Исламның бес
ұстынының
(рүкн)
екеуін
немесе тәжірибелік қағидаларын білдіреді. Яхуди жұртының пайғамбарла
-
ры секілді, Мұхаммед те Бір Құдайға құлшылық етудің нәтижесінде қазір біз
социализм деп атауымызға болатын этикалық жүйені насихаттады. Құдай
-
дың өзі жайында міндеттелген доктрина Құранда жоқ; керісінше, теологи
-
ялық спекуляцияларға үлкен күмәнмен қарап қана қоймай, оларды
занн
–
ешкім біле алмайтын заттар жайында дәлелсіз һәм жауапсыз болжам жасау
деп жоққа шығарады.
Занн
ың мысалы ретінде Қайта тірілу (Инкарнация)
мен Үштік секілді христиан докриналарын алуға болады. Мұсылмандардың
бұл идеяларды күпірлік санаулары таңғаларлық емес. Иудаизмдегі секілді,
Исламда да Құдай ең әуелі моральдық императив ретінде қабылданған. Яху
-
дилермен де, христиандармен де, олардың киелі кітаптарымен де ешқандай
байланысы болмаса да, Мұхаммед интуитивті түрде тарихи монотеизмнің
нағыз мәніне бойлай алған.
Құранда, Алла
YHVH
ден гөрі тұлғалық сипаттарға азырақ ие. Інжіл Құдайы
секілді зауық пен құмарлықтан ада. Құдай хақында тек қана табиғаттағы
«белгілерден» бір нәрселер сезе аламыз; ол соншалықты биік, ол туралы
276
Қараңыз
,
Құран
, 92:17–18, 9:104(103), 63:9, 102:1.
209
тек «баян» арқылы айта аламыз.
277
Осылайша, Құран үнемі мұсылмандар
-
ды қоршаған әлемді Құдайлық көріністің (эпифания) орны ретінде тануға
шақырады; олар күш-жігерлерін бөлек-бөлек дүние құбылыстары
арқылы
ақиқат болмыстың бар құдіретін, әрбір заттарда бар трансцендентті шын
-
дықты көре білуге арнаулары тиіс. Мүсылмандар өздерін сакралды немесе
символдық ой-қабілетке тәрбиелеулері керек.
Ақиқатына келер болсақ, көк мен жердің жаратылысында, түн мен
күндіздің алмасуында, адамдарға пайдасын тигізіп теңізде жүзген ке
-
мелерде, Алланың аспаннан жауын жауғызып, өлі жерді қайта тіріл
-
туінде және оның бетіне барлық жануарларды таратуында, аспан мен
жердің арасында (есіп) жүрген желді Өзіне бағындыруында, (Өзіне)
бағынышты бұлттарды жүргізуінде саналы қауым үшін белгілер бар.
278
Құран
үнемі Құдайлық «белгілер» мен «үндеулерді» жоруда ақылға
басымдық береді. Мұсылмандар қисынға қатты беріліп, қиындатпаула
-
ры керек, оның орнына, әлемге мұқият әрі таңданыспен қараулары тиіс.
Кейінірек, дәл осы ұстаным арабтарға жаратылыстану саласында керемет
дәстүрді дамытуға мүмкіндік берді.
Христиандықпен салыстырғанда олар
бұдан ешқандай қауіп көрмейтін. Табиғатты зерделеу әлемде Ол жайлы тек
символ мен белгілер арқылы айтуға болатын трансцендентті өлшемнің бар
екенін көрсетті: тіпті пайғамбарлардың тарихы, ақырет күні мен жәннаттың
ләззаты жайлы түсіндірмелер де тура мағынада қабылданбауы тиіс, бұлар,
тіпті жоғары, сөзбен сипаттауға келмейтін ақиқаттың «баяны»
ретінде ұғы
-
нылуы тиіс.
Бірақ әр нәрсе туралы ең ғажап ишара, әрине, Құранның өзі болды. Яғни
Құранның сөйлемдері аят деп аталады. Батыс Құранды түсінуде қиындыққа
тап болады. Бұл негізінен аударма мәселесінен туындайды. Араб тілі тәржі
-
маға қиын тіл; қарапайым әдебиет пен саясатшылардың күнделікті сөздері
277
См
.
Коран
, 24:1,45 (46).
278
Кұран
, 2:164.
210
де, мәселен, ағылшын тіліне аударылғанда барынша көркем әрі жат көрі
-
неді. Ал Құранға келгенде бұл жағдай екі есе қиындай түседі. Өйткені Құран
барынша терең және ишаралы, қысқа да нұсқа мағынамен жазылған. Әсіре
-
се алғашқы сүрелер бір тылсым лебіз адам тілін бұзып, бөлшектеп тастаған
сияқты әсер қалдырады. Жалпы алғанда мұсылмандар Құранның тәржіма
-
сын оқыған кезде басқа бір кітап оқып отырғандай күй кешетінін, себебі
араб тілінің әдеттегі мәнінен жұрнақ та қалмайтынын сөз қылады. Атының
өзі айтып тұрғандай, Құран ашық әуезбен оқу үшін түсірілген және дауыс
мәнері адамға әсер ету үшін өте маңызды. Мұсылмандар мешітте Құран
оқылып жатқанын естігенде Хира тауында Жәбірейіл періштенің Мұхам
-
медті құшақтағаны сияқты немесе қайда көз салса да, оны көргені сияқты,
әуездің иләһи күшінің баурап алатынын сезінгенін айтады. Құран тек қана
білім алу үшін оқылатын кітап емес. Оны адамдар иләһи сезімнің дәмін тату
үшін оқиды. Ол асығыс оқыла салатын кітап емес:
Осылайша Біз пенделеріміз (Құдайдың) қаһарынан қорқып, күнәға
бармауы үшін және осы берген іліміміз ұғынықтырақ болуы үшін
Құранды араб тілінде (барша адамзатқа) ескерту ретінде түсіріп, ег
-
жей-тегжейлі баяндап, жүйелі түрде түсіндірдік. Шынайы түрде билік
жүргізуші Алла Ұлық. (Уа, Мұхаммед!) Саған жіберілген уахиы аяқталып
бітпей тұрып, Құранды оқуға асығыстық жасама. «О, Құдайым, мендегі
білімді толықтыра гөр!» - деп (Аллаға жалбарын).
279
Мұсылмандар тура жолмен Құранға жақындау арқылы ғайып әлемге
самғау сезімін бастан кешіретіндіктерін алға тартады; өткінші дүниенің көз
-
ге көрінетін және алдамшы пердесі түріліп, арғы жағындағы түпкі шындық
пен күш сезіле түседі. Сол себептен Құран оқу рухани тәртіппен жүретін іс
және мұны христиандардың түсінуі қиынға соғады. Өйткені яхудилер үшін
еврей тілі, үндістер үшін санскрит және мұсылмандар үшін араб тілі ки
-
елі саналса, олардың мұндай қасиет тұтар тілдері жоқ. Құдайдың сөзі Исаға
279
Құран
, 20:113–114.
211
тиесілі және грекше Жаңа Өсиет киелі саналған емес. Дегенмен яхудилер
үшін Тәураттың мәні Құранға ұқсас. Олар Киелі кітаптың алдыңғы бес кіта
-
бын оқығанда, тек жолма-жол көз жүгіртіп қана отырады. Көбінесе әр сөзді
дауыстап жаттайды. Өйткені Құдай Мұсаға Синай тауында Өзін көрсеткенде
осы сөздер арқылы тілдесті деп сенеді. Кейде Рух тыныстайтын жалын си
-
яқты әрі-бері теңселіп отырады. Шындығын айтқанда, яхудилер киелі кітап
-
тарын оқыған кезде Pentateuch оқып, көп жерін шамадан тыс жалықтыра
-
тын және көмескі деп табатын христиандарға қарағанда мүлдем өзгеше
хәлге бөленеді.
Мұхаммедтің алғашқы жылнамашылары арабтардың Құранды тұңғыш
естіген сәтте қандай ғажайып әсер мен таңданысқа бөленгендіктерін әрдай
-
ым әңгімеге өзек етеді. Біразы сол заматта бірден дінге кіріп кеткен, өйткені
мұндай айрықша керемет сөздер Құдайдың тарапынан ғана айтылуы мүм
-
кін деп ұйғарды. Дінге кіргендер көбіне осы хәлді қапаста бұйығып жатқан
сезімдері иләһи лебізбен оянып, рахат дариясына шомылғандай етіп түсін
-
дірді. Мұхаммедтің табанды қарсыласы, жас құрайыш Омар ибн әл-Хат
-
таб ескі дініне беріктігімен қоймай, тіпті пайғамбарды өлімге қия салуға
дайын жан болатын. Бірақ христиандарда Тарсустық Саулдың Исаны көріп
дінге кіргені сияқты, Омар да Құранды естіген соң, Исламды қабылдады.
Осы оқиғаға қатысты екі түсіндірме бар. Оның қай-қайсысы да назар ауда
-
руға тұрарлық. Біріншісінде Омар жасырын мұсылман болған қарындасын
жаңа сүрені тыңдап отырған кезде ұстап алады. «Мынау не сандырақ?!» деп
ашуға булығып, үйге кіріп келеді және бейшара Фатиманы аяғынан шалып
құлатады. Бірақ қарындасының денесінен тамшылаған қанды көріп, ұят
-
тан өртенген жүзі өзгеріп сала береді. Үйден тұра қашқан қаридың асығы
-
ста түсіріп алған парақтарын қолына алады. Хат танитын құрайыштың бірі
болғандықтан, оқи жөнеледі. Омар арабтың ауызша өлең дәстүріне өте жүй
-
рік еді. Ақындар қызыл тілді қалай шебер сөйлетуі керектігі жөнінде одан
ақыл-кеңес сұрайтын. Әйтсе де бұрын-соңды осы тәрізді мәтінді кезіктір
-
мепті. Таң қалып тұрып: «Мына сөздер қандай керемет, қандай ғажап еді!»
212
дейді және тап сол сәтте Алланың жаңа дініне құлдық ұрады.
280
Көркем сөз
оның санасынан жеккөрініш сезімі мен соқыр сенімін аластайды және зер
-
десіне құйылып қалады. Бір әсерлі өлең көңіл түкпірінің тұнығын толқын
-
дата шайқап жібергенде, бәріміз осындай күй кешетініміз бар. Екінші бір
хикая бойынша, Омар бір түні Қағбада жалғыз өзі Құран оқып отырған Мұ
-
хаммедке кез болады. Тыңдаған сайын елти түскен Омар гранит текшеге
жабылған қамқаның (жібек матаның) шетін бүркеніп, Пайғамбардың қар
-
сы алдына дейін жақындап барғанын байқамайды. Пайғамбар «Арамызда
Қағбаның қисуасынан басқа еш нәрсе жоқ» деген кезде бүркенішін тастап
шығады. Арабша сиқырлы әуезді түйсінеді. «Құранды тыңдаған кезде жүре
-
гім жұмсарды, егіліп жыладым. Ислам жүрегіме орнады» дейді
281
. Құдайды
«сыртқы» ақиқат деп қабылдайтын түсініктен арылтып, Онымен әр иман
келтірген жанның санасын, жүрегі мен болмысын толтырған Құран еді.
Омар сияқты Құран арқылы дінге кірген басқа да мұсылмандардың
оқиғаларын Джордж Стейнердің
Достарыңызбен бөлісу: |