Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет68/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(personae)
231
талқылады .
Гректердің Құдайға қатысты тәсілі үш ипостась туралы ойлануға негіздел
-
ді; Оның жалғыз да киелі болмысы туралы дауласудан бас тартты. Августин, 
одан соң Батыстың барлық христиандары да Құдайлық Бірліктен бастады. 
Кейін Оның “үш қыры” туралы ойлануға ойысты. Грек христиандары Авгу
-
стинге үлкен құрметпен қарады және оны Шіркеудің ұлы әкелерінің бірі 
деп таныды, бірақ оның тринитаризміне күмәнмен қарады, олардың ойын
-
ша, бұл доктрина Құдайды шектен тыс рационалдандырды және адамилан
-
дырады. Августин тәсілі гректердегідей метафизикалық емес, психологи
-
ялық және терең тұлғалыққа негізделді. 
231
Аврелий
Августин

О
Троице
, VII:4–7.


176
Әулие Августинді батыстық 
рухтың 
алғашқы өкілі деп атауға болады. 
Апостол Павелды қоспағанда, одан басқа Батыста ықпалды болған бірде-бір 
теолог жоқ еді. Құдайдың жеке ізденістерін шешен тілмен баяндаған оның 
атақты «Тәубесінің» арқасында біз Августин туралы кейінгі антика ойшыл
-
дарына қарағанда көбірек білеміз. Ол Бір Құдайға табынушылыққа жастай
-
ынан бейім болды, ол Құдайдан адамға керек маңызды нәрсені көрді: 
«Себебі Сен бізді Өзің үшін жараттың, сондықтан Өзіңде тыныштық тап
-
пай, жүрегіміз тынышталар емес»
232
. Карфагенде риторикадан сабақ беріп 
жүріп, Августин гностицизмнің месопотамдық түрі – манихейлікпен қызыға 
бастайды. Бірақ манихейлер ұсынған космологияға қанағаттанбағандықтан, 
уақыт өте келе одан бас тартады. Адамға ену концепциясы оған Құдай иде
-
ясын бұрмалау болып көрінді. Бірақ кейіннен ол Италияға келгенде Медио
-
лан епископы Амвросий оған христиандық Платон және Плотинмен сәйкес 
деп көндіреді. Сонда да Августин соңғы қадам жасап, шоқынуға көп уақытқа 
дейін шешім қабылдамай жүреді. Ұзақ уақыт кейінге қалдыруының се
-
бебі, дінді қабылдаған соң некелеспеу антын қабылдауы керек болады. Ол 
«Маған тән тазалығы мен тақуалық бере көрші, - деп жалбарынады, - бірақ 
қазір емес»
233
.
Августинның толық дінге кіруі «дауыл мен тегеурін» мысалын елестетеді. 
Бұл өткеннен бас тартып, қайта азапталып туу болды. Кейіннен бұл Баты
-
стағы діни тәжірибенің басты ерекшелігіне айналды. Бір күні ол досы Алип
-
пимен бақта отырғанда, Августиннің санасында іштей буырқанған күрес 
басталады: 
Терең ой құпия шыңыраудан шығарып, «жүрек көздерімнің алды
-
на» [Пс. 18:14] бүкіл жоқтығымды көрсетті. Ішімдегі сұрапыл боран 
көз жасыма ерік берді. Толық ашылып, айтарымды айта алу үшін мен 
аяққа тұрдым, бұлай жылағанда маған жалғыздық жасы серік болатын 
232
Исповедь
, I.I (1); 
Цитируется
по
изд
.: 
Исповедь
Блаженного
Августина
. – 
М
.: Renaissance, 1991; 
под
ред

А

А

Столярова
. – 
С
. 53.
233 Ibid., VIII.VII (17). – 
Указ

соч
. – 
С
. 202.


177
сияқты, - осылай Алиппиден ұзақтадым. […]
Құрма ағашының астына қалай түсіп, көз жасыма ерік бергенім 
есімде жоқ: олар көзімнен селдей ақты – Саған лайық құрбандық [Пс. 
50:19–21]. 
Бұл сөздерді Саған айтқан жоқпын, бірақ ойларым осындай болды: 
«Құдайым қашанға дейін? Қашанға дейін, Сенің қаһарың жалғасады, 
Құдайым?
Ескі күнәларымызды есіңе алма!» [Пс. 6:4]
234
.
Біздің Құдайға бастайтын батыстық жолымыз жеңіл болмады. Августин
-
нің уайымдары психикалық абреакцияға ұқсады
235
: Сезімдердің құштар
-
лық құйынынан кейін жаңа дінді қабылдаушы Құдайдың құшағына әлсіреп 
құлайтын. Көңілі қалып жерде жатқан Августин кенеттен көрші үйден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет