мицвот,
ең алдымен, Құдаймен символ
-
дық түрде бірге тіршілік жасаудың формасы ғана болды. Израилдың ерекше
жағдайының белгісі ретінде, сондай-ақ, «Қайталанған заңда» суреттелген
тамақтану ережесі болды
107
.
Р
көптеген тыйымдардан Құдайдың қасиетті
ерекшелігіне, адамдар мен Құдай арасындағы азапты айырманы жоюға де
-
ген ғұрыптық талпынысты көрді. Израилдықтардың түсінігінше, Құдайдың
105
Тізімге
сəйкес
қараңыз
.
Шығу
. 39:43; 40:2,17; 31:3
и
31:17.
106
Қайт
.
заң
. 5:12–15.
107
Қайт
.
заң
. 14:1–21.
101
шығармашылық әрекетіне еліктеген тұста, сүтті еттен, тазаны ластан, дема
-
лыс күнін басқа күндерден ажырата алғанда ғана адам болмысы қасиетті
болады.
«Дінбасы»
(Р)
еңбегі
J, Е
авторларының баяндаулары және «Қайталанған
заңмен»
(D)
қатар, Бес Кітапқа енгізілген. Бұл кез келген ірі діннің бірқа
-
тар ерікті көрегендік пен руханилықтың тәуелсіз формаларынан құрала
-
тындығын тағы да еске салды. Кейбір яхудилер үнемі «Қайталанған заң»
Құдайына ұмтылды; Ол израилдықтарды таңдаулы халық етті және оларды
пұтқа табынушыларға батыл түрде қарсы қойды. Басқалары Мәсіхке қаты
-
сты аңыздарды жақын тұтты. Олар арқылы алдағы ақырет күні – Яхве күнін
-
де Құдай Израилды жоғары шығарып, басқаларын төмендетеді деп үміттен
-
дірді. Осындай мифологиялық көріністерде Құдай көбінесе өте алыс болып
көрінді. Қуғын-сүргіннің аяқталуы пайғамбарлық дәуірдің аяқталғандығын
меңзеді. Құдаймен төте сөйлесу ендігі жерде жоқ, тек Енох немесе Даниил
сынды өткеннің ұлы тұлғаларына тиесілі етілген символдық көріністер ғана
ірге тепті.
Сондай көненің қаһармандарының бірі Иов болды. Оны Бабылда азап
-
талушы, төзімділік үлгісі деп құрметтейді. Қуғындалғаннан кейін иегови
-
стердің біреуі осы астарлы әңгімені пайдаланып, Құдайдың болмысы мен
Оның адамзат азаптарына жауаптылығы туралы салмақты сұрақтар қоя
-
ды. Көне аңыз бойынша, Құдай Иовтың сенімін сынаған. Әулиенің төзгісіз
азаптарды сарқылмас кішіпейілдікпен қабылдағаны үшін Құдай Иовқа
сый-сыяпат көрсетеді және оған бұрынғы күш-қуатын қайтарады. Аңыздың
жаңартылған нұсқасында Иов Құдайдың әрекеттеріне ашуланады. Үш
жанашыр жолдасымен әңгімесінде ол құдайлық ерікке күмән келтіреді
де, қызу пікірталасқа еніп кетеді. Иеговизм тарихында тұңғыш рет сенім
жолындағылардың діни қиялы мейлінше абстрактілі пайымдарды керек
етті. Пайғамбарлар Құдай израилдықтарды жасаған күнәлары үшін
бақытсыздыққа душар етті деумен болды, бірақ «Иов Кітабында» айтылғандай,
еврейлердің біразын бұл қарапайым пайымдама қанағаттандырмады. Иов
ескі көзқарастарды жоққа шығарды және олардың логикалық кереғарлығын
әшкереледі; бірақ оның ашулы сөзіне Құдайдың Өзі араласады. Ол Иовқа
102
көрініп, Өзі жаратқан әлемге қатысты көптеген кереметтерін байқатады.
Иов сынды түкке тұрмайтын жаратылыстың әлемді жаратқан Ұлылықпен
дауласуға қалайша дәті барсын? Иов бойсұнады, бірақ кітапта қасірет
мәселелерінің бір-бірімен сабақтастырыла және философиялық түрде
шешілуін талап еткен қазіргі оқырманды мұндай жауап қанағаттандырмайды.
«Иов Кітабының» авторы сұрақ қоюға құқымыз барын жоққа шығармайды.
Ол тек бұл жайттың танылмайтын құдіретке қатысты екенін және бәріне
бір ақылдың жеткіліксіз болатындығын ишаралап ұғындырады. Ой машығы,
мысалы, пайғамбарлар тамашалаған көрініске, Құдайдан келген хабарларға
ығысып орын бергені абзал.
Философияға бейімділік таныта қоймаған тұста, б.д.д. ІҮ ғасырда
еврейлер көне грек рационализмінің ықпалында қалып қояды. 322 жылы
Александр Македонский парсы патшасы ІІІ Дарийді жеңеді де, гректер Азия
мен Африканы жаулауға кіріседі. Олардың қала-мемлекеттері Тир, Сидон,
Газа, Филадельфия (Амман), Триполи және тіпті Сихемде пайда болады.
Палестина мен басқа да жерлерде еврейлер эллиндік мәдениет шеңберімен
тұйықталады. Кейбіреулер бұған қынжылса, енді біреулер шетелдік театр,
спорт, поэзия мен философияны қуана қабылдады. Олар грек тілін үйренді,
балаларына грек есімдерін қойып, грек әскерінде жалдамалы жауынгер
болып соғысты. Израилдықтар тіпті өздерінің қасиетті мәтіндерін көне
грек тіліне аударды, нәтижесінде белгілі «Септуагинта» дүниеге келді.
Осының арқасында кейбір эллиндер Израил Құдайымен танысады және
Яхвені (олар Оны Иао деп атаған) Зевс және Диониспен қатар құрметтейді.
Гректер бұрынғы ғибадатханалардың орнына, қашқын еврейлер тұрғызған
синагогалар мен мәжіліс үйлеріне де барған. Ол жерде қасиетті мәтіндер
оқылған, ғибадат жасалған және уағыздар тыңдалған. Көне діни әлемде
синагоганың бірегей орны болды. Ғұрыптар жасалынбағандықтан және
құрбандықтар шалынбағандықтан, еврей ғибадатханалары философиялық
мектептерге ұқсады; қалаға қандай да бір танымал уағызшы келетін болса,
гректердің біразы өз ойшылдарын тыңдауға асыққанындай, синагогаға
жеткенше тағат таппайтын. Кейбіреулері тіптен Тәураттың жеке қағидаларын
ұстанып, еврейлердің синкретикалық секталарына қосылып кететін. Б.д.д.
103
ІҮ ғасырда еврейлер мен гректердің Яхвені антикалық құдайлармен тең
көрген жағдайлары да байқалды.
Еврейлердің көпшілігі оқшау тіршілік кешті. Таяу Шығыстың эллиндік
қалаларында олардың гректермен қақтығысы жиіледі. Ежелгі дүниеде дін
жеке бастың шаруасы болмаған-ды. Құдайлар қала өмірі үшін зор маңыз
атқарды. Егер халық құдайлардың культіне бойсұнбаса, олар өз кезегінде
қорғаныш, қамқор болудан бас тартады деп есептелді. Құдайларды жоқ
деп айтқан еврейлер «құдайсыздар» қатарына жатқызылып, қоғамның
жауы ретінде әшкереленді. Б.д.д. ІІ ғасырда өзара алауыздық күшейді.
Селевк әулетінің патшасы Антиох Епифан Иерусалимді гректендіруге және
ғибадатханада Зевс культін орнатуға әрекет жасаған кезде, Палестинада
бірден көтеріліс бұрқ етті. Еврейлер жаңа мәтіндер құрастыра бастады;
оларда «Даналық» ұғымы грекше мазмұнда түсіндірілмеді. Бұл сөздің
астарында ең алдымен Құдай алдындағы қорқыныш тұрды. Даналық туралы
мәтіндер Таяу Шығыста әдебиеттің дәстүрлі жанрына айналды. Оларда
адам болмысының мәні философиялық пайымдар арқылы ашылған жоқ;
мейлінше дұрыс өмір салты баяндалды. Ондай мәтіндер өте прагматикалық
сипатта болды. «Тәмсілдер» (б.д.д. III ғ.) авторы одан әрі тереңдеп, Даналық
– бұл Құдайдың әлемді жаратқан кездегі басты мақсаты, яғни алғашқы
туындысы деп жорамалдады. Төртінші тарауда айтылатындай, ерте дәуір
христиандары бұл идеяға айрықша мән берді. «Тәмсілдерде» Даналық
кейіптендіріліп, дербес тұлға ретінде суреттелді:
Құдайым мені Өз жолының бастамасы етті, Өзінің жаратқанда
-
рынан бұрын, о бастан;
Ғасырдан бұрын баққа бөленгенмін, о бастан, жердегі тіршіліктен
бұрын […]
Сол кезде мен Оның жанында суретші (әйел) болдым, әр күннің қу
-
анышы болдым, үнемі Оның жүзінің алдында шаттыққа кенелдім.
Оның жер бетіндегі әлемінде шаттыққа кенеліп, қуанышымды
адамзат баласымен бөлістім
108
.
108
Прит
. 8:22–23, 30–31.
104
Әйтсе де, Даналықтың табиғатына құдайлық тән емес; оны да Құдай жа
-
ратқандығы ерекше сөз етіледі.
Р-
дің баяндауынша, ол Құдайдың «даңқы»
іспетті. Даналық – Құдай Ниетінің бейнесі; ол арқылы адамдар бір сәтке
болса да заттардың мәні мен адам әрекеттерінің астарына үңіле алады.
«Тәмсілдер» авторы Даналықтың
(Хохма)
көшелерді кезіп жүріп, адамдарды
Яхвенің қаһарынан қорқуға шақырғанын әңгімелейді. Б.д.д. ІІ ғасырда Да
-
налықтың осыған ұқсас келбетін дініне берік иерусалим еврейі, Сирахтың
ұлы Иисус жасап берген болатын. Оның баяндауынша, ол Құдай Мәжілісін
-
де сөз сөйлеп, өз-өзіне мынадай мадақ айтады: бір кезде ол Құдайдың ау
-
зынан әлемді жаратқан Сөз ретінде шыққан; қазір әлемнің барлық түкпірін
-
де ол бар, бірақ бұлжымайтын тұрағы ретінде Израил халқын таңдаған
109
.
Яхвенің «даңқы» секілді, Даналық – Құдайдың жердегі әрекетінің симво
-
лы болды. Еврейлердің Яхве идеясын көтермелей дамытқандары соншалық,
әрі қарай Оның адам өміріне араласуын елестету қиындады.
Р
секілді, иего
-
вистер де жәй түсініктегі Жаратушыдан шын Құдайдың болмысын ажырата
қарағанды жөн көреді. Даналықтың Құдайды тастап, әлемнің әр түкпірінен
адамдарды іздеп кеткені туралы оқи отырып, пұтқа табынушылардың бай
-
ырғы әйел құдайлары – Иштар, Анат немесе Исиданы еске алмау мүмкін
емес; өйткені олар да құтқарушылық миссиясын атқару үшін құдайлық жеті
қат көктен жерге түскен болатын. Б.д.д. 50-жылдар шамасында еврей қа
-
уымы тығыз орналасқан Александрияда Даналық туралы әдебиет пікірсай
-
ыстың өзегіне айналды. Осы қауым өкілі жазып шыққан «Соломон Дана
-
лығы» иудаистердің эллиндік мәдениетке еліктегеніне қарсылық білдіріп,
өз дәстүрлеріне берік болуға шақырды; себебі шынайы даналыққа антика
-
лық философия емес, Құдайдың алдындағы қорқыныш қана жеткізеді деп
ұйғарды. Автор Даналықты кейіптендеріп, оған София деп грекше ат қояды
және оның яхудилік Құдайдан бөлек емес екендігін дәлелдейді:
Ол – Құдай құдіретінің тынысы және Ұлы Жаратушы мәртебесінің
таза ағыны: сол себептен лас нәрсеге онда орын жоқ.
109
Қараңыз
:
Прем
. 24:3–6.
105
Ол – мәңгі жарықтың шұғыласы және Құдай әрекетінің таза айнасы
мен Оның шапағатының бейнесі
110
.
Иисустың табиғатын талқыға салған тұста христиандар үшін бұл үзінді де
айрықша маңызға бөленеді. Әйтсе де, еврей авторы Софиядан танылмай
-
тын Құдайдың адамға жарым-жартылай ашылатын бір қырын ғана көрді.
Осылайша, адамға ашылатын жағынан қарасақ, ол – құдды бір Құдай, яғни
ақылымыз шын құпия болмысына еш уақытта жете алмайтын ұлы ақиқатты
қабылдауымыздың көрінісі.
«Соломон Даналығы» авторы грек ой-пікірі мен еврей сенімі арасында
өршіген алауыздықты көрегендікпен байқаған. Біз бұған дейін өзі жаратқан
ғаламды көзге ілмейтін аристотельдік Құдай мен адам өміріне қоян-қолтық
араласатын тәураттық Құдай арасындағы, бәлкім, ең ымырасыз қайшылық
турасында айтқанбыз. Грек Құдайына ақылдың күші жетеді, ал тәураттық
Құдай Өзін тек көріністер арқылы танытады. Яхве біздің әлемнен түпсіз
шыңыраумен бөлінген, ал гректер – адамдар ақылға иелік етуінің арқасын
-
да Құдайға ұқсайды, сондықтан Ол шын ықылас танытқан жағдайда қол
-
жетімді болады деп ойлады. Соған қарамастан, грек философиясын қатты
ұнататын Бір Құдай жақтастарының өзі әркез қиялдағы Құдайды меншікті
Құдайына айналдыруға ұмтылған. Осы талпыныстар әрі қарай біздің зерт
-
теуіміздің басты тақырыптарының біріне айналады. Бұл бағытта алғашқы
қадамды, бәлкім, көрнекті яхуди ойшылы Филон Александрийский (б.д.д. 30
ж. шамасы – б.д. 45 ж.) жасаған болар. Филон платоник болды және әйгілі
философ-рационалист ретінде абыройға бөленді. Ол грек тілінде мүлтіксіз
жазды, кейбір деректер бойынша – тіпті еврей тілін білмеген де сыңайлы;
бірақ яхудилік сенімінен айныған жоқ және
Достарыңызбен бөлісу: |