Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет23/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

катар
-
систі (katharsis)
тудырады деген әйгілі әдеби теориясының негізін салды: 
ол бойынша адам еңсесін көтеріп, қайта тірілгендей күйге бөленеді. Баста
-
пқыда діни мейрамдардың бір бөлшегі болған көне грек трагедиялары та
-
рихи оқиғалар туралы шынайы әңгімелерден құралды дей алмаймыз; ба
-
стысы, оларда терең ақиқатты ашу дәріптелді. Жылнамалық тарих поэзия 
мен мифке қарағанда мейлінше қарапайым болды: «... бірінші [тарихшы] 
шындығында болғанды айтады, ал екінші [ақын] болуы мүмкін нәрсені ай
-
тады. Сондықтан поэзия тарихқа қарағанда философиялық және маңызды 
сипатқа басымырақ ие: поэзия жалпыны айтса, тарих жалқыны айтады»
39

Тарихи Ахилл немесе Эдиптің болмауы да мүмкін еді, бірақ олардың ғұ
-
мырбаяндарының шынайылығының еш мәні жоқ, себебі Гомер мен Софо
-
клдың кейіпкерлері адам туралы терең ақиқаттарды қозғайды. 
Катарсис 
туралы Аристотель теориясы трагизм ықпалымен ақиқаттың философиялық 
анықтамасы ретінде көрінсе, оны 
Homo religiosus
үнемі іштей сезінетін: 
оқиғаларды символдық, мифологиялық немесе ғұрыптық тілмен беру қазір
-
38 «
О
философии
», 
фрагмент
15.
39
Поэтика
, 1451b, 3. 
Перевод
В

Г

Аппельрота

Цит

по
изд
.: 
Аристотель

Об
искусстве
поэзии
. – 
М
.: 
ГИХЛ
, 1957. – 
С
. 67–68.


64
гі өлшеммен түкке тұрмаса да, оларды нәзіктік сыйлап, ұнамды да таза нәр
-
сеге айналдырды. 
Құдай туралы аристотельдік түсініктер кейінгі монотеистерге, әсіресе Ба
-
тыс христиандарына қатты ықпал етті. «Физикада» ол шынайылық табиға
-
ты, әлемнің құрылымы мен құрамы туралы толғайды. Аристотель эманация 
арқылы жарату туралы көне аңыздардың өзіндік философиялық нұсқасын 
жасап шығарады: ол әрқайсысы өзіне дейінгі сатылардың қозғалысын 
анықтайтын болмыстардың сатысын құрады. Эманация туралы аристо
-
тельдік теорияның көне мифтерден айырмашылығы сонда, алғашқы қай
-
нар көзден алыстаған сайын ол көмескілене береді. Тізімді «Қозғалмайтын 
Қозғаушы» бастады, оны Аристотель Құдаймен теңестірді. Бұл Құдай таза 
Болмыс болғандықтан, мәңгі, өзгермейтін және руханилыққа толы болды. 
Құдай – бұл таза ойлау, сонымен бірге ойлаушы және сол ойдың өзі де; 
Ол танымның жоғары объектісі – Өзін-Өзі бейнелеудің мәңгілік сәтінде бо
-
лады. Материя өзгермелі және өткінші болғандықтан, болмыстың жоғары 
деңгейлері ешқандай материалдыққа ие емес. Қозғалмайтын Қозғаушы – 
ғаламдағы кез келген әрекеттің қайнар көзі, себебі әрбір қозғалыстың се
-
бебі бар, ал оның – өз себебі, осылайша алғашқы себеп болуы керек. Құдай 
әлемді еліктіру арқылы қозғалысқа келтіреді, өйткені барлық жаратылыс 
Болмысқа ынталылық сезінеді.
Дегенмен, адамның өз орны айрықша. Оның жаны ақылдылықтың құдай
-
лық қабілетіне сүйенген, бұл адамдарды Құдаймен жақындастырады және 
олардың бойына құдайлық болмыс дарытады. Құдайға ұқсас ой қабілеті 
адамды өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен жоғары қояды. Тән мен жан
-
ның бірлігі ретінде ол микрокосм – кіші әлем болып саналады, өйткені оның 
бойына төменгі материялар да, жоғары сана қасиеті де дарыған. Адамның 
міндеті – санасын ұштай отырып, өлмейтін Құдай болу. Адамның абыройлы 
қасиеттерінің бірі – даналық –
 софия (sophia)
философиялық ақиқатты пай
-
ымдау 
(теория)
арқылы беріледі, ал ол, Платон айтқандай, Құдайдың Өзінің 
әрекетіне еліктеу болғандықтан, құдайлыққа алып барады. 
Теория
– тек ло
-
гикалық ой машығы ғана емес, жетік интуиция да. Оларды ұштастыру өзін-
өзі тану рахатына алып келеді. Мұндай даналық сирек адамға тән, қалған
-


65
дары әрі кеткенде тек 
фронезиске (phronesis)
– тіршілік тәжірибесінен туған 
болжампаздыққа ғана қол жеткізе алады. 
Бұл жүйеде Қозғалмайтын Қозғаушының маңызды орын алғанына қара
-
мастан, Аристотельдің Құдайы діни құндылықтан мүлде жұрдай. Ол – әлем 
жаратушысы емес, өйткені жарату мұндай құдайдың қолынан келмес өз
-
герістер мен әрекетті білдірер еді. Барлығы Оған ынтық болғанымен, бұл 
құдай әлем істеріне немқұрайлы қарайды, өйткені Ол үшін Өзінен төмен 
саналатынды ойға алу мүмкін емес. Әлемді де Ол, әрине, билемейді, сон
-
дықтан өмірімізге ешбір ықпал жасай алмайды. Өзінен Өзі болмысының 
болмай қоймайтын салдары ретінде келіп шыққан ғарыштың барын Құдай 
біле ме, жоқ па, оны жорамалдау ғана қалып тұр. Сол сияқты «Құдай бар 
ма?» деген де – жанама ғана сұрақ. Кейіннен Аристотель өз теологиясынан 
өзі бас тартқан болуы ықтимал. Ол Платон екеуі «Кіндік кезеңде» өмір сүрді, 
олардың барлық назары жеке санада, адам бақыты мен қоғамдық әділет 
мәселелерінде шоғырланды. Сонымен бірге, олардың философиялары тым 
асқақ еді. Таза әлем туралы платондық идеялар да, Аристотельдің қол жет
-
пес алыстағы Құдайы да қарапайым адамдар үшін мүлде пайдасыз болды. 
Кейіннен мұны яхудилік және исламдық перипатетиктер мойындады. 
Осылайша, «Кіндік кезеңнің» жаңа идеологиялары бір мәселеде тоғысты: 
адам өмірінде танылмайтын жоғары және де маңызды әлдебір нәрсе бар. 
Жоғарыда аталған данышпандар мұны әрқалай түсіндірді, бірақ бірдей қо
-
рытындыға келді: ол соңыра толық адам концепциясының дамуында басты 
маңыз атқарады. Бұрынғы мифологиялармен қоштасуға ешкім асыққан жоқ; 
тек оларды басқаша түсіндіріп, адамдардың бір саты биіктеуіне ықпал етті. 
Осындай пәрменді идеологиялар қалыптасқан уақытта израилдық пайғам
-
барлар өз дәстүрлерін өмір салтындағы өзгерістерге сәйкесетіндей етіп әрі 
қарай кемелдендірді. Нәтижесінде Яхве біртіндеп 
жалғыз 
Құдайға айналды. 
Бірақ дегбірсіз күйгелек Яхве асқақ көріністердің үдесінен қалай шықты?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет