198
беретін Алланы яхудилер мен христиандардың Құдайымен бір деп сенетін.
Сонымен қатар халқын қазіргі тауқыметтен тек осы Құдай жіберген
пайғамбар ғана арашалап алатынына сенетін, бірақ өзін сол пайғамбар
ретінде көрмейтін. Шынында да, арабтар Алланың өздеріне ешқандай
пайғамбар мен уахи жібермегеніне күйінетін, әйтсе де Арабстанның дәл
орталығында есте жоқ ескі замандардан бері араларында оған арналған
қасиетті орын бар болатын. Көптеген арабтар Қағбаны (Мекке орталығында
орын тепкен шаршы типтегі ескі ғимарат) әуелден Алланың үйі деп шүбәсіз
сенетін, алайда VІІ ғасырда набатия Құдайы Хубалуға көшті. Меккеліктердің
барлығы Арабстанның ең маңызды қасиетті орны Қағбамен мақтанатын.
Жыл сайын түбектегі барша арабтар қажылық (
хадж
) үшін Меккеге ағылатын.
Бірнеше күн дәстүрлі рәсімдерін жасайтын.
Қағбаның төңірегінде кез
келген зорлық пен күш қолдануға тыйым салынатын, сондықтан, арабтарға
тән өзара қырқыс тыйылып, емін-еркін, қауіпсіз сауда жасауларына септігін
тигізетін. Құрайыштар арқылы сауда-саттықтағы жетістіктеріне және басқа
тайпалардың құрметіне, қасиетті мекенде Қағбаның шырақшылығы мен
оның қол сұғылмаушылық беделін қорғаушы қызметтері арқылы бөленіп
келе жатқандықтарын түсінетін. Құдай құрайыштарға айрықша бедел
сыйласа да, оларға ешқашан Ибраһим, Мұса немесе Ғайса (Иса) секілді
пайғамбар жібермеген еді және арабтардың өз тілінде қасиетті кітаптары
да жоқ еді.
Осыған
байланысты жаппай рухани күйзеліс, тоқырау белең алды.
Арабтармен жақын қарым-қатынасқа түскен яхудилер мен христиандар
оларды кітап түспеген тағы халық деп келмеждейтін. Арабтар қол жетпес
ілім иесі саналатын бұл халықтарға қарсы өкпелі болса да, оларға
құрметпен қарайтын. Яхудилік пен христиан діні бұл аймаққа енбеген еді,
сонда да арабтар бұл прогрессивті діндердің Араб түбегіндегі пұтшылықтан
әлдеқайда басым түсетінін мойындайтын.
Фадақ оазисіндегі Йасриб елді
мекенінде (кейінірек Мәдина аталды) шығу тегі белгісіз яхуди қауымы өмір
сүретін. Ал Парсы және Византия иеліктерімен шектесетін кейбір солтүстік
өңір тайпалары христиан дінінің монофизиттік және несториандық бағытын
ұстанатын.
200
керектігін білгенімде, солай құлдық етер ем. Бірақ мен оны білмеймін....»
деді.
264
Зәйдтің уахи туралы арманы Хира тауында 610 жылы рамазан айының
он жетінші түнінде орындалды. Мұхаммед ұйқыдан оянған сәтте Құдайлық
ғажайыптың құшағында қалғанын түсінді. Кейінірек ол тілмен жеткізе ал
-
майтын бұл тәжірибені нағыз араб рухында жазып қалдырады. Оның ай
-
туынша, періште оған былай деп бұйырды: «Оқы!». Яхуди пайғамбарлары
-
ның Құдайының сөзін айтудан жасқанғаны сияқты, Мұхаммед те қарсылық
білдірмек болды да: «Мен сәуегей емеспін!» деді. Ол өздеріне жоғарыдан
келген сәуегейлік сөздерді буырқана қайталап, Арабияны кезіп жүретін
ғайыптан хабар таратушы
каһин
дердің бірі емес-тін. Алайда періште оны
қапсыра құшақтап алғаны соншалықты, Мұхаммедке дем жетпей қала жаз
-
дады. Бұдан артық төзбес хәлге жеткен кезде, періште оны босатты да қай
-
тадан: «Оқы!» деді. Бұл жолы да келіспеген Мұхаммедті шыдамы жеткенге
дейін періште тағы да қатты қысып тұрды. Соңында, кезекті үшінші қорқы
-
нышты құшақтан босаған тұста, Мұхаммед өз аузынан жаңа қасиетті кітап
-
тың сөздері төгіліп жатқанын сезді:
Барлық болмыс атаулыны жаратқан Жаратушы Иеңнің есімін атап
барып оқы, Адамзатты ұйыған қаннан жаратқан! Оқы! Өйткені сенің
Раббың шексіз жомарт. Адамға Ол қаламмен жазуды үйретті. Және
оның білмейтіндерін де білдірді.
265
Осылайша, Құдай сөзі алғаш рет араб тілінде
Достарыңызбен бөлісу: