Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет74/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

рухани би
деп атауға 
болатын шығар; онда біздің Құдай туралы айта алатынымыздың барлығы 
Ол жайындағы кез келген пайымның ауыспалы мағынаға ие екендігін ай
-
қын сезінумен тығыз ұштасады. Иудаизмдегі секілді, Дионисий Құдайының 
екі қыры бар: бізге бұйырған біріншісі – Өзін осы әлемімізде көрсететін 
Құдай; бізден жасырын екіншісі – мүлде танылмайтын, Өз мәніндегі Құдай. 
Мәңгі құпиясымен бірге Ол «Өз ішінде болады», бірақ сонымен қатар Өзі 
жаратқан әлемге тұтастай сіңіп кеткен; бұл әлемімізді толықтыратын тағы 
бір болмыс емес. 
Дионисийдің түсініктері грек теологиясы үшін қалыпты болатын. Ал Ба
-
тыста болса, бұл кезде теологтар пікір таластыруды және анықтама беруді 
жалғастырды. Біреулері, «Құдай» дегеніміз ол басымыздағы идеямен сәй
-
кес келеді десе, басқалары Құдайға өздерінің пікірлерін таңып, пұтқа табы
-
нушылық жолға түсіп, Ол бірдеңені қалады, бірдеңеге кедергі болды, бір
-
деңені ойлады дейтін. Грек православиесінің Құдайы бұл аралықта құпия 
болып қала берді. Ал Үштік идеясы бұрынғысынша шығыс христиандарына 
кез келген доктринаның шартты екендігін еске салды. Уақыт өте келе грек
-
тер қазіргі теология міндетті түрде екі Дионисийлік өлшемді қанағаттан
-
дыруы керек деген шешімге келді, яғни меңіреу және парадоксалды болуы 
керек.
Грек және рим теологиясында Христтың Құдайлығы туралы бір-біріне 
мүлде ұқсамайтын көзқарастар қалыптасты. Гректік Адамға айналу кон
-


190
цепциясын Максим Уағызшы (580–662 жж. шамасында) ұсынған болатын. 
Оны византиялық теологияның атасы дейтін. Оның көзқарастары батыстық 
ойлауға қарағанда, буддистік идеалға өте жақын. Максимның айтуынша, 
адам Құдаймен біріккенде ғана қалыптасады, бұл идея оны буддистерге 
жақындатады. Ол яғни нұрлану адамның табиғи тағдыры екен. Осы тұрғы
-
дан қарағанда, «Құдай» бөтен және бөгде ақиқат емес, адам болмысының 
міндетті кемелдендірушісі. Жоқ, ерлер мен әйелдерге Құдайлық бастама 
берілген, оны соңына дейін дамытса ғана олар нағыз адам бола алады. Ло
-
гос Адам күнәсын жуып-шаю үшін Иисусқа айналмады. Адам күнә жасамаса 
да Адамға айналуына болар еді. Адамдар Логос үлгісінде жаратылған және 
Оған ұқсас мінсізге айналғанда ғана толық дамиды. Адамилық даңқын асы
-
рған Иисус Фавор тауында бізге Құдай бейнесінде көрінді, дәл осы бейне
-
ге әркім ұмтылуы керек. «Жаратушының жарылқауымен құдайланған адам 
Құдайға айналды, табиғатынан жаны мен тәні біртұтас адамға айналса, қай
-
рымдылығынан жан мен тәні тірі Құдайға айналды»
263
. Буддизмде нұрла
-
ну табиғаттан тыс ақиқаттың қатысуын талап етпейді. Адамға тумысынан 
берілетін күштің дамуы дегенді білдіреді. Дәл осы түрде Құдайланған Ии
-
сус бізге Құдайдың жарылқауымен жетуге болатын мәртебені алып берді. 
Буддистер нұрланған Гаутама бейнесінің алдында бастарын қаншалықты 
исе, христиандар да Құдай-адам Иисусты солай құрметтей алар еді: ол өз 
үлгісімен адам тағдырының даңқын көтерген және жүзеге асырған алғашқы 
адам еді. 
Егер гректік Адамға айналу христиандықты шығыстық дәстүрлерге 
жақындатса, Иисусты батысша түсіну басқаша түрде дамыды. Батыстың 
классикалық идеялары Кентербер епископы Ансельм (1033–1109 жж.) та
-
рапынан, оның «Неліктен Құдай адамға айналды» трактатында жасалды. Ан
-
сельмнің ойынша, күнә жасап жерге түсу қорқынышты күнә болды. Сол үшін 
Құдайдың адамзатқа қатысты ойларының желге ұшырылуының алдын алып, 
Күнәдан арылу қажет болды. Құдай алдындағы күнәмызды жуып шаю үшін, 
Сөз тәнге ие болды. Құдайлық әділет бойынша, бұл қарызды бір мезгілде 
263
Максим
Исповедник

О
различных
трудных
местах
у
святых
Дионисия
и
Григория
. Ambigua, Migne, PG 91. 1088
с
.


191
Құдай және Адам болғандар ғана өтеуі тиіс болды. Көрсетілген азап өлшемі 
тек Құдайдың баласы ғана мұны өтеуге қабілетті екендігін білдірді. Бірақ не 
дегенмен адам күнәлі болғандықтан құтқарушы да біздің тегімізден болуы 
керек. Ансельмнің жүйелі, заңдастырылған кестесінде Құдай адам секілді 
ойлайтын, пікірлесетін және түрлі нұсқаларды қарастыратын бейнеде су
-
реттелді. Басқасын қоспағанда, осының өзі Батыста қалыптасқан Құдайдың 
кешірмейтін бейнесін күшейтті, яғни Оны, еркін адам құрбандығы арқылы, 
тек Өз ұлының қорқынышты өлімі ғана қанағаттандыра алды. 
Батыс Үштік доктринасын көп жағдайда дұрыс түсінбеді. Халық арасында 
бірден үш Құдайлық болмыс ойға оралатын. Не мүлде Үштікті қабылдамай, 
«Құдай» ретінде Әкені ғана мойындап, Иисусқа Оның Құдайлық жолдасы 
ретінде, төмен дәрежелі орын беретін. Яхудилер мен мұсылмандарды Үштік 
идеясы тығырыққа тіреді. Оларға ол Құдайға тіл тигізу сияқты көрінетін. 
Дегенмен иудаизм мен исламда мистиктер Құдайлық туралы дәл осындай 
түсінік қалыптасырғанына жақын арада көзіміз жететін болады. Мәселен, 
каббала мен суфизмде кенозис 
[kenosis]
идеясы, Құдайда өзін-өзі жоқ қылу 
экстазы үлкен мәнге ие болған. Үштікте Әке өзі 
не болса, 
соны Ұлына береді, 
тіпті Өзін басқа Сөзде көрсету мүмкіндігінен бас тартады. Сол Сөз айтылған 
мезетінен бастап, Әке үнсіз қалып отыр, біз де Ол туралы ештеңе айта алар 
емеспіз, өйткені бізге танымал жалғыз Құдай – бұл Логос, немесе Ұл. Осы
-
лайша, Әке тұлғалықтан айрылған, оның әдеттегі мағынасындай «мені» жоқ, 
Ол біздің тұлға туралы түсінігімізге сай келмейді. Бұл Болмыстың қайнар 
көзі – Ештеңе, оның нұрын Дионисий, Плотин, Филон және тіпті Будда сезін
-
ген. Әке әдетте ізденістің аяқталуын білдіретіндіктен, христианның жолы 
оны 
ешкімге
және 
ешқайда
апарады. Тұлғаға ие Құдай немесе Абсолют иде
-
ясы адам үшін үлкен маңызға ие. Индуистер мен буддистер жеңілдіктерге 
барып, тұлғаға сыйыну 
бхактидің 
барын негіздеді. Алайда Үштік парадигма
-
сы, немесе символикасы тұлғалықтан кету керек екендігін, сенушіге, өзін біз 
сияқты ұстайтын, Құдайды жоғары адам деп елестету жеткіліксіз екендігін 
болжап берді. 
Адамға айналу доктринасынан пұтқа табынушылық қаупінен құтылудың 
тағы бір әрекетін байқауға болады. Егер «Құдайда» мүлдем бөтен, «о дүни
-


192
елік» ақиқатты ғана көретін болсақ, Ол бірден арманын ішінде бүгіп, өз қа
-
лауларына сыйынатын пұтқа айналады. Басқа діни дәстүрлер, Абсолют адам 
болмысымен қайткенде де байланысты деп, мұның алдын алуға әрекет жа
-
саған (мәселен, Брахман – Атман парадигмасындағыдай). Арий, кейіннен 
Несторий мен Евтихий Иисусты не Құдай, не адам етуді армандаған. Ада
-
милық пен Құдайлықты болмыстың тәуелсіз салаларына бөліп тастағаны 
сияқты, бұл идеялар наразылыққа ұшырайды. Рас, ересиархтардың ойлары 
логикаға сай болды. Бірақ 
керигмадан 
айырмашылығы, 
догма 
түсіндірілетін
-
мен шектелмеуі керек. Бұл оны поэзия және ән-күйге жақындатты. Адамға 
айналу доктринасы, Афанасий мен Максим Уағызшының тұрпайы түсіндіру
-
леріне қарамастан, «Құдай» мен адамның ажырамайтындығына интуитивті 
сенімді сөзбен жеткізу әрекеті болды. Адамға айналу идеясы басқаша түсін
-
дірілген Батыста Құдай адамдардан ұзақта қалды. Ал Оның болмысы бізге 
таныс әлемнен ажыратылды. Нәтижеде мұндай «Құдайдан» шартты түрде 
жақын арада ғана айрылған проекция жасап шығу барынша оңай болып 
шықты. 
Қалай болғанда да, Иисусты жалғыз 
аватар 
деп жариялаған христиандар 
барынша шектелген діни ақиқатты қабылдады: Иисус адамға арналып ай
-
тылған бірінші және соңғы Құдай Сөзі болды. Бұл кейінгі құдайлық көріні
-
стерді қажетсіз етті. Бұрын яхудилер сияқты, христиандар да ҮІІ ғасырда 
Арабстанда пайда болған пайғамбардың Құдайдан тікелей уахи алғанын 
және халқына жаңа қасиетті мәтін әкелгенін айтқанда қатты наразылық 
танытады. Қалай болғанда да, Бір Құдайға табынушылықтың «ислам» атты 
тағы бір түрі пайда болып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға үлкен жыл
-
дамдықпен тарала бастады. Сол жерлердегі дінге жаңадан кірген мұсыл
-
мандар (эллинизм ол жерде мүлде тамыр жая алмады), Құдайлық сыры бө
-
тен тілде берілген гректік трипостасьтан өте оңай бас тартты да, Құдайлық 
ақиқат барынша айқын сипатталған семиттік танымдарды қабылдады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет