Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет42/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

imitatio 
dei 
амалы, Құдайдың қайырымдылығы мен жанашырлығына еліктеу деп са
-
налды. Бұған қоса, барлық адам баласы бір-бірімен тең, өйткені әрқайсысы 
Құдайға ұқсатылып жаратылған. Туысына зиян шектірген дінбасы да жаза
-
лануы керек, өйткені мұндай әрекет Құдай болмысын жоққа шығарумен 
барабар
142
. Құдай, кімде-кім адамды өлтіретін болса, тұтас әлемді жойған
-
дай жазалайтындығын бізге көрсету үшін 
адамды, 
тұтас адамзатты жаратты. 
Басқа жағынан алып қарасақ, бір адамды өлімнен құтқару – бүкіл ғаламды 
сақтап қалумен барабар болады
143
. Әрі бұл тым әсіре пайымдар емес еді, 
көпшілік үшін (мысалы, бейбастақтықпен ойран салғанда) бір адамды құр
-
бан етуге тыйым салатын заң негіздері болатын. Жақыныңды, тіпті тегі басқа 
адамды немесе құлды қорлау ең ауыр күнәнің бірі саналып, кісі өлтірумен, 
яғни Құдайды жоққа шығарумен теңестірілді
144
. Еркіндік құқығы тағдыр
-
шешті маңызға ие болды: раввиндік еңбектердің толық жинағынан қапасқа 
қамау туралы ештеңе жолықтырмайсың, өйткені адамды бостандықтан ай
-
ыру пәрмені тек Құдайға тиесілі. Біреудің сыртынан өсек тарату да Құдайды 
елемеушілік саналды
145
. Әйтсе де еврейлер Құдайды жоғары жақтан әрбір 
қадамымызды жіті қадағалап отыратын «Айбарлы Аға» іспетті көруге ыңғай 
танытпады. Керісінше, адамның бойында Құдайлықты іштей түйсіну сезімін 
тәрбиелеуге ден қойылды; осы арқылы қоршаған ортамен кез келген қа
-
рым-қатынас қасиетті реңкке бөленетін. 
140 Sifre 
к
Лев
. 19:8.
141 Mekhilta 
к
Исх
. 20:13.
142 Pirke Aboth, 6:6; Horayot, 13a.
143 Pirke Aboth, 6:6; Horayot, 13a.
144 Sanhedrin, 4:5.
145 BabaMetziah, 58b.


120
Жануарлар қиналмастан өз болмысына сай тіршілік ете береді, бірақ 
адамдарға өздерінің адами қалпын сақтау ешқашан оңайға соқпаған си
-
яқты. Бастапқы кезде Израил Құдайы өз халқының бойында ең сұмдық 
және жауыздыққа толы қатыгездікті оятқан секілді көрінген болатын; бірақ 
ұзақ ғасырлар барысында мүлде өзгерді. Яхве бейнесі адамдарды өз бауы
-
рларына жанашырлықпен және ілтипатпен қарауға дағдыландыра бастады; 
бұл «Кіндік кезеңнің» барлық дініне тән сипат еді. Раввиндердің идеалдары 
Бір Құдайдың екінші дінінің ұстанымдарына өте ұқсас; бұл таңғаларлық та 
жағдай емес, себебі христиандық тамырлары иудаизмге барып тіреледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет