элохимі
тек Яхве болады, «Сонымен
өздеріңдегі жат құдайлардан бас тартыңдар, - деді Иисус, - жүректеріңді Из
-
раил Құдайына [Яхве] бұрыңдар»
26
.
Тәураттың айтуынша, халық өз сөздеріне онша бекем болған жоқ. Соғыс
уақытында Яхвенің қорғауына мұқтаж болған кезде ғана олар антты еске
алды, ал бейбіт шақта бұрынғысынша Ваал, Анат пен Асиратқа сыйынды.
Яхве культі басқалардан өзінің тарихи шындыққа жақындығымен күрт
ерекшеленсе де, ол әдеттегі пұтқа табынушылық түсініктерінде жиі көрініс
25
Иис
.
Н
. 24:14–15.
26
Иис
. 24:23.
47
табатын. Соломон (Сүлеймен) патша Иерусалимде, әкесі Дәуіт иевусейлер
-
ден тартып алған қалада, Яхве ғибадатханасын салдырғанда, ол құрылысы
жағынан ханаан құдайларының құрметіне тұрғызылған храмдардан қатты
айрықшаланбады. Ол тең төрт бұрышты үш бөлмеден тұрды, ал ғибадатха
-
наның жүрегі «киелі орын» деп аталған текше (куб) пішіндес кішігірім бөлме
болды, ол жерде израилдықтардың жылдар бойы шөл кезгенде өздерімен
бірге тасып алып жүрген қасиетті мүлкі - Өсиет Қобдишасы сақталды.
Ғибадатханада ханаандық мифтерде айтылатын алғашқы дәуір теңізі –
Йамның символы ретінде қоладан жасалған үлкен көзе ыдыс және құнар
-
лылық әйел құдайы Асираттың құрметіне арналған екі он метрлік баған
орнатылды. Вефильде, Хевронда, Вифлеемде және Дандада израилдықтар
бұрындары ханаандықтар пұтқа табыну ғұрыптарын жүзеге асырған ғиба
-
датханада Яхвеге сыйынды. Иерусалим ғибадатханасы көп ұзамай ерекше
жағдайға ие болса да, онда сирек кездесетін ортодоксалды емес шаралар
да өткізілгеніне көзіміз жететін болады. Ғибадатхананы Яхвенің аспан са
-
райына ұқсата бастайды. Израилдықтардың күзде тойланатын өз Жаңа жыл
мейрамы пайда болды: Тазару Күнінде күнәһар текемен байланысты рәсім
өткізілетін, ал бес күннен кейін келетін Кернейлер Күнінде егіншілік маусы
-
мының басталғанына орай астыққа мадақ айтылатын. Кейбір діни жырлар,
Мардуктың зиккурат төріне жайғасқаны сияқты, Яхвенің Кернейлер Күні
ғибадатхана тағына отыру оқиғасына арналып, алғашқы бейберекетсіздікті
(хаосты) ауыздықтау құбылысын бейнелеген деп топшыланады
27
. Соломон
патша да аса қаталдығымен ерекшеленбейтін: оның пұтқа табынатын көп
-
теген әйелдері өз құдайларына құлшылық етті, ол көршілерінің нанымда
-
рына да біршама жылы шырай танытты.
Яхве культінің халыққа етене пұтқа табынушылықтың құрамына толықтай
жұтылып кету қаупі қашан да болған, бұл жайт әсіресе тоғызыншы ғасырдың
екінші жартысында ушыққан. Б.д.д. 869 жылы Ахав Солтүстік Патшалықтың
билеушісі болады. Оның әйелі, Тир мен Сидон (қазіргі Ливан) патшасы
-
ның қызы Иезавель пұтқа табынушылыққа құлай берілгендіктен, израил
-
27 James, The Ancient Gods, p. 152.
Қ
-
з
.,
мəселен
.,
Пс
. 29, 89
и
93,
олардың
жазылу
уақыты
«
Шығудан
»
кейін
деп
анықталған
.
48
дықтарды Ваал мен Асират дініне кіргізбекші болады. Оның қолдауын пай
-
даланған Ваал абыздары солтүстіктегілермен тез тіл табысады, ал кезінде
Дәуіт патша бағындырған бұл жердегілер Яхвеге салқын қабақ танытатын.
Ахавтың өзі Яхвеге сенімін сақтайды, бірақ Иезавелидің басқа дінді тарату
әрекеттеріне қарсы болмайды. Алайда оның билігінің соңында, елді алапат
құрғақшылық жайлаған кезде, Илия (тік.ауд: «Яхве – менің Құдайым») деген
пайғамбар пайда болады. Ол ұзын жүн шекпенін тері белдікпен буып алып,
ел кезіп жүрді және Яхвеге сатқындық жасағандарды ауыр жаза күтіп тұр
деп қорқытты. Илия (Ілияс) Яхве мен Ваалдың күштерін салыстырып көр
-
мек болып, халықпен бірге Ахав патшаның өзін Кармил тауына шақырды.
Ваалдың 450 пайғамбары қатысып отырған сол жерде ол: «Қашанға дейін
екі Құдайдың арасында сабылып жүресіңдер?» - деп жалынды сөз сөйлейді:
Содан кейін, оның белгі беруімен құрбандық шалатын орынға бірі – Илия
үшін, екіншісі Ваал пайғамбарлары үшін деп екі бұзау (торпақ) қойылады.
Бақталастар Құдайларына жалбарынғанда, кімнің құдайы аспаннан от жі
-
беріп, құрбандықты жалмайтынын көздерімен көрулері керек болды. «Жақ
-
сы!» - десті халық. Ваал пайғамбарлары таң атқаннан құдайларының атын
атап шақырып, құрбандықты айнала селкілдеп билейді, өкіріп жылап жүріп,
өздерін пышақпен де, найзамен де түйрейді, бірақ «дыбыс та, жауап та бол
-
майды». «Қатты дауыстаңдар, - деп Илия оларды одан ары масқаралай түсті,
- бұл Құдай ғой: ол ойланып кеткен шығар, немесе шұғылданып отырған
жұмысы бар шығар, немесе жол үстінде шығар, мүмкін ол ұйықтап жатқан
шығар, онда оятыңдар». Бірақ ештеңе де болған жоқ: бұрынғысынша «ды
-
быс та, жауап та жоқ, құлаққа ештеңе де естілмейді».
Илияның кезегі келеді. Халық Яхвенің құрбандық орнына жақындай
-
ды, пайғамбар болса, айналдыра ор қазып, ылғал тартқан отынның жануы
қиындау үшін оған су толтырады. Кенет Илия Яхвенің атын атағаны сол еді,
аспаннан от түсіп, бұзауды, құрбандық орнын, тіпті ордағы суды қоса жал
-
майды. Халық етпетінен жығылады. «Құдайдың [Яхве] аты – Құдай! – деп
айқайлады халық. – Құдайдың аты – Құдай!». Дегенмен Илия аса мейірімді
жеңімпаз емес екен. «Баалдық пайғамбарларды тұтқындаңдар, - деп бұйы
-
рды ол, - біреуі де қашып кетпесін»; кейін өзі абыздарды жақын маңдағы
49
аңғарға алып барып, барлығын түйреп өлтіреді
28
. Пұтқа табынушылық әдет
-
те басқа халықтарға өзін-өзі таңбайды (бұл орайда Иезавель – бір түрлі
қызық ерекшелік), өйткені пантеонда жаңа құдайларға қашан да орын та
-
былады. Илияның әрекеттері туралы көне мифтік хикаялар иеговизмнің әу
бастан бөтен сенімге тыйым салғанын және толығымен жоққа шығарғанын
көрсетеді, оның осы сипатын біз келесі тарауда талдайтын боламыз. Қы
-
рғыннан кейін Илия Кармил тауына көтеріліп, басын тізелерінің арасына
қойып, ғибадат жасауға кіріседі, арагідік қызметшісін көкжиекті қарап ке
-
луге жұмсайды. Соңында қызметшісі теңіздің үстінен «адамның алақанына
сыйып кететіндей» титтей ғана бұлтты көргенін хабарлайды, Илия оған Ахав
патшаға барып, нөсер жауынның астында қалмай тұрғанда үйіне жетіп алуы
керектігін айтуды тапсырады. «Сол екі ортада бұлт пен желден аспан тү
-
неріп, үлкен жауын басталды» - көңілі шаттыққа толған Илия белдігін қыса
тартып, Ахавтың күймесінің алдына түсіп жүгіріп бара жатты. Жауын жібер
-
ген Яхве дауыл құдайы болған Ваалдың билігін тып-типыл етіп, әскери әре
-
кеттермен қоса, егіншілік ісін де жетік игергендігін дәлелдеді.
Абыздарға жасаған соққысы үшін кекке ұшыраудан сақтанған Илия Си
-
най түбегіне қашып барады және Мұсаға Құдай көрінген тауда жасырынады.
Сол жерде иеговизмнің жаңа руханилығы белгі берген Құдайдың көрінісі
болады. Құдайдың уахиымен қабаттаса жүретін қауіптерден сақтануы үшін
Илияға жартастың жықпылына барып жасырына тұру бұйырылады:
Міне, Құдай [Яхве] алдында тауларды жарып,
жартастарды бұзатын үлкен де күшті жел өтер;
бірақ Құдай желде емес.
Желден кейін зілзала болады, бірақ
Құдай зілзалада емес.
Зілзаладан соң от болады; бірақ Құдай отта емес. Оттан кейін са
-
мал жел еседі.
Осыны естіген Илия бетін мейірімділікпен бүркейді...
29
28 3
Пат
. 18:20–40.
29 3
Пат
. 19:11–13.
50
Пұтқа табынушылардың құдайларынан ерекшелігі, Яхве қандай да бір та
-
биғат құбылысына теңестірілмейді және мүлде басқа кеңістікте орналасқан.
Ол жұмсақ самал лебінің әрең сезілетін дірілінде, үнсіздік сарыны үлесіне
тиген ой жетпес ғажайыпта бүркемеленген.
Илия оқиғасы – көне еврей мәтіндеріндегі өткенді баяндайтын соңғы
мифтік хикая. Сол кезде айналаның бәрінен өзгеріс қарсаңындағы көңіл-
күй сезілді. Б.д.д. ҮІІІ-ІІ ғғ. аралығын «Кіндік кезең» деп атау қабылданған,
өйткені осы алты ғасыр ішінде өркениетті әлемнің шешуші аймақтарында
халықтар жаңа, бетбұрысты және ілгерішіл идеологиялар қалыптастырды.
Жаңа діни жүйелерде экономикалық және қоғамдық өмірдегі өзгерістер
көрініс берді. Себебін әлі ақырына дейін анықтай алмай келеміз, бірақ бар
-
лық ірі өркениеттер, тіпті араларында сауда байланыстары болмағанның
өзінде (мәселен, Қытай және Еуропа), өзара жарыса дамыды. Әл-ауқаттың
көтерілуі саудагерлер сословиесінің күшеюіне алып келді. Ендігі жерде
билік патша сарайлары мен ғибадатханаларда емес, сауда алаңдарында
шоғырланды. Баю зияткерлік пен мәдени көркеюге, сондай-ақ жеке сана
-
ның өсуіне алып келді. Қаладағы өзгерістер жылдамдаған сайын теңсіздік
пен қанау ушыға берді, адамдар бірте-бірте өз әрекеттерінің болашақ ұр
-
пақтар тағдырына қатты әсер ететіндігін түсіне бастады. Әр аймақта осы
шиеленістерді шешуге ұмтылған өзіндік идеологиялар: Қытайда – даосизм
және конфуцийлік, Үндістанда – индуизм және буддизм, Еуропада – фило
-
софиялық рационализм пайда болды. Таяу Шығыс бірыңғай шешімге келе
алмады, бірақ Иран зороастрлары мен израилдық пайғамбарлар Бір Құдай
-
ға табынушылықтың түрлі нұсқаларын жасап шығарды. Құлаққа жат естіл
-
генімен, сол дәуірдің басқа да діни жаңалықтары сияқты, «Құдай» идеясы
ентелеген капитализм рухындағы нарықтық экономика заңдарымен дамы
-
ды.
Келесі тарауға өтіп, Яхвенің жаңғырған дінін талқыламас бұрын, жаңа екі
бағытқа қысқа шолу жасайық. Үнді діндарлығы ұқсас жолдармен дамыды,
бірақ оның тарихындағы басқаша басымдықтар Құдай туралы израилдық
түсініктерге тән сипаттамалар мен айрықша мәселелерді жақсырақ тал
-
дауға көмектеседі. Платон мен Аристотель рационализмінің маңызын еш
51
кемітуге болмайды, өйткені яхудилер, христиандар мен мұсылмандар көне
гректерден көп идеяны сіңірді және грек құдайы олардың құдайларынан
мүлде басқа болғанына қарамастан, оларды өздерінің діни тұжырымдары
-
на бейімдеп алды.
Б.д.д. ХҮІІ ғасырда қазіргі Иран жерінен Үнді алқабына арийлер баса
көктеп кіріп, жергілікті халықты тез бағындырды. Арийлер жергілікті ха
-
лыққа «Ригведа» деп аталатын гимндер жинағында баяндалған өз діни
түсініктерін таңды. Бұл киелі мәтіндерде көптеген құдайлардың аттары
аталып, олар шамамен таяушығыстық құдайлар тұтынған құндылықтарға
табан тіреді, яғни табиғат күштеріне билік, жан және даралық дарытты. Де
-
генмен «Ригведада» көптеген құдайлардың бетперделерінің артында ұлы
да жалғыз құдіретті Абсолюттің жүзі жасырынғандығы туралы түсініктің
белгілері байқала бастайды. Бабылдықтар сияқты, арийлер де мифтерінің
ақиқат туралы шынайы әңгіме емес, құдайлардың өздері де сөзбен сурет
-
теп бере алмайтын жұмбақтың астарлы кескіндері екендігін жақсы сезінген.
Алғашқы бейберекетсіздіктен Құдайлар мен күллі әлемнің келіп шығуын
елестетуге тырысқан арийлер болмыс құпиясын ешкім, тіпті құдайлардың
өздері де тани алмайды деген қорытындыға келеді:
Бұл жаратылыс қайдан келіп шықты?
Өзін-өзі жаратты ма, әлде жоқ па,
Жоғары аспаннан әлемді бақылаушы –
Сол ғана мұны біледі –
Немесе білмейді
30
.
Веда діні өмірдің пайда болуын түсіндіруге және философиялық
сұрақтарға дәл жауап беруге тырыспады. Ол адамдарға тек болмыстың
сыры мен қорқынышына етене болуға көмектесті. Ведалар жауап іздеуден
гөрі сұрақтарды көп қойды; олардың міндеті адамдардың рухындағы риза
-
шылық таңданыс күйін демеу ғана болды.
30
Ригведа
. 10:29 «
Гимн
о
сотворении
мира
».
Перевод
Т
.
Елизаренковой
.
Цит
.
по
изд
.:
Поэзия
и
проза
Древнего
Востока
. –
М
.:
Художественная
литература
, 1973. –
С
. 389.
52
Б.д.д. ҮІІІ ғасырда Таяу Шығыста
Достарыңызбен бөлісу: |