149
«жүз» арқылы көрінеді. Сабеллийдің шәкірттері болды. Бірақ христиандар
-
дың көпшілігін оның теориясы үрейлендіреді. Ол бойынша, Ұлының рөлін
ойнаған Құдай азап шеккендей болады, мұндай ой көпшілікке қолайсыз
болады. Сол дәуірде Самосаттық Павел (260 мен 272 ж. аралығында –Анти
-
охия епископы) де одан кем ыза туғызбады, ол бойынша, Иисус қарапайым
адам болды. Онда ғибадатханада өмір сүргендей, Сөз бен Құдайдың Да
-
налығы болды. 264 ж. Антиохия синоды Павел теологиясын жарамсыз деп
табады. Ол епископ атағын Пальмира патшайымы Зенобияның берген жәр
-
демі арқасында сақтай алады. Көріп отырғанымыздай, христиандар үшін
Иисустың Құдайлық болмысына деген сенімділігі мен Құдайдың жалғыз
екендігіне деген сенімділігін бір араға келтіру мүлде оңай болмаған. 202 ж.
Климент Иерусалим епископы маңындағы дінбасылық қызмет үшін Алек
-
сандрияны тастап кетеді де. Жаңа дінге кіргендерге арналған мектебіндегі
орнын тамаша шәкірті Ориген басады. Сол кезде ол жиырма жасқа келген
болатын. Бала кезінде Ориген аспанға апаратын сенімді жолдың азаптану
екендігіне қатты сенетін. Төрт жыл бұрын Аренада әкесі Леонид қайтыс бо
-
лып, Ориген оның салған жолына түскісі келеді. Бірақ анасы оның киімдерін
тығып қойып, райынан қайтарады. Бастапқыда Ориген христиандық өмір
бүкіл әлеммен күресті білдіреді деген сенімнен бастайды. Бірақ кейін ол
ойларынан бас тартады да, өзінің христиандық платонизм нұсқасын жасай
-
ды. Құдай мен дүниелік өмір арасындағы шыңыраудан тек ауыр азаптардың
арқасында өтуге болады деген сенімін жаңа теологияға ауыстырады. Яғни
әлемнің Құдаймен арасында үзілмейтін байланыс барына ерекше назар
аударады. Бұл жарқын, оптимистік, шаттыққа толы рухани доктрина болды:
отанымыз бен нағыз болмыс Құдайдың өзіне жеткенше христиан болмыс
баспалдақтарымен жоғары көтеріле береді.
Платоник ретінде Ориген Құдай мен адам жанының туыстығына сенді.
Оның ойынша, адамдар «еске» түсіріп, арнайы жаттығулармен оятуға бо
-
латын табиғи Құдайлық біліміне ие. Платондық философия мен семиттік
аңыздар арасын үйлестіру және Інжілді түсіндіру үшін арнайы символдық
тәсілді жасап шығарады. Мәселен, Христтың Мәриям ана құрсағында ер
-
кектің қатысуынсыз бітуін
Достарыңызбен бөлісу: