Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет61/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

ex nihilo
тіршілі
-
гі түгелімен Құдай еркіне тәуелді болған әлемнің түбегейлі жалғандығын 
нақтылай түсті. Гректік танымдардың өзгешелігі, Құдай мен адамды енді 
туыстық қатынастар байланыстырмайтын еді. Құдай әрбір болмысты түпсіз 
бостықтан жеке-жеке алып шықты. Кез келген мезетте жаратылыстың әр
-
бір бөлшегіне көмектесе алмайтын. Үнемі Құдайдан шығатын болмыстың 
иерархиялық ұлы тізбегі жойылды. Онымен бірге Құдайлық 
мананы 
біздің 
әлемге көшіретін рухани болмыстардың аралық әлемі де жоғалды. Ендігі 
жерде адамдар өз бетінше Құдайға тіршілік сатысымен өрмелей алмай
-
тын болды. Мәңгілік құтқаруды адамға тек Құдай сыйлай алды. Ол алдымен 
адамды бостықтан алып шықты, сосын оған өмір берді. 


162
Христиандар өздерін Иисус Христостың өлімі және қайта тірілуі арқылы 
құтқарғандығын біледі; олар жоғалудан сақталып қалды және күндердің 
күнінде Болмыс пен Өмір сипаты бар Құдаймен қауышатынына үміттенді. 
Христ қандай да бір кереметтің арқасында Құдай мен адамды бөліп тұрған 
кедергіден өте алды. Бірақ Иисус мұны қалай істеді? Ұлы тұңғиықтың қай 
жағында тұрды? Ендігі жерде Плерома жоқ, көптеген делдалдар мен 
эондар 
мекендеген 
Кемелдік 
кеңістігі жоқ. Екі нұсқа ғана қалған болатын: Христос, 
Сөз, не Құдайлық әлемге (қазір онда тек Құдай бар), не жалған дүниеге тән 
болды. Арий мен Афанасий оны шыңыраудың екі жағына орналастырды: 
біріншісі оны жаратылғандарға жатқызса, екіншісі Құдай патшалығына 
теліді. Арий қайталанбайтын Құдай мен оның жаратқандары арасын түбе
-
гейлі түрде ажыратып көрсетуге тырысты. Епископ Александрға жазған ха
-
тында ол былай дейді: Құдай «жалғыз, туылмаған, мәңгі және түпсіз, жалғыз 
шынайы, өлмейді, дана, рахымды және аса құдіретті»
206
. Арий Киелі Кітап
-
ты өте жетік білді және Христос-Сөздің табиғаты тек біз сияқты бола ала
-
тындығын дәлелдейтін тұтас ауқымды мәтіндермен қаруланды. «Әңгімелер 
Кітабындағы» үзінді өте маңызды. Яғни Құдай Даналықты ең бастапқыда 
жаратқан
207
. Онда Даналық жаратылыс қаруы ретінде айтылған, бұл ой Ио
-
анн Інжілінің алғашқы шумақтарында қайталанып қолданылады. Алғашқы
-
да Сөз Құдайда болған:
Барлығы Содан бастау алды, Онсыз, болуды бастаған бірде-бір нәр
-
се басталмас еді
208
.
Логос жаратқандарға тіршілік беруде дәнекер ретінде Құдайдың қо
-
лындағы құрал болды. Осылайша Сөз қалған жаратылыстан мүлдем ажы
-
ратылды және аса жоғары статусты иеленді. Басқа жағынан алып қарасақ, 
Сөздің өзі де жаратылған, бұл оны Құдайдың өзінен мүлде бөлектеді. Ио
-
206
Арий

Послание
к
Александру
, 2.
207
Прит
. 8:22.
208
Иоан
. 1:3.


163
анн Богослов нақты Иисустың Логос екенін, Логостың Құдай екендігін түсін
-
дірді
209
. Алайда, Арийдің айтуынша, ол табиғатынан Құдай емес, тек Құдай 
тарапынан құдайлық деңгейге жоғарылатылған. Логостың бізден ерекшелі
-
гі, оны Құдай Өзі жаратқан, ал қалғандарын Сөз арқылы жаратқан. Адамға 
айналған Логостың Құдай әмірін орындайтынын болжай білген Жаратушы 
Иисусқа о бастан Құдайлық сипат беріп дәріптеген. Дегенмен, Иисустың 
Құдайлығы әуелден бар емес, бұл – тек сыйлық, марапат. Өз ойларын Арий 
көптеген жазба дәлелдермен негіздеп отырған. Иисустың Құдайды «Әке» 
деп атауының өзінде айырма барына нұсқайды. Әкелік мәртебе болмысы
-
ның о бастан барынан және ұлынан жоғары тұрғандығынан білінеді. Арий 
сонымен бірге Христтың бойсұнуы мен әлсіздігі туралы айтылған Інжілде
-
гі үзінділерге де сілтеме жасайды. Арийдың дұшпандары не десе де, онда 
Иисусты қаралау ниеті болмады, Арий Христтың қайырымдылығына және 
адамдарды құтқарған жазаны бас иіп қабылдағанына құрметпен қарады. 
Арийдың Құдайы грек философтарының Құдайына жақын: Ол алыста және 
біздің әлемімізден тыс. Осы себептен де Арий гректердің құтқарылу идеясы
-
на көп жақындайды. Мәселен, стоиктер дінге сенушілердің құдайға айнала 
алатындығын айтып жүретін; Платонның көзқарастарында да бұл ұстаным 
үлкен маңызға ие болды. Арий христиандардың Құдай болмысына жақын
-
дығына, құдайлыққа ие екендігіне; бұл тек Иисустың салып берген жолы 
арқылы мүмкін болғандығына қатты сенетін. Христос мінсіз өмір сүрді. Өлім 
алдында да Құдайға сенімі берік болды. Апостол Павел айтқандай, сол бой
-
сұнғандығы үшін Құдай оның мәртебесін жоғарылатты. Құдай оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет