Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет84/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

әс-самад
«бүтін жаратылыстың се
-
бепсіз Себебі» екенін қабылдау арқылы мұсылмандар заман мен кеңістік
-
тен тыс ақиқатқа үн қоса алады. Және қоғамды бөлшектейтін тайпааралық 
алауыздықтардың алдын алады. Мұхаммед таухидтің рушылдық сананың 
дұшпаны екенін білетін еді. Бүкіл құлшылыққа лайықты бір Құдайы жеке 
адаммен қатар қоғамның да ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне жол ашады. 
Бірақ қарапайым бір Құдай ұғымынан да сөз қозғау қиын. Бұл түсінік 
тек біздің ұғынуымыз үшін ғана, біздер сияқты болмыс емес. Мұсылман
-
дарды салат, яғни намазға шақыратын 
Аллаһу Акбар!
тәкбірі Құдайы ман 
басқа да ақиқаттың шегін нақтылайды. Сонымен қатар Ол туралы айтқан 
сөздеріміз бен оның Өзі 
(әз-Зат)
арасындағы нәрселерді айыруға мәжбүр
-
лейді. Бірақ осы ақылға сыймайтын және қол жетпейтін Құдай өзінің та
-
нылуын қалаған. Ескі дәстүрге қарағанда 
(хадис)
Құдай Мұхаммедке «Мен 
жасырын бір қазына едім және танылғым келді. Мен танысын деп дүни
-
ені жараттым» деген
287
. Табиғаттың нышандары 
(аят)
мен Құран аяттары 
төңірегінде ой толғап, мұсылмандар Құранда Құдайдың Жүзі 
(уәжб’уллаһ)
деп келетін иләһи әлемнің дүниеге арналған сипаты жайында пікір қозғай 
алады. Алдыңғы екі діндегі сияқты, Ислам да Құдайды тек іс-әрекеті арқылы 
біле алатынымызды меңзейді; Құдай осылайша өзінің тіл жетпес болмы
-
286
Кұран
, 112.
287 Quoted in Seyyed Hossein Nasr, «God» in Islamic Spirituality: Foundation (London, 1987), p. 321.


218
сын адамдардың шектеулі түсінігіне сай ұсынады. Құран мұсылмандарды 
жан-жағынан қаусырған Құдайдың Жүзі мен Затын тану үшін қажетті са
-
на-сезімге қол жеткізуін (тақуа) қалайды: «...Жүздеріңді қай тарапқа бұр
-
саңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар....»
288
. Христиан дініндегі Әке 
түсінігі сияқты, Құран да Құдайды Шексіз құбылыс деп сипаттайды, шынайы 
болмыс тек Оған ғана тән: 
Жер бетіндегі жан иелерінің барлығы жойылып, ғайып болады. Ұлылық 
пен шексіз дарқандық иесі – Алла ғана мәңгі қалады
289
.
Құранда Құдайдың тоқсан тоғыз аты немесе сипаты айтылған. Бұл есім
-
дер Оның ұлықтығын, жер-жаһандағы бүкіл жаратылыстың бастауы екеніне 
мән береді. Осылайша әлем тек Ол 
әл-Ғани
(бай және шексіз) болғаны үшін 
бар; Ол тіршілікке жан берді 
(әл-Мубии)
, Ол барлық нәрсені біледі 
(әл-Алим)

Ол сөзді жаратқан 
(әл-Калима)
. Сондықтан Онсыз тіршілік, білім мен сөздің 
болуы мүмкін емес. Бұл тек Құдайдың шынайы болмысы және құдіретінің 
айқын көрінісі. Бірақ иләһи есімдер кейде бір-бірінің күшін жояды. Мәселен, 
Құдайы әрі 
әл-Қаһар
, үстем және дұшпандарына қаһар қылады, әрі 
әл-Халим

соңына дейін сабыр, шыдам көрсетеді. Ол әрі 
әл-Қабиз
, сығады, қысады, әрі 
әл-Басит
, ашады, кеңейтеді. 
Әл-Хафыз
, төмендетеді және 
әр-Рафи
, жоғары
-
латады. Құдайдың есімдері мұсылман иманында маңызды орынға ие: олар
-
ды жатқа айтады, тәспімен зікір етеді және сонымен дұға қылады. Бұлардың 
бәрі мұсылмандарға Құдайдың адами категорияларға кірмейтінін және қа
-
рапайым танымдар аясына сыймайтынын аңғартады.
Исламның алғашқы шарты боп, уақыт өте келе 
аш-шахада
мұсылмандық 
иманның символы болды: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның ел
-
шісі».
 
Бұл тек қана Алланың бар екендігін мақұлдау ғана емес, сонымен қа
-
тар Алланы жалғыз шынайы Ақиқат деп мойындау. Тек шынайы Ақиқат – Ол, 
сұлулық пен кемелдік Оған тән: ғаламдағы бұл қасиеттерге белгілі бір өл
-
шемде ие болған тіршілік иелері мен болмыс атаулы тек шынайы Ақиқатқа 
288
Кұран
, 2:115.
289
Кұран
, 55:26–27.


219
жақындаған кезде ғана бұл қасиеттерге ие бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет