Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет67/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

керигма 
деп атаған сенім жағына 
назар аударады деп жобалауға болады. Ал гректер үшін ең алдымен 
интуитивті түрде және діни тәжірибелер арқылы танылатын 
догмати
-
калық
ақиқат маңызды. Әрине мұнда ешқандай логикалық мән таба 
алмайсың. Басқа бір уағызында Григорий Назианзин дәл осы Үштіктің 
танылмайтындығы 
догмасы 
Құдайдың танылмайтын құпиялылығын 
білдіретінін түсіндіреді. Біз Оны танимыз деп үміттенбеуіміз де ке
-
ректігін нұсқап өтеді
229

Догма 
Құдай туралы асығыс пікір айтуымызға 
мүмкіндік бермейді. Ол Өзін ашқанда да Өз болмысын танылмайтын 
227
Қ
-
з

Григорий
Нисский

Нет
трех
богов
.
228
Григорий
Назианзин

Проповеди
, 40:41.
229
Григорий
Назианзин

Проповеди
, 29:6–10.


174
жолдармен көрсетеді. Ұлы Василий де ескерткен болатын: Үштік әре
-
кетінің ұстанымын анықтауға әрекет жасаудың өзі надандық. Мәселен, 
Құдайлықтың үш 
ипостасінің 
бір мезгілде қалайша Бір болатындығын 
айқындау үшін лайық дұрыс әрекет жоқ. Бұл тек кез келген сөздерден, 
тұжырымдардан және адам түсінігінен жоғары
230
.
Сонымен, Үштікті тура түсіндіруге болмайды. Бұл әлдеқалай даналық 
ойға негізделген «теория» емес, платондық мағынадағы 
теорияның,
яғни
 
көріністің нәтижесі. 
ХҮІІІ ғасырда Батыс христиандары бұл 
догмадан 
біраз ұялып, одан құтылу 
керектігін шешкенде, олар Ақыл Ғасырының ықпалымен Құдайды раци
-
оналды және түсінікті етуге әрекет жасайды. Бұл ХІХ мен ХХ ғасырларда 
«Құдай өлімі» деген атаудың шығуының себептерінің бірі болды. «Каппадо
-
киялықтарға» келер болсақ, олар құдайды Арий сынды грек философтары 
мен еретиктері танығандай рационалды етіп көрсетпейтін өзіндік парадиг
-
ма жасап шығарады. Арийдың теологиясы өте анық, дәл және логикаға сай 
болды. Бірақ Үштік христиандарға «Құдай» атты ақиқатты ақылмен тани 
алмайтындығын еске салады. Никейде қабылданған Адамға ену доктри
-
насы да маңызды дегенмен, пұтқа табынушылыққа әкелуі мүмкін еді. Көбі 
Құдайды шетін категориялар тұрғысынан ойлап, Оны адамиландырды. Тіпті 
біреулер Оны қарапайым адам бейнесінде байыптады. Олар әрекет етеді 
және жоспар құрады деп ойлауы мүмкін, ал бұл Құдай туралы түрлі шектен 
шыққан түсініктердің тууына итермелейді. Үштік идеясы мұның алдын алу 
әрекеті болды. Одан Құдай туралы нақты ойлауды емес, қарапайым адамдар 
«Құдай» туралы не ойлайтындығы жөнінде поэтикалық шығармашылықты, 
теологиялық биді, мұндай ойлар, бүкіл 
керигма
қаншалықты шартты екен
-
дігін көру абзал. 
Грек тіліндегі 
theoria 
ұғымының өзгерісі де бірқатар мәселенің бетін 
ашады. Шығыс христиандығында «теория» үнемі «көріну, ойлану» деген 
мағынада. Ал Батыста болса, бұл сөз уақыт өте келе логикалық негіздеуді 
230
Василий
Великий

Письма
, 38:4.


175
қажет ететін рационалды гипотезаны білдіретін. Құдай туралы «теорияны» 
жасағанда, «Оны» адамның ойлау деңгейіне түсіруге болады деп жобалан
-
ды. Никей құрылтайында мұндай деңгейдегі пікірталастарға христиандар
-
дың көпшілігі дайын бомады. Батыстан үш-ақ теолог келіп қатысады. Кейбір 
грек терминдерінің мазмұнын түсінбегендіктен, Батыста көпшілік Үштік док
-
тринасына наразылық білдірді. Оны басқа тілдерге толықтай аудару мүм
-
кін еместігін де есептен шығаруға болмайды. Әр халықтың Құдай туралы 
түсініктерін өз беттерінше қалыптастыруына тура келді. Өйткені Үштіктің 
грекше анықтамасы Батыс халықтары үшін түсініксіз еді. Сондықтан олар 
өз нұсқаларын жасауға мәжбүр болды. 
Католик шіркеуіне арнап Үштік анықтамасын теолог Әулие Августин жа
-
сап берді. Ол Платон мен Плотин ілімдерінің ірі жақтаушысы болғандықтан, 
басқа батыстық әріптестеріне қарағанда гректік доктринадан бас тартуы 
қиынырақ болды. Өзі айтып кеткеніндей, дұрыс түсінбеудің себебі термин
-
дерді шатастырудан келіп шықты: 
Айтылмағанды түсіндіру үшін және адам айта алмайтынды айту 
үшін біздің грек бауырларымыз бір болмыс пен үш субстанцияны, ла
-
тын тіліндегілер бір болмыс не субстанция мен үш Жүзді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет