Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет52/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Сredere, 
«сену» сөзі «жүрегін аманат ету» деп ау
-
дарылатын 
cor dare 
сөзінен келіп шыққан болу керек. 
«Credo!»
(«сенемін!», 
немесе, грекше, 
pisteno
) деу эмоционалдықтан гөрі интеллектуалдық қа
-
тынасты бідірді. Мәселен, 392 мен 428 жылдар аралығында Киликиядағы 
Мопсуэстия дінбасысы болған Федор тыңдаушыларға былай дейтін:
«Сенемін»
(pisteno) 
деп Құдайға ант бергенде өзіңнің Оған се
-
нетініңді, Одан бас тартпайтыныңды, Оны басқалардан жоғары тұта
-
тыныңды, Онымен өмір сүріп, Соның заңдарымен әрекет ететініңді 
көрсетесің
179
.
Кейін христиандарға өз сенімдерін теориялық тұрғыдан бұлжымастай 
етіп негіздеу қажеттігі туды. Сөйтіп, олардың ортасында теологиялық пікір
-
таластарға деген әлемдік діндер тарихында теңдесі жоқ құштарлық оянды. 
Иудаизмде ресми доктрина жоқтығы белгілі, ал Құдай туралы түсінік әр
-
кімнің жеке шаруасы болып қала берді. Ерте христиандар да өз сенімінде 
осындай көзқарасты тұтынды. 
Екінші ғасырда христиандықты қабылдаған кейбір пұтқа табынушылар 
адасып жүргендерді тура жолға салып, жаңа сенімнің жалпыға жағымды 
дәстүрден соншалықты қол үзіп кетпегендігін дәлелдеуге тырысты. Сондай 
уағызшылардың бірі, дін жолында азапты өлім құшқан Иустин Кесарийский 
(100–165 жж.) еді. Оның түпкі мәнді тануға ұмтылысында сол дәуірге тән 
рухани арпалыстың бейнесі таңбаланды. Иустин жұрттың алдына жарқы
-
179 Ad Baptizandos, Homily 13:14; quoted by Wilfred Cantwell Smith, Faith and Belief (Princeton, 1979), p. 


142
рап шыққан терең ойшыл болған жоқ. Христиандықты қабылдамас бұрын, 
ол стоиктерге де, перипатетиктерге де, пифагорлықтарға да жүгінеді. Бірақ 
олардың күрделі теорияларын түсінбегенге ұқсайды. Иустинның мінезі мен 
ақыл-ой қабілеті философиямен шұғылдануға жарамайтын. Бірақ культтер 
мен ғұрыптар деңгейіндегі дін де оны қанағаттандыра қоймайды да, хри
-
стиандық бәрінен гөрі сәтті таңдау болып шығады. Өзінің екі 
апологиясын
-
да 
(150 и 155 жж. шамасы) ол шындығында христиандар дүниеде жалғыз 
ғана Құдай бар деген Платонның ізін басып келеді деп дәлелдейді. Христ
-
тың тууын грек философтары да, еврей пайғамбарлары да көріпкелдікпен 
болжаған деуі Иустиннің басты дәйегі болды; бұл ой пұтқа табынушыларға 
қатты әсер етті, себебі ол кезде сәуегейлік әлі де тиісінше құрметтелетін. 
Бұған қоса, уағызшы Иисусты стоиктер ғарыштық тәртіптің негізі деп есеп
-
теген 
логос
тың
 
немесе құдайлық ойдың көрінісі деп тұжырымдады; 
логос
бүкіл тарихтың өне бойында жер бетінде белсенді әрекет етіп, гректерді 
де, еврейлерді де тепе-тең шабыттандырып отырды. Иустин бұл жаңа ойды 
дамытуға ұмтылған жоқ, алайда оған қатысты мынадай көптеген сауал қой
-
ылды: Қалайша 
логос
адам кейпіне енген? 
Логос 
Сөз және Даналық секілді 
тәураттық ұғымдарға барабар ма? Оны Бір Құдаймен қандай қарым-қаты
-
настар байланыстырады?
Басқа христиандар мейлінше радикалды теологиялық жүйелерді жасау
-
мен әуестенді. Бұл ақиқат жолындағы пайымға деген сүйіспеншілікті емес, 
көңіл түкпіріндегі үрейден арылуды меңзеді. Мәселен, өздерінің құдайлық 
әлемнен бөлініп қалу себебін іздеу барысында 
гностиктер 
(«білетіндер») 
философиядан мифологияға қарай ауысты. Олардың мифтері Құдай және 
құдайлық сипат туралы мәліметтің жеткіліксіз екендігін бейнеледі; бұл 
надандықты олар қайғы-қасірет шегіп, ұятқа қалудың себепшісі ретінде 
байыптады. Александрияда 130-160 жылдар аралығында ұстаздық еткен 
Василидтің да, Римге Мысырдан келген оның замандасы Валентиннің де 
ізбасарларының қатары қалың болды; бұл христиандықты жаңадан қабыл
-
дағандардың көбісі не істерін білмей, абдырап, адасып жүргендігін көрсетті.
Барлық гностиктер «Құдай» деп аталатын танылмайтын ақиқаттан 
бастайды: Құдайдан біз кіші болмыс деп атайтын «Құдай» келіп шығады. 


143
Құдай туралы айтудың еш қажеті жоқ, өйткені ол шектеулі адам ақылының 
еншісінде емес. Валентиннің түсіндіруінше, Құдай дегеніміз 
...Тереңдік немесе Алғашқы бейне, қамтылмайды және көрінбейді, 
мәңгі және бастаусыз, сансыз ғасырлар бойы тыныштық пен үнсіздік
-
те тіршілік етті. Ол еркектік эон; оған «ой», немесе «қайырымдылық», 
немесе «үнсіздік» әйел эоны сәйкес болған
180
.
Адамдар қай кезде де осы Абсолют жайында болжамдар жасаған, бірақ 
бірде-бір түсініктеме ешқашан шынайы болмайды. Құдайды сипаттау мүм
-
кін емес; ол «ізгілік те», «зұлымдық» та емес. Оны «тіршілік етеді» деп те айта 
алмаймыз. Василид алғашқыда Құдай болмағанын, тек Жаратушы болғанын 
және Оның өзі «Ештеңе» болмағанын, өйткені, былайша айтқанда, тіршілік 
етпегенін тұжырымдады
181
.
Бірақ «Ештеңе» танылғысы келді, өйткені бұрынғыдай Тереңдік пен Үн
-
сіздікте жападан-жалғыз қалғысы келмеді. Оның болмысының түпсіз те
-
реңінде буырқанған өзгерістер орын алды, соның салдарынан көне пұтқа 
табынушылық мифтерде кездесетіндей, бірқатар эманациялар келіп шықты. 
Бірінші эманация «Құдай» болды, қазір оған сыйынады. Бірақ «Құдай» адам 
танымына жабық, ал бұл ұғымды ары қарай түсіндіру керек болды. Осы 
себептен одан жұп-жұбымен жаңа эманациялар шыға бастайды (э


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет