Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет20/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(анубхара) 
«ашылады»; ол хәлдерді сөзбен және оймен 
білдіре алмайсың. Брахман – «сөзбен танылатын» нәрсе емес, […] Ақылмен 
ойлана алатындай да емес…»
32
Барлық нәрседе бар Құдаймен қалай сөйле
-
суге болады? Ол туралы ойлаудың өзі Оны заттар немесе идеялар деңгейіне 
түсіріп жіберсе, Оны қалай ойлаймыз? Бұл – даралықтың бәрінен арылып, 
шынайы қабылдау ләззаты арқылы танылатын ақиқат.
[Брахман]ды түсінбегендер, солар түсінеді, кім түсінсе [Оны], сол 
оны білмеген. [Ол] танығандармен танылмаған, танылмағандармен 
танылған. Оянғандар арқылы ол танылады, себебі [сол арқылы адам] 
мәңгілікке жетеді
33
.
Құдайлар сияқты, ақыл да жоққа шығарылмайды; алайда одан асып түсіп, 
биігірек самғамақ ләзім. Брахман-Атманды қабылдау музыканы немесе по
-
эзияны ақылға салып түсіндіруден артық емес. Өнер туындысын жасау не
-
месе оны бағалау үшін ақыл қажет, бірақ бұрқаған сезім таза логика мен 
сананың ернеуінен тасып-төгіледі. Осы бір тәжірибені жеткізе алмау құдай
-
танудың бүкіл тарихында опық жегізген. 
Үндістанда өз даралығынан жоғарылаудың үлгісін йогтар көрсетті; бол
-
мыстың басқа бір қабатына көшіп кеткендей болып, таным жолында олар 
отбасы өмірін тәрк етті және қоғамдық міндеттерден түгелімен бас тартты. 
Сиддхартха Гаутама деген жас жігіт б.д.д. 538 жылы көрікті әйелін, ба
-
ласын және Капилаваштағы (Варанасиден солтүстікке қарай екі жүз шақы
-
рымда) үлкен үйін тастап, кезбе тақуаға айналады. Сиддхартха адам баласы
-
ның қайғы-қасіретін көріп, ойға батады; айнала қоршаған тіршіліктің шексіз 
32
Кена
упанишада
, 1:5–6. – 
Цит

изд
. – 
Т
. 2. – 
С
. 71.
33 Ibid., 
с
. 72.


56
азабын тоқтату үшін оның жұмбағын шешуге бекем бел байлайды. Алты жыл 
бойы ол көптеген гурудың аяқ жағында отырады және аяусыз түрде тәнін 
жансыздандырумен шұғылданады, бірақ жұмбақтың шешіміне бір табан да 
жақындай алмайды. Небір дана доктриналардың берері болмады; тақуа
-
лық тек шектен шыққан күйзеліске апарып соқтырды. Бұл тәсілдерден бас 
тартқан ол бір жым-жырт түн қараңғылығында ессіз күйге (трансқа) түсіп, 
содан кейін көкірек көзі ашылды. Осы сәтте бүкіл ғарыш шаттыққа бөленді; 
жердің жүзі дүркіреп, аспаннан гүлдер жауды; хош иісті самал есіп, жеті 
қат көктің құдайлары қуаныштан шалқыды (мұндай жағдайларда, пұтқа та
-
бынушылық дүниетанымдағы секілді, құдайлар, табиғат пен адамдар өзара 
мейіріммен бірлеседі). Қасіреттен құтылу мен азаптардың соңы – 
нирвана
ға 
қол жеткізудің жаңа үміті туды. Гаутама – Буддаға, Көкірек Көзі Ашылғанға 
айналды. Осы тұста азғырушы-әзәзіл Мара қулыққа басып, Будданы осы 
ләззатқа мәңгі бөленуге үндейді; мұндай рахатты ешкімнің түсінбейтіндігін 
айтады. Алайда дәстүрлі пантеонның екі құдайы - Махабрахма мен 
дәулер
әміршісі Шакра Көкірек Көзі Ашылғанға келіп, одан тапқан жолы жайын
-
да әлемге жария салуды өтінеді. Будда келісімін береді және одан кейін
-
гі қырық бес жылға жуық уақыт ішінде өзінің игі хабарын таратып, бүкіл 
Үндістанды шарлап шығады: ол бойынша, қайғы-қасіретке толы әлемде 
жалғыз өзгермейтін негіз, дұрыс өмірдің нағыз шындығы – Дхарма бар; тек 
сол ғана азаптан құтқара алады. 
Мұның құдайға еш қатысы болмады. Будда тіпті құдайлардың бар екен
-
дігін терістеген де жоқ, өйткені олар өз мәдениетінің ажырамас бір бөлігі 
болатын. Бірақ олардың адамзатқа айтарлықтай пайда әкелетініне сенбеді. 
Құдайлардың өздері – қасірет пен тұрақсыздық патшалығының шырмауын
-
да. Олар Будданың көкірек көзін ашуға еш көмек берген жоқ; барлық тірі 
жаратылыс сияқты, олар да қайта туулардың шеңберіне тартылған және ерте 
ме, кеш пе жойылып тынады. Алайда жауапты сәттерде, мысалы, өз ілімін 
тарату қажеттігін таразылаған мезетте Будда құдайлардың ықпалы бар 
екендігін мойындап, олардың әрекетіне иланды. Сол себептен Будда құдай
-
ларды жоққа шығарған жоқ, бірақ нирвананың Жоғары Ақиқатын олардан 
үстем деп топшылады. Буддистердің пайымынша, медитациялық ләззат – 


57
арғы дүниелік болмыспен жанасу нәтижесі емес. Адам үшін мұндай хәлдер 
табиғи; дұрыс өмір сүретін және йога тәсілдерін меңгерген кез келген жан 
осы күйді бастан кешіре алады. Будда шәкірттерін құдайлардан көмек сұра
-
май, азаптан өз күштері арқылы құтылудың амалын іздеуге шақырды. 
Көкірек көзі ашылған Будда Варанасиге (Бенарес) келеді. Сол жерде 
алғашқы ізбасарларын тауып, бір ғана ақиқатқа негізделген ілімінің негіз
-
дерін баяндайды: бүкіл өмір – қасірет,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет