(theoria)
айналдыруға болатынын көр
-
сетеді. Сократтың тәлімгері Диотиманың аузына сала отырып, автор кемел
Сұлулықтың әдепкі әлемдегіден айырмашылығын оның қайталанбастығы,
мәңгілігі және абсолюттігі деп түсіндіреді:
[Әдемілік – бұл]… бұл, біріншіден, тууды, өлуді, өсуді, азаюды біл
-
мейтін мәңгі нәрсе, екіншіден, әлдебір нәрседе әдемі емес, әлдебір
62
нәрседе ұсқынсыз, бір уақытта емес, бір жерде, бір нәрсе үшін және
бір нәрсемен салыстырғанда әдемі, басқа уақытта, басқа жерде, басқа
үшін және басқамен салыстырғанда ұсқынсыз. Әдемілік бет, қол неме
-
се дененің бір бөлшегі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім
түрінде емес, басқа бір нәрсе, тіпті ол жануар, Жер, аспан не тағы бір
нәрсе түрінде емес, өз-өзінде, өзіне ғана ұқсас
37
.
Басқаша айтар болсақ, Әдемілік сынды идеялардың діндарлар «Құдай»
деп атайтын болмыспен көп ұқсастығы бар. Бірақ оның асқақтығына қа
-
рамастан, кемелдікті адам санасынан іздеу керек. Қазір ойлауды ерік-жі
-
гер әрекеті деп есептейді, бірақ Платон оларды ақылда да жүзеге аса ала
-
тын нәрсе деп білген: ол үшін ойлау нысандары сана арқылы қабылданып,
өздігінше әрекет ететін ақиқаттар болып табылады. Сократ сияқты, Платон
да ой машығын еске түсіру, бұрын белгілі болған, бірақ ұмытылған нәрсені
жадта жаңғырту процесі деп қабылдаған. Адамдар күнәға батқан құдай
-
лар болғандықтан, олардың жандарында құдайлық әлем бітімдері туралы
естелік әлі де сақталады; сол бітімдерге мидың рационалды әрекеті ғана
емес, өз бойымызда бүркелген мәңгі ақиқатты интуитивті түрле таныта ала
-
тын ақыл арқылы «жанасуға» болады, Бұл түсініктер бірқұдайшылдықтың
барлық үш дінінің мистиктеріне де әжептәуір әсерін тигізді.
Платон ғаламның құрылымы рационалды деп есептеді және осы арқылы
келесі бір мифті, яғни әлем туралы болжам айтатын концепцияны дүние
-
ге әкелді. Аристотель (б.д.д. 384–322 жж.) осы бағытта тағы бір қадам жа
-
сады. Ол логикалық ой машығының кез келген ғылымның негізі ретіндегі
маңызын алғаш болып бағалады және осы жолмен бүкіл әлемді тануға бо
-
латындығына сенді. Аристотель «Метафизика» (бұл атауды оның шығарма
-
ларын
meta ta physika,
«физикадан кейін» орналастырған редактор ойлап
тапқан
)
деген жалпы тақырыппен ақиқатты теориялық тануға арнаған он
төрт трактатынан бөлек, теориялық физика мен эмпирикалық биологияны
37
Мына
дереккөзден
алынды
:
Перевод
С
.
К
.
Апта
.
Цит
.
по
изд
.:
Платон
.
Сочинения
в
трех
томах
,
том
2. –
М
.:
Мысль
,
Философское
наследие
, 1970. –
С
. 142, 211
а
, b.
63
зерттейді. Осының бәріне қарамастан, Аристотель өте қарапайым болды. Ол
өз бетінше ешкім де ақиқатты тани алмайды, бірақ әркім білімнің жалпы
адамзаттық қазынасына өзінің үлесін қоса алады деген. Платон еңбектері
-
не ол біржақты қарамаған – мәселен, платондық трансцендентті пішіндер
көрінісіне қарсылық білдіреді және олардың мәңгі әрі тәуелсіз өмір сүру
тезисін жоққа шығарады. Аристотель біздің әдепкі әлемнің нақты матери
-
алдық объектілеріне енген кезде ғана пішіндер (формалар) шынайылыққа
ие болады деген пікірде болған.
Ғылыми деректер мен «жербетілік» көзқарасқа ықылас білдіргеніне
қарамастан, Аристотель дін мен мифологияның табиғатын және маңызын
жіті түсінген. Ол қандай да болсын діни құпияларға бойлаған адамдардың
фактілерді зерттемей, «белгілі бір сезімдерге бөленіп, белгілі бір рухани
хәлді бастарынан кешірулері керек» екендігін айтқан
38
. Бұл ой оның қай
-
ғылы жағдай қорқыныш пен аяушылық сезімдері арқылы тазару –
Достарыңызбен бөлісу: |