Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет62/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(Кириос)
дәрежесін беріп марапаттады
210
. Иисус адам болмағанда, бізде үміт қалмай
-
тын еді. Ал табиғаты Құдай болғанда, оның өмірінде таңғаларлық ештеңе 
болмай, адамдар да оған еліктемес еді. Бірақ христиандар Иисус өміріндегі 
оның мінсіз ұл ретінде бойсұнғанын үлгі ретінде алып, Құдайлыққа ұқсау
-
лары мүмкін. Кемел жаратылыс Христқа еліктей отырып, әрбір адам «өзгер
-
209
Иоан
. 1:2.
210
Қараңыз

Фил
. 2:6–11.


164
мейтін және жеңілмейтін, Құдайдың кемел жаратылысы»
211
болу қабілетін 
иемдене алады. 
Афанасийдің адам Құдайға жақындай алады дегенге қатысты көзқа
-
растары соншалық сенімді болмады. Ол адам бойынан туа біткен пәнилікті 
көрді. Біз жоқтан пайда болдық, сол жоққа жасаған күнәларымыз үшін қай
-
тып барамыз. Сол себептен, жаратылған әлемге қарап тұрған Құдай 
...барлық жаратылғандардың қалауларына сәйкес бір мезетте өзге
-
ретінін және өлімге қиылатындықтарын көрді.
Бұған кедергі болу үшін және әлемнің жоққа айналуын болдырмас 
үшін Ол барлық болмысты Өзінің мәңгі Логосы арқылы жаратты, яғни 
оларға болмыс дарытты
212
.
Сонымен, адам жойылудан Құдайға Логос дәнекерлігімен жақындай оты
-
рып, құтыла алады. Өйткені Құдайлық Болмыс қана кемел болып табыла
-
ды. Егер де Логостың өзі әлжуаз жаратылыс болса, адамзатты жойылудан 
құтқара алмас еді. Сөз бізге өмір сыйлауы үшін тәнге ие болды. Ол күнә 
мен өлімге толы уақытша дүниеге түсіп, бізбен Құдайдың тұрақтылығымен 
және ажалсыздығымен бөліскісі келді. Егер де Логостың өзі өткінші болып, 
оның жоқтыққа сіңіп жойылу қаупі төнетіндей жағдай туса, мұндай құтқа
-
рылу жүзеге аспас еді. Әлемді оның жаратушысы ғана құтқара алады. Олай 
болса, тәнге айналған Христос – Сөз Әке болмысындай болмысқа ие болуы 
керек. Афанасий айтқандай, адамға құдайлық сипат дарыту үшін Сөз адамға 
айналды
213
.
325 жылдың 20 мамырында осы бір мәселені шешу үшін Никейде бас 
қосқан епископтардың азы ғана Афанасийдің Христ турасындағы ойларын 
жақтап шығады. Көпшілік қарама-қайшылықты көзқарастардың ортасын 
ұстанды. Не дегенмен, Афанасий құрылтайға өз теологиясын қабылдаттыра 
211
Арий

Послание
к
Александру
, 6.2.
212
Афанасий

Против
язычников
, 41.
213
Қ
-
з
.: 
Афанасий

О
Вочеловечении
, 54.


165
алды. Епископтардың артында императордың көрінбейтін көлеңкесі байқа
-
лып тұрды, афанасьевтік Сенім Рәміздеріне қол қоюдан тек Арий пен оның 
екі қайсар жақтасы ғана бас тартты. Қалай болғанда да, әлем жаратылысы 
ex nihilo
тұңғыш рет ресми христиан доктринасына айналды. Бұл Христо
-
стың қарапайым жаратылыс емес екендігін де, 
эон
емес екендігін де біл
-
дірді. Бұдан былай Жаратушы мен Құтқарушы бір болды:
Жалғыз Әке Құдайға, Барлығын ұстап тұрушы Құдіретке, Аспан мен 
Жердің, барлық көрінетін және көрінбейтіннің Жаратушысына сенеміз.
Және де Жалғыз Құдай Иисус Христқа, Құдай Ұлына, Әке болмы
-
сынан 
[усия]
Жалғыз екендігіне, Құдайдан Құдай, Нұрдан Нұр, Құдай
-
дан ақиқат болып туылғандығына, жаратылмағандығына, Әкемен бол
-
мысы бір 
[омоусион]
екендігіне сенеміз...
Біз үшін және бізді құтқару үшін жоғарыдан түсіп адамға айналған
-
дығына, азаптанғанына және үшінші күні тірілгендігіне,
Аспан қабаттарына көтерілгендігіне,
Болашақта тірілер мен өлілерге сот болатындығына, 
Және де Қасиетті Рухқа сенеміз
214
.
Мұндай келісім теологиядан хабары аз Константинді қатты қуантты. Алай
-
да Никейде келісімпаздық мүлде болмаған. Құрылтайдан кейін әр епископ 
түк болмағандай, білгенін үйретіп жүре беретін. Осылай Арийлық дағдарыс 
тағы толық алпыс жылға созылады. Арий өзінің жолын қуушылармен бірге 
жұдырыққа жұдырықпен жауап берді. Осылай император назарын өздері
-
не аудара алды. Афанасий бес реттен артық жер аударылады. Оның сенім 
рәмізіне үйренісуі шынында да қиынға соқты. Бір болмыстылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет