173
мәліметтердің бар болуына ұқсатуға болады. Әрине, медицина философия
емес, бірақ әр ғылым сананың жеке бір саласын жайлайды деп те айта ал
-
маймыз. Барлық ғылымдар өзара кірісіп, бір мезгілде өзіндік болмысын
жоғалтпастан бүтіндей санаға жайғасады
227
.
Сөз соңында, Үштік тек мистикалық, рухани күйзеліс ретінде ғана мәнге
ие болады. Оны ойлау емес, сезіну керек. Өйткені Құдай адам ақылынан
жоғары. Бұл логикалық, ақыл-ойға негізделген құрылым емес, ойды адасты
-
ратын, бейнелі парадигма. Григорий Назианзин осыны түсіндіре келе, Бірде
Үштің көрінуі рационалды ойды ығыстыратын, терең де ғажайып сезімдерді
оятатынын түсіндіріп кеткен:
Бірді ойға алғаным сол-ақ екен, Үшеудің ұлылығымен көзім ашыла
-
ды, ал Үшеуді ажырату керек болғанда қайта Бірге ораламын. Және де
Үшеудің кез келген біреуін ойға алғанымда, Оны жалғыз деп ойлай
-
мын, сол мезет ойым тұманданып, ойымдағының барлығы жоғалады
228
.
Грек және орыс православиелік Шіркеуі осы күнге дейін Үштік
-
ті көру шабыттандыратын діни тәжірибе туындатады деп есептей
-
ді. Бірақ көптеген Батыс христиандары үшін Үштік идеясы әлі де
түсініксіз. Олар каппадокиялықтар
Достарыңызбен бөлісу: