Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет27/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

хеседпен 
байланысты, яғни көзге ұрып тұрған жария ғиба
-
даттан гөрі Яхвеге шын көңілмен, рухани тұрғыдан құлшылық еткенді артық 
санайды. 
Осияның баяны пайғамбарлардың Яхве бейнесін қалай дамытқанын ег
-
жей-тегжейіне дейін тамаша ашып көрсетті. Бастапқы әрекетінде-ақ Яхве 
Осияға: бар да, жезөкшеге үйлен 
(эшет цеюним),
«өйткені Құдайынан бас 
тартқан осы ел әбден жезөкшелік жолына түскен», - деп оғаш бұйрық бе
-
реді 
64
. Бірақ, анығында, Құдай Осияға тіпті де көше бойлаған бикешті тауып 
алуға әмір етпеген: 
эшет цеюним
(сөзбе-сөз: «жүрісі жеңіл әйел») сөз тір
-
кесі тұла бойын желік буған талғамсыз әйелді немесе құнарлылық культіне 
қатысатын ғибадатхана жезөкшесін білдіреді. Мұндай культтің кең таралуы
-
на Осияның алаңдаушылық танытқанына қарағанда, әйелі Гомерь Ваал ғи
-
бадатханаларының бірінде «қасиетті» жезөкше болғанға ұқсайды. Ендеше, 
бұл неке Яхвенің қыдырымпаз Израилмен қарым-қатынасының символына 
айналған. Осия мен Гомерьдің үш баласы бар еді; олардың әрқайсысына 
мағынасының астары көп, тағдырлы есімдер қойылған. Үлкен ұлын атақты 
62
Қараңыз

Ос
. 2:23–24.
63
Ос
. 2:16–17.
64
Ос
. 1:2.


77
соғыс алаңының құрметіне Изреель, қызын Лорухама («сүйкімсіз» немесе 
«бағы ашылмаған»), кіші ұлын Лоамми («менің халқым емес») деп атаған. 
Үшінші перзенттің тууы Израилмен арадағы анттың бұзылуын былайша біл
-
дірді: «Сендер - Менің халқым емессіңдер, Мен сендердің Құдайларың бол
-
маймын»
65
. Өз халқының тарихын тартымды етіп көрсетуге ұмтылушылық 
пайғамбарларды түрлі түсініксіз әрекеттерге итермелегеніне көзіміз әлі та
-
лай рет жетеді. Бірақ, мәлім болғандай, Осияның некесі салқынқанды есептің 
бір бөлшегі емес екен. Пайғамбарлық хабарлар Гомерьдің балаларды туған 
соң
 
ғана 
эшет цеюним
ге айналғанын айқын көрсетеді. Осия мұндай некені 
Құдайдың маңдайына жазып қойғанын кейіннен барып түсінген секілді. Әй
-
елінен айырылу ащы сабақ болды да, ол Ваал сияқты құдайлардың етегіне 
жығылған бүкіл халқы Өзін сатып кеткенде Яхвенің қандай күйге түскен
-
дігін түсінді. Әуелде Осия Гомерьден теріс айналып, оны мәңгіге ұмыту ке
-
ректігі туралы ойдың құшағында болады; заңдар шынында да көзіне шөп 
салған әйелмен ажырасу қажеттігін айтты. Бірақ Осия жұбайын бұрынғы
-
сынша жақсы көреді де, ақырында оны іздеп тауып, жаңа қожайынынан са
-
тып алады. Өзінің Гомерьді қайтарып алуға ұмтылған әрекетінен ол Яхвенің 
де Израилға тағы бір мүмкіндік беруге дайын екендігінің дәлелін көреді. 
Құдайға адами сезімдері мен ойларын таңа отырып, пайғамбарлар Оны 
өздерінің бітім-болмысына ұқсатып жасап алды; ал мұның зор маңызы бар 
еді. Патша әулетінің мүшесі Исайя Яхвені билеуші деп білді; Амос Құдай
-
ға кедейлерге деген мейірімді дарытты; ал Осия Құдайды алданған, бірақ 
әлі де болса жұбайына деген сағыныштан елжіреген күйеу кейпінде көрді. 
Барлық діннің бастауында антропоморфизмнің белгілі бір сипаттары жата
-
ды. Адамнан өте алыс Құдай, мәселен, аристотельдік Қозғалмайтын Қозға
-
ушы ешқашан рухани ізденістерге жетелемейді. Осындай сипаттамалар 
ерқашты болып біткенінше, әжептәуір пайдалы және қолайлы. Адам тұрпа
-
тындағы Құдайдың қиялдағы бейнесі қоғамның тағдырына алаңдаушылық 
сезімін қозғағандығын тағы да айта кеткен жөн; мысалы, индуизмде мұндай 
нәрсе ешқашан болған емес. Бірқұдайлықтың үш дініне де Исайя мен Амо
-
65
Ос
. 1:9.


78
стың қоғамдық теңдікке ынта-ықыласы мен «социалистік» адамгершілік 
қағидалары 
тән 
болды. Көне еврейлер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін 
енгізген әлемдегі бірінші халық болуы ықтимал; бұл пұтқа табынушы көр
-
шілерінің зор таңданысын туғызды. 
Барлық пайғамбарлар сияқты, Осия да пұтқа табынушылық үрейінен 
арылған емес. Ол қолдан жасалған құдайларға сыйынғандары үшін сол
-
түстік тайпалардың Құдайдың пәрменімен тартатын азабын ашық бейне
-
лейді:
Міне, қазір олар күнәларының үстіне күнә жамады: өздері үшін 
ұғымдарына сай етіп күмістен пұт жасап алды, - түгелімен сурет
-
шілердің жұмысы, - әрі олар құрбандық шалған адамдарға «бұзаулар
-
ды сүйіңдер!» деді 
66
.
Бұл, әрине, ханаандық сенімнің үстірт және әділетсіз сипаттамасы. Бабыл 
және Ханаан тұрғындары бейнелерге ешқашан құдайлық сипат телімеген; 
олар тіпті де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет