Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет63/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

омоусион
(тікелей: «бір заттан жасалған») ұғымы даулы болып қалды. Ол Мәтінде кез
-
деспеді және материализмге жақын болды. Мұндайда, мәселен, екі жез тең
-
гені мысалға алуға болады, өйткені екеуі де бір металдан жасалған. 
214
Бастапқы
нұсқа
Никейлік
сенім
символы
деп
аталған
сонау
манифест
доктринасынан
ерекшеленеді

шындығында
оның
соңғы
нұсқасы
кейінірек
381 
ж

болған
Констанинополь
құрылтайында
қабылданады
.


166
Көп кешікпей, афанасийлік сенім рәмізі басқа да маңызды мәселелердің 
шығуына түрткі болды. Онда Иисустың құдайлық болмысы айтылды. Бірақ 
екінші Құдай болмысы, Логостың қалайша Әкесінің «затындай заттан бо
-
латындығына» түсіндірме берілмеді. 339 ж. Афанасийдің жақтасы, досы, 
онымен бірге айдауда болған Анкир епископы Марцелл Логостың о бастан 
Құдайлық болмыста болуы мүмкін еместігін дәлелдей бастайды. Бұл тек 
Құдайға тиесілі сипат, Оған ғана тән қасиет, сондықтан үш бірдей ұлы күш 
(Әке, Ұл және Қасиетті Рух) тізбектеліп берілген Никейлік сенім рәмізін үш 
Құдайлық деп айыптауға болады. Қайшылықты 
омоусия 
орнына Марцелл 
табыстырушы 
омойусия
– «ұқсас болмыстан» ұғымын ұсынды, яғни болмыс 
бірлігі емес, ұқсастығы назарға алынды. 
Шиеленісті даулар көп жағдайда күлкі туғызатын. Мәселен, Гиббон хри
-
стиандық бірліктің қайдағы бір дауысты дыбысқа (дәлірек дифтонг) тәуел
-
ді болғаны ойға келмейтін нәрсе деді. Ойға ұстарлық тұсы сол, христандар 
Христтың бастапқы құдайлық болмысына қатысты ойды қатты ұстанып қал
-
ды. Дегенмен ұғымдық деңгейде мұны негіздеу өте қиын болды. Құдайлық 
болмыстың бұзылу қаупі Марцеллды ғана емес, көптеген басқа да христи
-
андарды мазалады. Марцеллдың пайымынша, Логос - бұл өтпелі кезең: ол 
жаратылыс барысында Құдайдан туындады, Иисусқа енді, осылай Жалғыз 
Құдай «барлығындағы барлық» болып қалды. 
Уақыт өте келе Афанасий Марцелл мен оның жақтастарын үгіттеп, күш 
біріктіруге көндіреді. Шындығында, арийшылдарға қарағанда, Афанасиймен 
олардың ортақ тұстары көп болды. Біреулері Логос пен Әкенің бір болмы
-
стан екендігіне, екіншілері олардың ұқсас болмыстан екендігіне сенді. Бірақ 
іс жүзінде олар «біз сияқты ойланатын. Тек Сөз туралы дауласатын ағайын
-
дар»
215
болды. Басты міндет Арийге қарсы тұру керек. Ол болса Ұлдың Әке
-
ден үлкен айырмашылығы барына және мүлде басқа болмыстан екендігін 
меңзеді. Қатысы жоқ адамдарға мұндай теологиялық даулар уақытты босқа 
өткізу болып көрінер еді. Қалай болғанда да, екі жақ та өздерінің пікірлерін 
дәлелдей алмады. Дау жауласуға апарып соқты. Алайда пікірталасқа қаты
-
215
Афанасий

О
соборах
Ариминском
и
Селевкийском
, 41.1.


167
сушылар үшін мұндай тартыстар жеміссіз қалмады. Өйткені істің мәні хри
-
стианның ішкі күйзелісіне қатысты болды. Арий да, Афанасий де, Марцелл 
де Иисуспен бірге әлемге жаңа бір нәрсе келгеніне қатты сенді. Үшеуі де 
өздерінің толқыныстарын сөзбен жеткізуге, өзіне және басқаларына ақыл 
рәміздерінің көмегімен түсіндіруге тырысты. Бірақ сөздер айтыла алмай
-
тын ақиқатқа нұсқайтын символдар ғана болатын. Өкінішке қарай, христи
-
андыққа сол кезде догматикалық сабырсыздық дендеп енді. Ол уақыт өте 
келе «шынайы сенімге», ортодоксалды символдарға шешуші мән дарытты. 
Христиандықтың басты ерекшелігіне айналған доктринаға деген тәуелділік 
көп жағдайда адам ойлап тапқан символика мен шынайы Құдайлық ақиқат 
арасын шатастырып жіберетін. Христиандық қашанда парадоксалды сенім 
болды: Мессияның масқаралықпен жазалануына қатысты туындаған иде
-
ологиялық келіспеушіліктерге қарағанда алғашқы христиандардың қуатты 
діни толқыныстары күштірек болып шықты. Енді, міне, Никей сенім симво
-
лын қабылдаған Шіркеу Адамға ену парадоксын өзіне жақын тұтты. Бірақ ол 
бір Құдайға табынуға сәйкес келмеді. 
Мәшһүр тақуа Афанасий өзінің «Антоний баянында» жаңа доктринаның 
христиандық руханиятқа қаншалықты ықпал еткенін көрсетті. Монахтық 
жолдың бастаушысы саналған Антоний Мысыр шөлінде қатал өмір кешеді. 
Тақуаның қарапайым түрде, тіке айтылған «Мысырлық әкелердің айтқан
-
дарындағы» (анонимді алғашқы монах-тақуалардың афоризмдер жинағы) 
кеңестерінде жұмсақ және жараланғыш, адам мәселелерін ойлаумен азап
-
танған адамның портреті құралады. Алайда өзінің ғұмырбаянында Афа
-
насий Антонийді мүлде басқаша сипаттайды. Мәселен, оны ариандықтың 
дұшпанына айналдырады. Афанасийдің айтуынша, Антоний өзінің бола
-
шақта Құдайға айналуын күтеді. Өйткені Құдайлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет