Бөтендік
әдеттегі ақиқаттың шегінен шығатын нәрсе
41
. «Кіндік кезеңнің»
жаңартылған Яхвесі бұрынғыша «соғыс Құдайы»
(саваоф)
болып қала
берді. Сонымен қатар Ол енді жалғыз израил халқының жақтаушысы, тайпа
Құдайы шеңберінен шықты. Оның атағы Уәде Етілген Жермен шектелмей,
бүкіл жер бетіне тарады.
Исайя – нұрлану арқылы тыныштық пен рахатқа кенелген Будда емес. Ол
40
Шығу
. 6:3.
41 Rudolf Otto, The Idea of the Holy, An Inquiry into the Non-rational Factor in the Idea of the Divine and Its Relation to the Rational,
trans. John W. Harvey (Oxford, 1923), pp. 29–30.
68
адамдар арасында кемел ұстаз да бола алмады. Мұның орнына, ол өлімші
үрейге тап болып, жанұшыра шыңғырды:
Қандай бейшара хәлдемін мен! Түбіме жеттім! Өйткені менің сөз
-
дерім кірленген, әрі сөздері кірленген адамдар арасында өмір сүріп
жатырмын, - көздерім де Патшаны, Саваоф Құдайды көрді
42
.
Яхвенің танылмас қасиеттілігіне таңғалған ол өзінің ұсақтығын, ғұрып
жолында таза еместігін ғана түйсіне алды. Будда немесе йогадан айыр
-
машылығы, Исайя рухани жаттығулармен айналысқан жоқ. Бұл хәлдер оның
басына кенеттен келді де, өзінің жойқын күшімен таптап өтті. Періштелердің
бірі қолында жанып тұрған көмірмен Исайяның жанына ұшып келіп, Құдай
сөзін айта алуы үшін оның аузын тазалайды. Көптеген пайғамбарлар Құдай
атынан сөйлегенде іштей зор кедергіні жеңіп, үлкен қиындықпен тіл қатқан
не мүлде жақ ашпаған. Бүкіл пайғамбарлықтың үлгісі болған Мұсаға Құдай
жанбайтын бұтадан тіл қатып, оның перғауын мен Израил балаларына өз
Сөзін жеткізуін жүктегенде, Мұса сенімсіз түрде: «Мен баяу сөйлеймін және
тілім байланып қала береді»
43
дейді. Құдайды бұл кедергі тоқтатпайды да,
Ол Мұсаның орнына ағасы Ааронды сөйлейтін етіп шешеді. Пайғамбарлар
туралы аңыздарға енген осы тұрақты мотив Құдай сөзін жеткізудің қиын
-
дығын меңзейді. Пайғамбарлар Құдайлық уахиді таратуға ешқашан ұмтыл
-
маған және мұндай қиын да азапты тапсырманы орындауға құлшыныс та
-
нытпаған. Израил Құдайының жоғары билік символына айналуы еш кедер
-
гісіз, күрессіз және қиындықсыз өтуі мүмкін болмады.
Үнділер Брахманды ешқашан ұлы патша деп бейнелемеген, өйткені олар
-
дың Құдайы адами түсініктермен парықтағанға көнбейді. Исайяның көрген
-
дерін де сол күйінше қабылдау қажетсіз: бұл тек сипаттауға мүмкін емес
нәрсені суреттеп беру әрекеті. Сондықтан пайғамбар бастан кешкендерін
баяндау үшін өз мәдениетінде орныққан мифтік дәстүрлерді шартты түр
-
42
Шығу
. 6:5.
43
Шығу
. 4:10.
69
де пайдаланып отырады. Яхве жырларында жиі кездесетіндей, Ваал, Мар
-
дук немесе Дагон
44
сынды жер Құдайлары өз ғибадатханасындағы билік
тағында отырады. Дегенмен, бұл мифтік символиканың арғы жағында сол
кездегі Израилда шексіз ақиқат туралы орын тепкен мүлде басқа түсінік
бүркемеленген: ол бойынша Құдаймен кездесу адаммен сөйлесуге ұқсайды.
Қорқынышты бөгделігіне қарамастан, Яхве сөйлейді, ал Исайя жауап беруге
қауқарлы. Упанишад данышпандары мұндайды ойларына да ала алмас еді:
өйткені Брахман-Атманмен жүздесу мен сөйлесу толығымен антропомор
-
физмге апарады.
Яхве: «Мен кімді жіберсем екен? Біз үшін кім барар екен?» деп сұрағанда,
Исайя Мұсаның бұрынғы сөздерін қайталап: «Міне, мен бармын!
(хинени),
мені жібер» деп жауап қатады. Құдайдың көрінуіндегі мақсат – пайғамбар
-
дың көзін ашу емес, оның алдына нақты тапсырма қою. Құдайдың алдында
ең алдымен көреген тұр, бірақ оның сұңғыла көргіштігінің ақыры – білім
алу (буддизмдегідей) емес, әрекет ету. Пайғамбарлық – ең алдымен бой
-
сұну, содан соң ғана – мистикалық көрегендік. Әу баста белгілі болғандай,
жүктелген міндет оңай емес. Семиттер үшін оның кереғарлығы да – әдепкі
нәрсе: Яхве Исайяға халық Оның хабарына құлақ аспайтындығын сол сәтін
-
де ескертеді; бірақ пайғамбар көпшіліктің Құдай Сөзінен бас тартқанына
мойымауы керек – «Бар да бұл халыққа жеткіз: құлақтарыңмен естісеңдер
де ойланбайсыңдар, көздеріңмен көрсеңдер де сенбейсіңдер»
45
. Арада жеті
жүз жыл өткеннен кейін, өзінің ұғынуға ауыр соққан ескерту хабарын халық
тыңдаудан бас тартқанда, Иисус та осы сөздерді айтады
46
. Адамзат көз ал
-
дында бір сәт жарқ еткен ақиқаттың өзінен әсерленбейді. Исайя заманында
израилдықтарға соғыс пен жойылу қаупі төнген кезде Яхве үрейлі хабарлар
жеткізіп: «қалаларың қаңырайды, жерлеріңде тұрғылықты жұрт, үйлеріңде
тірі жан қалмайды», - дейді. Солтүстік патшалық жау табанында тапталып, он
тайпа жоғалған 722 жылға дейін Исайя әлі тірі жүрген болуы мүмкін. Б.д.д.
44
Қараңыз
.,
мəселен
.,
Пс
. 28, 88, 92.
Дагон
–
филистимдіктердің
Құдайы
.
45
Шығу
. 6:8–9.
46
Қ
-
з
.
Мат
. 13:14–15.
70
701 жылы Сеннахирим қолбасшылық еткен айбынды ассириялық әскер Иу
-
деяға баса көктеп кіріп, қырық алты қала мен қамалды қоршайды; тұтқынға
түскен әскербасыларын қазыққа отырғызып өлтіреді, екі мыңға жуық из
-
раилдықты қуғын-сүргінге ұшыратады, ал яхуди патшасы «торға қамалған
құстай»
47
Иерусалим түрмесіне жабылады. Исайяның алдында ағайында
-
рына осындай болмай қоймайтын бақытсыздықтар жайында хабар жеткізу
міндеті тұрды:
... Орасан опат-ойран басады бұл жерді.
Тіпті оның оннан бірі аман қалып, қалпына келсе де,
бәрібір қайтадан талан-таражға ұшырайды;
бірақ шабылса да,
пісте ағашы мен емен секілді,
олар тамырын сақтайды.
Осылайша қасиетті тұқым оның тамырына айналады
48
.
Кез келген сәуегей саясаткер мұндай апатты алдын-ала болжар еді.
Алайда Исайяның келешек ауыртпалықтарға көріпкел көзқарасының өзі
кісі қорқытарлық жаңалық болды. Мұсаның байырғы соғысқұмар Құдайы
міндетті түрде Ассирияны ымырасыз дұшпаны санайтын болса, Исайяның
Құдайы басқыншыларды өзінің қолшоқпары деп таныды. Израилдықтар
-
дың жерін қаңыратып, елін аңыратқан тіпті де ІІ Саргон мен Сеннахирим
емес, мұны жасаған – Құдайдың Өзі, яғни – «осылайша Құдай адамдарды
жоқ қылады»
49
.
Бұл ерекшелік «Кіндік кезең» пайғамбарларының барлығына тән. Ал
-
дымен Израил Құдайы Өзін пұтқа табынушылық құдайларынан айырықша
-
лап, мифология мен ғұрыптар дүниесінен жер бетіне түсіп, тарихи оқиға
-
ларға араласады. Жаңа пайғамбарлардың пайымынша, саяси трагедия да,
47
Сына
таңбалы
қалақшадағаы
жазу
; quoted in Chaim Potok, Wanderings, History ofthejews (NewYork, 1978), p. 187.
48
Шығу
. 6:12–13.
49
Шығу
. 6:12.
71
жеңіс те – Құдайдың ісі; енді тек Оның Өзі ғана – тарихты жасаушы әрі оған
билік жүргізуші. Оған барлық халық құлшылық етеді. Ассирияға да оңай
соқпасы анық; өйткені оның патшалары Ұлы Жаратушының қолындағы қол
-
шоқпар ғана болғанын түсіне алған жоқ
50
. Ақыр соңында, Ассирияның ерте
ме, кеш пе жойылатынын Яхве болжап бергендіктен, алыс болашақтан әл
-
дебір үміт оты жылтырап көрінеді.
Бірақ бірде-бір израилдық халықтың өзі шолақ саясат пен әділетсіздік
салдарынан сау басына сақина тілеп алғандығын тыңдағысы келмейді.
Бұрын Иисус Навин, Гедеон мен Дәуіт патшаның әскерлерін соғысқа аттан
-
дырған Яхвенің 722 мен 701 жылдары Ассирияның жеңімпаз жорықтарын
да Өзі жоспарлағаны туралы хабар, әрине, ешкімді қуантпас еді. Өзі «таңда
-
улы халық» деп атаған жұртқа Ол неге қысастық жасады? Исайя сипаттап
кеткен Жаратушы бейнесінде кез келген тілекті орындайтын бұрынғы сиқы
-
ршыдан жұғын да қалмаған. Ендігі жерде Яхве көбіне адамдарды тіршіліктің
қасірет-қайғысын бастан кешіруге мәжбүрлейді. Бұдан былай Исайя сын
-
ды пайғамбарлар да мифтік дәуірдің аясына қайтаратын байырғы культ
-
тік салт-санадан пана іздемейтін болған, оның орнына – тайпаластарын
өтіп жатқан тарихи оқиғаларды шынайы бағамдауға, сондай-ақ Құдайдың
ескертуші уахилеріне ден қоюға міндеттеді.
Мұсаның Құдайы – жеңімпаз; ал Исайяның Құдайы қайғыға шомған. Бізге
жеткен пайғамбарлық мазмұны Уәде Етілген Жер халқына өте жағымсыз ти
-
етін мынадай шағымдарға толы: өгіз бен есек өз иелерін біледі, «ал Израил
Мені білмейді, Менің халқым ұғынбайды»
51
. Яхве ғибадатханада құрбандық
шалуға ашық қарсылық білдіреді; Оған бұзаулардың ішек-қарын майы да,
теке мен қозылардың қаны да, үйітілген құрбандықтардан шыққан бықсық
иіс те соншалық жексұрын көрінеді. Ол жаңа туған айды, мейрамдар мен
тәуап етуді жек көреді
52
. Исайяның бұл сөздерін тыңдағандардың зәре-құты
қалмаса керек, өйткені осы секілді ғұрыптық рәсімдер Таяу Шығыста діннің
50
Қараңыз
.
Шығу
. 10:5–6.
51
Шығу
. 1:3.
52
Қараңыз
.
Шығу
. 1:11–15.
72
мәнін ашатын. Пұтқа табынушылық құдайлары солардың көмегімен жоғал
-
тқан күшін қайтадан қалпына келтіретін, ал ғибадатханалардың сән-сәулеті
олардың мәртебесін айқындайтын. Бірақ Яхве үшін бұлардың еш мәні бол
-
мады. Мәдениетті әлемнің көптеген данышпандары мен ойшылдары си
-
яқты, Исайя да сыртқы сипаттың жеткіліксіздігін түсіне бастаған-ды. Изра
-
илдықтар өз дінінің қасиетті мәніне бойлайтын уақыттың жеткендігін ұғуы
тиіс; сондықтан Яхве құрбандықты емес, бауырмалдықты тіледі:
... сендердің жалбарынышты сөздерің жиілеген кезде, Мен естімей
-
мін: сендердің уыстарың қанға толы.
Жуыныңдар, тазаланыңдар; Менің көз алдымнан зұлымдықтарың
-
ды жоқ қылыңдар; жамандық жасауды тоқтатыңдар;
Жақсылық жасауды үйреніңдер; шындықты іздеңдер; езілгенді
құтқарыңдар; жетімді қорғаңдар; жесірге пана болыңдар
53
.
Пайғамбарлар «Кіндік кезеңнің» барлық ірі діндерінің айрықша белгісі
-
не айналған бауырмалдықтың өзекті сипатын өз парасатымен анықтады.
Сол замандарда мәдениетті әлемнің әр түкпірінде діни толқыныстарды күн
-
делікті тіршілікпен үйлестіре білуге үндеген, мұны сенімнің басты сынағы
деп бірауыздан пайымдаған жаңа идеологиялар пайда болды. Уақыттан
тысқары мифтер патшалығы да, әдепкі ғибадатханалық рәсімдер де маңы
-
зын төмендетті. Уахиды бастан кешкен адам құж-құж қайнаған өмірдің ор
-
тасына қайта оралып, бүкіл тіршілік иесіне бауырмалдығын танытса игі.
Пайғамбарлардың мұндай әлеуметтік мұраты көмескі түрде Яхве куль
-
тінде Синай дәуірінен бері жасап келе жатқан болатын: Шығу оқиғасы
Құдайдың әлсіздер мен езілгендер жағына ойысқандығын айқын көрсетті.
Исайя жолдауларының ерекшелігі сонда, енді израилдықтардың өздері қа
-
наушылар атанды. Исайя заманында дәл осындай хабарды аласапыранға
киліккен Солтүстік патшалықтың барлық тарапына екі уағызшы таратқан.
Оның алғашқысы Амос – Исайя секілді текті тайпадан емес, сол жердегі қа
-
53
Шығу
. 1:15–17.
73
рапайым көптің бірі, фекоялық қойшы болатын. Шамамен б.д.д. 752 ж. Амос
та кенеттен ғажайып көрініске куә болып, соның әсерімен Израилдың сол
-
түстігін кезіп кетеді. Вефильдің ескі ғибадатханасына баса көктеп кірген ол
қорқынышты болжамдарын айтып, онда өткізіліп жатқан рәсімнің шырқын
бұзады. Амасия абызы көріпкелді қуып жібермекші болады, оның желбуаз
сөздерінен білімсіз қойшыны кемсіткендігі көрініп тұрады. Абыз, әлбетте,
Амосты сол кездері топ-тобымен елді аралап, балгерлікпен күнелтіп жүрген
жалған көріпкелдер қатарына жатқызады. «Көріпкел! - дейді ол Амосқа. - Бұл
арадан кетіп, Иуда жеріне бар; сол жақта наныңды тауып жеп, болжамыңды
айта бер. Ал Вефильде көріпкелдік жасама, өйткені бұл орын – патшаның
Қасиетті мекені және Үйі». Бірақ Амос абыржыған жоқ; бойын тіктеп алды
да, тайсалмастан өзінің көріпкел екендігін, Яхвенің нағыз елшісі екендігін
айтты: «Мен – пайғамбар емеспін және пайғамбардың баласы да емеспін;
мен қойшы болғанмын және тұт жинағанмын. Бірақ Құдайым мені қойлар
-
дан айырып, былай деді: бар да, Менің Израилдық халқыма көріпкелдік ет».
Сонымен, Вефиль халқы Яхве сөзін тыңдағысы келе ме? Егер құлақ асса,
олар үшін басқа да хабар бар: әйелдерінің намысы тапталады, балалары өл
-
тіріледі, ал өздері Израил жерінен жырақта, қуғында жүріп ажал құшады
54
.
Жалғыздық - пайғамбарлардың нәсібі. Амос сияқтылар үнемі жалғыз
болатын, өйткені бұрынғының қалыпты ырғағы мен заңдарын бұзатын. Олар
өз тағдырларына иелік ете алмады; маңдайларына жазылғанды көрді. Амос
қатты күйзелісті басынан кешірген болуы ықтимал; тіпті ерік-ықтиярынан
айырылып қалды. Қаласын-қаламасын, сәуегейлік етуге мәжбүр болды.
Міне, оның өз хабары:
Арыстан ақыра бастады, - кім діріл қақпайды? Құдайдан пәрмен
келді, кім көріпкелдік жасамайды? - деді
55
.
Буддадан айырмашылығы, Амос өзін-өзі өшіру – нирванаға бойсұнбады.
Яхве оны түгел еркіне көндіріп, басқа әлемге көшірді. Амос қоғамдық әділет
54
Ам
. 7:12–17.
55
Ам
. 3:8.
74
пен жанашырлықтың маңыздылығына айрықша мән берген бірінші пайғам
-
бар болды. Будда секілді, ол да азап шеккен адамзаттың дертіне ортақтасты.
Амостың уағызының арқасында Яхве қаналғандардың қорғаны болып, мұң-
мұқтажын айта алмайтын бейшара кедейлердің үніне айналды. Пайғамбар
-
лығына кіріскен бетте ол Яхве атынан Иерусалим ғибадатханасынан бар
даусымен, үрей тудыра жар салды: Ол бүкіл Таяу Шығыстағы, оның ішінде
Иудея мен Израилдағы апаттарды көріп тұр. Израилдықтардың пұтқа та
-
бынушылардан
Достарыңызбен бөлісу: |