Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет34/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(Р) 
деген атпен белгілі біреудің қуғын-сүргін заманынан 
кейін жазылған, кейіннен Бес Кітапқа қосылған еңбектерінде айтылған. 
Р 
өзінен бұрын 
J
және 
Е 
суреттеген оқиғаларды өздігінше түсіндірген; ол Көне 
Өсиетті екі кітаппен – «Сандармен» және «Левитпен» толықтырды. Күткен
-
дегідей, 
Р
-дің Яхве туралы пікірлері мейлінше жоғары және толық болды. 
J-
ден айырмашылығы, ол, мәселен, Құдайды ешкім 
өз көзімен
көре алмай
-
ды дегенге сенді. Көп жағдайда, Иезекиилдің көзқарастарын бөліскен 
Р 
адамдардың Құдайды қабылдаулары мен шындық арасында үлкен айырма 
барына күмән келтірмеген. Оның Синай тауындағы оқиғаға қатысты берген 
нұсқасы бойынша, Мұса Яхвенің оған көрінуін өтінеді, бірақ мынадай жауап 
естиді: «Менің жүзімді сен көре алмайсың; өйткені адамның Мені көріп, тірі 
қалуы мүмкін емес»
99
. Мұсаға тау жықпылында құдайлық әсерден жасыры
-
ну бұйырылады, бірақ ол көз қиығымен ұзап бара жатқан Яхвені көріп қа
-
лады. 
Р 
тұңғыш рет Құдай баянында аса маңызды болып қалатын ой айтып 
99
Шығу
. 33:20.


98
қалады: Адамдарда, әрі кеткенде, тек Құдайлық нұрды көру мүмкіндігі бар, 
Р 
оларды «Яхвенің даңқы 
(кавод)»
100
деп атайды; бұл Құдайлық құдіреттің 
көрінісі, бірақ оны да Құдайдың Өзі деп қабылдауға болмайды. Мұса таудан 
түскен кезде, көрінген «даңқ» өз жанарында бейнеленіп, жарқырайтыны 
соншалық, израилдықтардың оны көруге шамалары келмейді.
101
«Құдай даңқы» - Яхвенің жерде болуының символы; ол адамдар ой
-
дан шығарған Құдай бейнесі мен Оның шынайы қасиеттілігі арасындағы 
айырмашылықты айқындайды. «Даңқ» идеясы израилдық діннің пұтқа та
-
бынушылық табиғатына қарама-қарсы тұрды. Шығудың көне тарихын ба
-
яндаған 
Р 
Яхвенің израилдықтардың қуғын-сүргінінде олармен бірге кез
-
гендігін көзге елестете алмайды, мұндай ой оған төзуге келмейтін адами
-
ландыру ретінде көрінеді де, ол оны Мұсаның Құдайымен кездескен киелі 
шатыры толысқан «даңқ» туралы әңгімемен алмастырады. Осыған сәйкес, 
Иерусалим ғибадатханасында тек «Яхве даңқы» ғана бар.
102
Р-
дің
 
Бес Кітапқа қосқан ең белгілі үлесі - оның «Болмыс Кітабының» 
бірінші тарауында баяндалған әлемнің жаратылысы туралы әңгімесі. Ол 
көбінесе «Энум Элиш» образдарының ықпалында қалған. Әңгімелеу алғашқы 
қауымдық тұңғиықтың 
(тегтен,
Тиаматтың бұзылған аты) суларынан бастау 
алады, Яхве олардан аспан мен жерді жаратады. Дегенмен, бұл оқиғада 
Құдайлар арасындағы соғыс пен Йамму немесе Лотан-Раавпен күрес жоқ. 
Бүкіл тіршілікті жарату еңбегі Яхвенікі. Үздіксіз эманациялар да жоқ, себебі 
Яхве әлемді қысымсыз, қарапайым еркімен жаратады. Сондықтан 
Р 
әлемді 
Құдай болмысынан құралған құдайлық әлем деп есептемейді. «Дінбасы» 
теологиясында дәл осы
 бөлу 
идеясы шешуші маңыз атқарады: Құдай күн
-
ді түннен, суды құрлықтан, жарықты қараңғылықтан ажыратып, ғарышты 
тәртіпке келтіреді. Әрбір ісінен кейін Яхве жаратқанын жарылқап, «бұл 
жақсы» деп жариялайды. Бабылдық мифтен ерекшелігі, адамды жарату кей
-
іннен ойға келген нәрсе емес; ол құдайлық әрекеттің шыңына айналады. 
100
Қараңыз
., 
мəселен
., 
Шығу
. 33:18.
101
Қараңыз

Шығу
. 34:29–35.
102
Қараңыз

Шығу
. 40:34–35; 
Иез
. 9:3.


99
Адамдардың құдайлық болмысы жоқ, бірақ Құдайға ұқсата жаратылған, 
сондықтан Оның жасампаз міндеттерін орындауы тиіс. «Энум Элиштегідей» 
алты күндік жарату сенбілік демалумен аяқталады. Бабылдық аңыздар бой
-
ынша, осы күні Ұлы Мәжіліс өтетін болған, сол жерде құдайлар «тағдырды 
өзгерткен» және Мардукқа жоғары құқықтар берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет