыптап, 
оған қарсы қаһарлы уағыздарын айтты. Ол адамдарды тәубеге келуге және 
оссиндер (ессеи) жасап жүргендей, Иорданда шоқынудың тазару рәсімін жа
-
сауға үндеді. Луканың жорамалынша, Иисус пен Иоанн туыс болған. Қалай 
болғанда да, Иоаннан шоқынуды қабылдау үшін, Иисус Назареттен Иудеяға 
ұзақ жол жүріп келеді. Марктың хабарлауынша, «судан шыққан тұста Иоанн 


124
аспанның қақ айырылғанын және Рух пен Оған қонғалы келе жатқан көгер
-
шінді көреді. Сол кезде аспаннан дауыс естілді: «Сен Менің Сүйікті Ұлым
-
сың, Сенде Менің ізгі көңілім бар»
146
. Иоанн алдында Мессия тұрғандығын 
бірден түсінеді. Осыдан кейін Марк бірден Иисустың Галилеяның қалалары 
мен өлкелерін аралап, уағыздарында «Уақыт келді және Құдай Патшалығы 
жақындады» деп айтқаны туралы әңгімесіне көшеді
147
.
Мессия Иисустың шын мінезі туралы дау көптен бері созылып келеді. 
Соған қарағанда, Інжілге оның өз аузымен айтқандарының аз ғана бөлігі 
енген; оның үстіне кейіннен, Иисус өлген соң апостол Павел салдырған шір
-
кеулерде көптеген мәтіндерге өзгеріс енгізілген болатын. Әйтсе де мәтін
-
дердегі кейбір жерлер Иисустың өмірі мен ілімінің иудаистік сипаты болға
-
нын растайды. Галилеяда керемет жасаушылар қарапайым адамдар болған
-
дығы белгілі. Иисус сияқты олар да қайыр сұрады, уағыз айтты, ауруларды 
емдеді және жындарды қуды. Христ секілді, осы әулие галилеялықтардың 
да әдетте көптеген шәкірттері болған. Кейбіреулер Павел секілді, Иисус та 
Гиллель мектебінің фарисейі болған деп жорамалдайды. Павелдің өзі хри
-
стиандықты қабылдар алдында фарисей болғандығын айтып кеткен, – ол 
тіпті раввин Гамлилдің аяқ жағында отырған деген мәліметтер де бар
148
. Ии
-
сустың көзқарастары шынымен де фарисейлердің пікірлеріне жанасады: ол 
қайырымдылық, сүйіспеншілік пен мейірімділік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет