Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет16/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(Хинени!)
деп дауыстайды; барлық израилдық пай
-
ғамбарлар Құдай олардан шексіз бойсұну мен сенімді талап еткенде дәл 
осылай жауап беретін. 
Содан Құдай былай деді: бұл жерге жақын келме; аяқ киіміңді шеш, 
өйткені сен тұрған жер – киелі жер.
Содан былай деді: Мен – сенің әкеңнің Құдайымын, Авраамның 
Құдайымын, Исхақтың Құдайымын және Йақұбтың Құдайымын. Мұса 
қолымен бетін басты, өйткені Құдайды көруге жүрексінді
21
.
Яхвенің Авраамның Құдайы екендігі туралы алғашқы куәдүрлікке (раста
-
уға) қарамастан, бұл Құдай кезінде Авраамның шатырында отырып, онымен 
достық рәуіште тамағын бөлісіп ішкен жанға еш ұқсамайды. Енді бұл Құдай 
қорқыныш туғызып, арада алшақтық сақтайды. Мұса одан атын айтуды, яғни 
өзін таныстыруды сұрағанда, Яхве оған бүркемеленген сөздермен жау
-
ап береді, бұл жұмбақ сөздердің мағыналары төңірегінде теологтар ұзақ 
ғасырлар бойы бас қатырып келеді. Атын атай салудың орнына Ол: 
«Эхие 
ашер эхие»
(«Мен – болмыспын»)
22
дейді. Сонда бұл нені білдіреді? Кейінгі 
философтар пайымдағандай, Құдай өзінің Өзіндік Болмыс екендігін ойға 
алмағандығы айқын. Ол кездері еврейлердің өздері екі мың жылдан кейін 
бойлай бастаған метафизикалық терең ойларға әлі бармағаны анық. Бұл 
сөздердің әлдеқайда қарапайым мағыналары болуы қажет. 
Эхие ашер эхие
– 
21
Шығу
. 3:5–6.
22
Шығу
. 3:14; 
аударманың
басқа
нұқсалары
: «
Мен

кім
болсам

Солмын
».


43
әдейі екіұштылыққа құрылған көне еврей идиомасы. Інжілде «бара жатқан 
жағына бара жатыр» секілді сөз тіркестері кездессе, оның мағынасы жай 
ғана «олардың қайда бара жатқанын кім білсін» дегенді білдіреді. Осылай
-
ша, Құдай Мұсаға «Сенің ісің емес!» немесе «Саған қатысы жоқ!» деп жауап 
берген. Ол Құдайдың болмысын талқылау және бұл аздай тіпті Оған ықпал 
ету әрекеттерінің кез келгеніне мүлде тыйым салады, ал пұтқа табынушы
-
лар Құдайлардың аттарын атау арқылы осыған ұмтылған болатын. Яхве еш
-
кімге және ешнәрсеге бағынбайды: «Мен – кім болсам, Солмын». Ол Өзі кім 
боламын деп шешсе, сол болады, еш нәрсеге кепілдік бермейді. Ол тек бір 
нәрсеге – Өз халқының тарихына үнемі араласып отыруға уәде береді. Бұл
 
Шығу
туралы мифте айқын көрсетілген: Яхве ең қиын-қыстау жағдайлардың 
өзінде еврейлерді болашаққа үмітпен қарауға иландыра алады. 
Құдіретті жаңаша сезінудың құны соған сәйкес қымбатқа түсті. Көне Ас
-
пан Құдайы жердегі істерден мүлде алыс еді; кейіннен пайда болған Ваал, 
Мардук пен Құдай-Ана адамдарға сәл де болса жақындады, бірақ Яхве ада
-
милық пен құдайлық арасын алынбас қамалдай бөліп тастады. Мұны Си
-
найдағы кездесу туралы хикая айқын көрсетті. Құдай таңдаған халық тауға 
жақындағанда, оған киім-кешегін жууға және алыста тұруға бұйрық беріл
-
ді. Мұсаның израилдықтарға ескерту жасауына тура келді: «Тауға шығудан 
және оның етегіне жақындаудан сақтаныңдар; тауға қол тигізген әрбір жан 
өлім құшады». Адамдар таудан жырақта жиылып тұрады, таудың басына от 
пен жалынға оранған Яхве түседі: 
Үшінші күн дегенде, таң ата, күн күркіреп, найзағай ойнайды, тау 
басын қалың бұлт басып, күшті керней даусы естілді;
Қосындағы бүкіл халық қорқыныштан дірілдеді.
Содан Мұса қосындағы халқын Құдаймен кездесу үшін тау етегіне 
жинайды.
Синай тауы, Құдай [Яхве] оған отқа оранып енген кезде, түгел бық
-
сып жанып тұрды; пештен шыққан жалындай, таудан түтін будақтап 
шығып, бүкіл тау теңселіп тұрды
23
.
23
Шығу
. 19:12–18.


44
Мұса тау басына жалғыз өзі көтеріліп, Өсиет тақтасын қабылдап алды. 
Пәрмен жоғарыдан түсірілді, - бұл пұтқа табынушылардың құдайдың жар
-
лығын тәртіп, келісім және әділеттілік ұстанымдарына негізделген кез кел
-
ген нәрседен көруге болады деген түсініктеріне қарама-қайшы болды. Та
-
рихи Құдай Өз әрекетінің басты алаңы болып саналатын күнделікті өмірді 
ерекше назарда ұстауы мүмкін; ал келесі жағынан алсақ, Ол бұл дүниеден 
мүлде жырақ болуы ықтимал.
Шығу
дың б.д.д. Ү ғасырда қалыптасқан ақырғы мәтінінде Құдай Синай 
тауында Мұсамен одақ немесе шарт жасасқаны айтылған (бұл шамамен 
б.д.д. 1200 жылы болған деп болжанады). Бұл мәселе де ғалымдар ара
-
сында көптеген пікірталас туғызды; кейбіреулер өсиеттің Израил үшін тек 
б.д.д. ҮІІ ғасырдың соңына таман ғана маңызға ие болғанын алға тартты. 
Қалай десек те, одақ идеясы сол кезде израилдықтардың діні Бір Құдайға 
табынушылық болмағандығын тағы бір көрсетті, өйткені мұндай келісімнің 
политеистік ортада ғана мәні болар еді. Израилдықтар Яхвені, Синайлық 
Құдайды жалғыз Құдай деп санамады. Олар тек Оған Сенен басқа ешкімге 
сыйынбаймыз деп сөз берді, ал басқа құдайлардан бас тартты. Бес кітап
-
тан монотеистік мәндегі бір тұжырым табудың өзі қиын. Басқа құдайлардың 
бар екендігі Он Өсиеттің өзінде айтылып кеткен: «Менің жүзімнің алдында 
басқа құдайларың болмасын»
24
.
Бір Құдайға табыну – ол тұста теңдесі жоқ қадам. Перғауын Эхнатон бір 
күні тек күн құдайына табынуды және басқа дәстүрлі мысырлық құдайлар
-
ды ұмытуды ойлайды, бірақ оның мұрагері бірінші кезекте бұрынғы саясат
-
ты қайта орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет