Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет57/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

катарсис 
процесінен өтуі және көрініске 
(теория) 
енуі керек. 
Жан ғарыш пен сезімдік әлем шегінен шығып кетуге, тіпті ақылының табиғи 
мүмкіндіктерінен асып кетуге тырысуы керек. Тек осылай ғана ақиқаттың 
өзегіне үңіле аласың. Бұл сыртқы ақиқатқа деген жоғарылау емес, керісін
-
ше, өз ақылыңның терең құпияларына бойлау, тіпті «іштің сыртқа ашылуы» 
деуге де келеді. 
Жоғары ақиқат – бұл о бастан бар бүтіндік, Плотин оны «Алғашқы жалғы
-
здық» деп атаған. Барлық болмыс өмірде бар болғанына осы құдіреті күшті 
ақиқатқа қарыздар. Алғашқы жалғыздық қарапайымдылықтың өзі болған
-
дықтан, ол туралы айтатын ештеңе жоқ. Оның мәніне кереғар келетін қаси
-
еттер жоқ болғандықтан, әдеттегі тілмен оны жеткізе алмайсың. Алғашқы 
жалғыздық тек 
бар
. Дәл осы себептен оның есімі жоқ: «Егер де Алғашқы 
жалғыздық туралы нақты ойланар болсақ, - дейді Плотин, - Тыныштық ол 
туралы көптеген ақиқаттың бетін ашар еді»
194
. Алғашқы жалғыздық бар 
194
Эннеадтар
, 5.6.


153
деп те айтуға болмайды, өйткені оның өзі Болмыс – ол «зат емес, әйтпесе 
басқалардан несімен ерекшеленер еді»
195
. Бұған Плотин мынаны қосады: 
Алғашқы жалғыздық – бұл «Барлығы және Ештеңе; бар заттың бірі де емес, 
бірақ сонымен бірге солардың әрқайсысы да»
196
. Кейін көзіміз жеткендей, 
мұндай ойлар Құдай баянының лейтмотиві болады. 
Тыныштық та толыққанды алғанда ақиқат емес, Плотиннің нақтылауын
-
ша, адамдар Құдайлықты толық тани алмайды. Алғашқы жалғыздық құпи
-
ялы сырмен қоршалған болса, бұл мүмкін болмас еді. Ол өз-өзінен жоға
-
рылап, Қарапайымдылығының шегінен шыққанда ғана, біз сияқты шетін 
жаратылысқа түсінікті болады. Мұндай Құдайлықтың өз-өзінен жоғарыла
-
уын «экстаз» деп атауға болады. Өйткені бұл «өзінен шығу» таза жомарттық 
актісі болып табылады. «Алғашқы жалғыздық кемел болғандығынан, ол еш
-
кімді іздемейді, ешбір мұқтаждығы, қалауы жоқ, оның өзі барлығына толы, 
осы толымдық бөгде бір нәрсені жасады»
197
. Бұл жерде жеке ештеңе жоқ. 
Плотиннің ойынша, Алғашқы жалғыздық адами сипаттардан, соның ішінде 
жекеліктен ада. Мінсіз қарапайым Қайнар көздің барлық болмысты неліктен 
жаратқанын түсіндіру үшін философ көне мифке бет бұрды және эманаци
-
яларды бірқатар аналогиялармен суреттейді. Күннен шыққан сәуле болсын, 
немесе оттан шыққан ыстық болсын, ыстық болған сайын оның қарабайыр 
жүрегіне жақындай түседі. Плотиннің Алғашқы жалғыздықты дөңгелектің 
ортасымен салыстыруы оның сүйікті метафорасы болды. Ол өзінен шығатын 
барлық дөңгелектерді өзіне сыйдыра алады. Эманациялар суға тасталған 
тастан шығатын дөңгелектерге ұқсайды. Бірақ кезекті жұп Құдайлардың ал
-
дындағыдан туындап, өз ата-анасынан кемелірек және қуаттырақ болатын 
«Энум Элиш» сынды мифтерден айырмашылығы, Плотин жүйесінде бәрі 
керісінше. Гностиктердегі секілді, болмыс өзінің Алғашқы жалғыздығындағы 
бастауынан алыстаған сайын әлсірей береді. 
195 Ibid., 5.3.11.
196 Ibid., 7.3.2.
197
Эннеады
, 5.2.1. 
Перевод
под
ред

проф

Г
.
В

Малеванского

Цит

по
изд
.: 
Плотин

Избранные
трактаты
в
2-
х
томах
. – 
М
.: 
РМ
, 1994. – 
Т
. 1. – 
С
. 27.


154
Алғашқы жалғыздықтың алғашқы екі эманациясын Плотин Құдайлық деп 
санады. Өйткені дәл солар адамдарға Құдай болмысын тануға және оған 
қатысты болуға мүмкіндік береді. Бұл эманациялар Алғашқы жалғыздықпен 
қосылып, Құдайлық Үштікті құрайды; бұл идея біздің қазіргі Үштік туралы 
түсінігімізге ұқсайды. Бірінші эманация, Ум 
(нус),
Плотин жүйесінде платон
-
дық идеялардың патшалығына сәйкес келді. Ум арқылы Алғашқы жалғыз
-
дықтың қарапайымдылығы интуитивті деңгейде, тікелей білім арқылы бол
-
са да, қолжетімді болады. Бұл мүлде азап ойлардың, ұзақ пайымдаулардың 
нәтижесінда алынатын білімдер емес. Бұл білім тікелей, белгілі бір затты 
қабылдайтын сезім ағзаларының таңданысына ұқсайды. Жалғыздан Умның 
шыққанындай, Умнан шығатын жанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет