100
алғашқы кезеңінде, тура бір Яхвенің алты күндік жаратылысында жасаған
-
дай, Мұса «барлық жұмысты қарап шығады» да, халыққа жарылқау айта
-
ды; қасиетті орын құрылысы жылдың алғашқы айының алғашқы күнінде
аяқталды, сәулетші Веселиил болса, бүкіл болмысты қамтыған Құдайлық
Рухтан
(руах элохим)
шабыт алды. Ақырында, екі аңыз да сенбілік демалы
-
стың маңыздылығын атап өтеді
105
. Ғибадатхана құрылысы, сонымен бірге,
адамдар зұлымдығы әлемді жоймай тұрған кезде, алғашқы үйлесімділік
символын білдірді. «Қайталанған заңда» тынығу күні барлығына, тіпті изра
-
илдықтар
Шығу
ды есте ұстасын деген оймен құлдар үшін де демалыс күні
деп бекітілген
106
.
Р
сенбіге жаңа мазмұн берді: ол Құдайға еліктеу ісі, әлемді
жарату туралы естелік белгісі. Сенбі күні демала отырып, еврейлер кезінде
тек Құдайдың өзі орындаған салттарға қатысты. Осылайша, құдайлық бол
-
мысқа сіңу символдық әрекеті байқалады. Көне пұтқа табынушылықта кез
келген әрекет құдайларға еліктеу деп саналды, бірақ Яхве культі Құдай мен
адам әлемдерінің арасын түпсіз шыңыраумен бөлді. Енді, міне, еврейлер
Мұса Өсиеттерін орындай отырып, Құдайларына сәл де болса жақындай
алды. «Қайталанған заңда» бірқатар өзгермейтін заңдар, соның ішінде Он
Өсиет те айтылып өтеді. Қуғын-сүргін кезінде олар мейлінше дамыған заң
шығарушылыққа, 613 өсиеттен
(мицвот)
тұратын Бес Кітап негізіне алынды.
Осы егжей-тегжейлі нұсқаулар танысып үлгермегендердің есін шығарады
және жаңа өсиеттік пікірталастарда мейлінше теріс бағаланған. Дегенмен,
еврейлер бұл ережелерді, христиандар ойлағандай, үлкен ауыртпалық деп
есептемеген. Израилдықтар үшін
Достарыңызбен бөлісу: