Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет58/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(псюхе) 
кемелдігі сәл аздау; бұл дең
-
гейде білімді пайым жолымен алады. Сондықтан оған қарапайымдылық пен 
бірізділік жетіспейді. Жан бізге мәлім шынайылыққа сәйкес келеді. Мате
-
риалды және рухани болмыстың басқа барлық элементтері Жаннан келіп 
шығады. Ол өзінде бар бірлік пен үндестікті біздің әлемімізге жеткізеді. 
Тағы бір нақтылап өту керек: Плотиндегі Үштік, Алғашқы жалғыздық – Ум – 
Жан – «әлдебір жердегі» әлдеқандай бір Құдай емес. Оның көзқарасынша, 
Құдай барлық ғарышты ішіне сыйғызып тұр, ал Құдай барлығында болатын 
барлық нәрсе. Алғашқы жалғыздықтың абсолюттік болмысына қаншалықты 
қатыстылығы болуына қарай төменгі жаратылыс өмір сүреді
198
.
Эманациялардың шығу ағысы Алғашқы жалғыздыққа қайту қозғалы
-
сымен бәсеңдейді. Ой әрекетіміздің арқасында және қайшылықтар мен 
көптікке деген сенімсіздіктен бүкіл жаратылғандар жалғыздықты сағына 
мұңаятынын, яғни Алғашқы жалғыздыққа ұмтылатынын біз білеміз. Тағы да, 
бұл жоғары ақиқатқа көтерілу емес, ой түбіне іштей үңілу. Жан ұмытылған 
қарапайымдылыққа ие болуы керек және өзінің табиғи болмысына қайтуы 
керек. Барлық жандар әлдебір уақытта сол бір ақиқаттан туындағандықтан, 
адамзатты ортасында дирижері бар үлкен хормен салыстыруға болады. Бір 
әнші қалып қойған жағдайда ырғақтағы үйлесімділік бұзылады. Егер де бар
-
лығы дирижерге назар аударып, оны тыңдайтын болса, адамзаттың біртұтас 
198
Қараңыз

Эннеадтар
, 4.3.9.


155
әні тамаша шырқала жөнеледі. Өйткені «әркім міндетіне сай және Онымен 
үндесе ән шырқайды»
199
.
Алғашқы жалғыздықтың мүлде тұлғалығы жоқ, оның жынысы жоқ және 
де ол бізге мүлде назар аудармайды. Мұнымен бірге, Ум (
нус
) – грамма
-
тикалық жағынан алғанда ер тегіне жататын ұғым, ал Жан 
(псюхе)
– әйел 
текті, бұдан шығатыны, Плотин екі бастаманың тепе-теңдігі пен келісімі ту
-
ралы көне пұтқа табынушылық түсінікті сақтап қалуға тырысқан. Інжілдік 
Құдайдан айырмашылығы, Алғашқы жалғыздық алдымыздан шығып, үйіне 
бастамайды. Оның бізге ықыласы жоқ, бізді жақсы көрмейді және өзін бізге 
ашпайды. Алғашқы жалғыздық өзінен басқа ештеңені білмейді
200
. Дегенмен, 
кейде адам жаны Алғашқы жалғыздықты экстатикалық қабылдау сәттеріне 
таңдана қарайды. Плотин философиясы логикалық үдеріс емес, рухани із
-
деніс:
Сондықтан біз осы жерден тезірек кетіп, (жанды) байлаған тән құр
-
сауынан құтылып, барлық күшті Құдаймен бірігуге жұмсауға тыры
-
суымыз керек, онымен толық бірігу үшін бойымызда бірде-бір кедергі 
қалмауы керек. 
Мұндай бірлікке қол жеткізгендер, Құдайды көргендер мүмкіндігін
-
ше (табиғатымызға лайық) одан өзін көреді, рухани нұр жарығымен 
сәулеленеді; тіпті өзін таза, жіңішке нұр ретінде көреді. Ол өзін Құдай
-
ға айналғандай, тіпті өзін Құдай деп көреді...
201
Бұл Құдай бізге бөгде болмыс емес, өзіміздің бір бөлшегіміз болды. 
«Жалғызды тану ғылыммен, оймен емес, тек тікелей (оның) қатысуынан 
[па
-
русия]
жүзеге асады, бұл кез келген ғылымнан жоғары»
202
.
Христиандық біртіндеп платондық идеялар билеген салаларға жақын
-
199 Ibid., 4.3.9.
200 Ibid, 6.7.37.
201 Ibid., 6.9.9. 
Цит

по
изд
.: 
Плотин

Указ

соч
. – 
Т
. 2. – 
С
. 140.
202 Ibid., 6.9.4. – 
Указ
соч
. – 
С
. 131.


156
дап келе жатты. Кейінірек христиандық ойшылдар өздерінің діни әсерлерін 
түсіндіруге әрекет жасаған кезде, Плотин мен оның пұтқа табынушы ізба
-
сарларының неоплатондық ойларына жүгінулері табиғи болып көрінді. Көзі 
ашықтық ұғымы – тұлғасыз, адами категориялардан тысқары болса да, адам 
табиғатына жақын болу – Плотин білім алуды армандаған Үндістандағы ин
-
дуистік және буддистік мектептердің түсініктеріне жақын болды. Осылайша, 
үстірт айырмашылықтарға қарамастан, ақиқат туралы монотеистік түсінік
-
тер басқа философиялармен терең туыстық байланыста болды. Адамдар Аб
-
солют туралы ойланбайтын тұста, міндетті түрде ұқсас қорытындылар мен 
толқыныстарға келетін сияқты. 
Қатысу
сезімі, экстаз бен Ақиқатқа деген 
құрмет – нирвана, Алғашқы жалғыздық не Құдай болсын – бұлар адамдар 
мәңгі ұмтылатын ақыл мен қабылдаудың табиғи хәлдері. 
Христиандардың бірі грек әлемімен тату-тәтті болғысы келсе, басқала
-
ры, керісінше, олармен еш байланысқа бармады. Қуғын кезеңінің басталуын 
білдірген 170 жылдан кейін Фригияда (қазіргі Түркия территориясы) Мон
-
тан атты, Құдай бейнесінде іспетті, жаңа пайғамбар пайда болады. «Мен, 
адамға енген, Аса Құдіретті Құдаймын, - деді ол өзі. – Мен – Әке, Ұл, және 
Оның серіктері Присцилла мен Максимилланың Шапағатшысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет