67
үшін беттерін қанаттарымен жауып тұрды. Олар бір-біріне кезек-кезек:
«Қасиетті, қасиетті! Қасиетті Саваоф Құдай! Бүкіл жер беті Оның даңқына
толы!»
40
, деп дауыстады. Олардың дауыстарының күшінен ғибадатхана түп
іргесіне дейін шайқатылып сала берді де, Яхве көзге ешнәрсені көрсетпей
-
тін бұлтқа оранды, - бұл Құдайды Синай тауында Мұсадан жасырған бұлт
пен тұманға ұқсады.
Қазір «қасиетті» сөзін қолданғанда біз әдетте
адамгершілік кемелдік
күйін меңзейміз. Бірақ ивритше
каддош
ұғымының адамгершілікке еш қа
-
тысы жоқ еді; ол бөгде, мүлде бөтен дегенді білдірді. Яхвенің Синай тауын
-
да көрінуі қапелімде адам мен Құдайлық
әлем арасының алшақтап кет
-
кендігін аңғартты. Періштелер енді: «Яхве - басқа, басқа, басқа!» деп жыла
-
ды. Исайяның бойын анда-санда адамдарды құштарлық пен қорқынышқа
бөлейтін, табиғаттан тыс құдіретті сезім баурап алатын. Өзінің «Қасиет
-
тілік идеясы» деген классикалық еңбегінде
Рудольф Отто трансцендентті
ақиқатпен бетпе-бет келгенде туындайтын бұл үрейлі хәлдерді
mysterium
terribile et fascinans
(«қорқынышты және толқытатын құпия») деп анықтай
-
ды: қорқынышты болатыны, естен тандыратын толқыныс түрінде келіп, бізді
қалыпты және жұбанышты күйден бөліп әкетеді, ал таңғалдыратын себебі,
еріксіз құштарлыққа бөлейді. Осылайша түгелімен жанды баурайтын хәл
-
дерді Отто музыкалық немесе эротикалық әсерлерге теңейді; рационалды
ештеңе жоқ: туындайтын сезімдерді сөзбен немесе ақылмен жеткізу мүмкін
емес. Сондай-ақ, осы
Мүлде Бөтендікті
«бар» деп те айта алмайсың, өйткені
Достарыңызбен бөлісу: