Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет89/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

жәһилет (надандық) 
дәуірінде «Кіндік кезеңге» дейін сал
-
танат құрған әйелдерге деген теріс көзқарастың тамыры Арабияда тереңге 
кеткен еді. Мысалы көп әйел алу кең тараған болатын. Тұрмысқа шыққан қы
-
здың өзі әкесінің үйінде тұра беретін. Ақсүйек әйелдерде ғана біраз бедел 
мен билік болды. Мысалы Мұхаммедтің әйелі Хадиша саудасы дөңгелеген 
кәсіпкер еді. Бірақ ол кезде көп әйел күңнің дәрежесінде күн кешетін. Олар
-
дың не саяси, не адами құқықтары болмады. Қала берді қыз баланы нәресте 
кезінде өлтіру қалыпты ғұрып саналды. Мұхаммедтің ізінен ең бірінші ер
-
гендердің ішінде әйелдер де болды. Ер мен әйелдің құқықтарын теңестіру 
пайғамбардың арманы еді. Бөбектерді өлтіруге Құран сөзі қатаң тыйым 
салды және қыз бала туылғанда бұлқан-талқан болатын арабтарды сөкті. 
Одан бөлек ажырасу мен мирас бөлісуде әйелдердің заңды құқықтарын 
орнықтырды. ХІХ ғасырдың аяғына дейін мұндай теңдік Батыс әйелдерінің 
түсіне де кірмеген еді. Мұхаммед үмбет ісін қалыпқа келтіруде әйелдердің 
белсенді болуын жігерлендірді сыйлады. Әйелдер ой-пікір ұсыныстарының 
жерде қалмайтынына сенімді болғандықтан пікірлерін ашық айтатын дәре
-
жеге жетті. Бірде мынадай оқиға болады. Мәдинадағы әйелдер пайғамбарға 
келіп «Құран игеруде ерлер бізден озып кетті. Мүмкін болса, қыз-келіншек
-
терге арнап Құраннан арнайы сабақ өтсеңіз. Біз де оқуда оларды қуып жет
-
сек» деп өтініш жасаған. Пайғамбар бұл өтінішті орындады. «Неліктен Құран 
тек ерлерге қарата сөйлейді? Біз де Құдайға бағынып тұрмыз ғой?» деген 
сұрақты әйелдер жиі қоятын. Нәтижесінде әйел мен ердің ар-намыс және 


229
рухани мәселеде тең құқықтығы туралы уахи енді
298
. Содан бастап Құран 
тікелей әйел жұртына жиірек тіл қататын болды. Мұндай құбылыс еврейлер 
мен христиандардың киелі жазбаларында сирек кездесетін. 
Өкінішке қарай, христиандар сияқты исламда да еркектер дінді өздеріне 
бейімдеп, жекешелендіріп алды. Олар Құран мәтіндерін мұсылман әйелінің 
теңдігін жоққа шығаратын жолдармен тәпсірлеп тастады. Құран бүкіл әй
-
елге жаппай бетіңді бүркеп жүр деп бұйырмаған. Ондай аят Мұхаммедтің 
әйелдеріне ғана қатысты енген еді. Бұл олардың ерекше мәртебесін айқын
-
дап тұру үшін керек болған. Алайда ислам діні әлемдік өркениеттен орын 
алып, іргесі бекіген соң бұл дәстүрді бүкіл әлемге таратты. Соның кесірі
-
нен әйелдер екінші дәрежедегі адамға айналып шыға келді. Арабтар әй
-
елдердің бет-әлпетін бүркеп, гаремдерге қамап қоюды парсы жұрты мен 
христиандық Византиядан «жұқтырған» еді. Ол жақта әйелдер ежелден-ақ 
теңдік көрмей оранып, қамалып, тапталып жататын. Аббасидтер династиясы 
дүрілдеген дәуірде (750-1258) әйелдерінің жағдайы христиан мен еврей 
қауымындағы қыз-келіншектердің хәліндей өте мүшкіл болатын. Қазіргі 
кезде мұсылман феминистері еркектерін Құранның ілкідегі рухани өсиеті
-
не оралуға үндеп жатыр. 
Осының өзі барлық дін сияқты, исламды да түрлі жолмен тәпсірлеуге бо
-
лады дегенді тағы бір еске салады. Сондықтан да уақыт өте келе исламның 
ішінен түрлі ағымдар мен бағыттар бөлініп шықты. Олардың ең біріншісі 
пайғамбардың күтпеген өлімінен соң билік үшін басталған текетірес еді. 
(Сүннилер мен шииттер) Көпшілік дауыспен Мұхаммедтің ең жақын досы 
Әбу Бәкір ең бірінші халиф болып сайланды. Бірақ біреулері пайғамбардың 
туысы әрі күйеу баласы Әбу Тәліптің ұлы Әлиді халиф тағында көргісі кел
-
ген. Әли Әбу Бәкірдің билігін мойындады. Бірақ Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб, 
Осман ибн Аффан есімді алғашқы үш халифтің саясатына наразы болған 
кей мұсылмандар Әлиге деген адалдығын іштей сақтап жүрді. 656 жылы 
Әли ақыры халиф болып сайланды. Шииттер кейін уақыт өте келе Әлиді үм
-
беттің көсемі, бірінші имам деп танитын болды. Сүннилер мен шииттердің 
298
См

Коран
33:35.


230
екіге жарылуы доктриналық емес саяи тұрғыдан басталды. Осының өзі сая
-
саттың мұсылмандардың Құдай туралы түсінігі мен діндерінде қаншалықты 
маңызды орын алғандығын тағы бір көрсетіп берді. Шиит-и-Әли «Әли
-
дің партиясы» үмбеттің ішінде азшылық боп қалды. Енді олар қарсылық 
ретінде өздерінің діни парыздары туралы түсініктерін айшықтауға кірісті. 
Шииттер Мұхаммедтің немересі Әлидің ұлы Хусейінді қайғылы өлімін өз
-
деріне символ етіп алды. Әли қаза тапқан соң Хусейн халифатты билеген 
Омейядтар әулетінің билігін мойындамай қойған еді. 680 жылы халиф Йа
-
зид Куфа қаласының жанындағы Кербаланың шөлінде Хусейіннің қасына 
ерген шағын әскерімен қырып жіберді. Сол шайқаста пайғамбардың неме
-
ресі де опат болды. Йазидтің мына қанды қырғыны бүкіл мұсылман жұртын 
шошытты. Осыдан бастап Хусейн шииттер үшін керек кезінде тирандарға 
қарсы қайтпай күресудің нағыз қаһарман үлгісі боп мәңгіге қалды. Бұл ке
-
зеңде мұсылмандар өздерінің империясын құра бастаған еді. Алғашқы ха
-
лифтерді сол кезде қуаты қайтып, шөгіп бара жатқан Парсы және Византия 
империясының қарамағындағы араб тайпаларына исламды тарату мәселе
-
сі алаңдатқан еді. Оммейядтар династиясы кезінде халифаттың шекара
-
сын Азия мен Солтүстік Африкаға дейін кеңітті. Бірақ бұл кезде исламның 
бұлайша қанат жаюына шабыт берген дін емес, арабтардың империялық 
пиғылы болатын. 
Жаңа империя құрамына ешкімді зорлап исламға кіргізген жоқ. Шын
-
дығында Мұхаммед дүниеден озған соңғы ғасырда басқаларды исламға 
кіргізуді ешкім қош көрмеді. Ал 700 жылдар шамасында тіпті басқаны ис
-
ламға кіргізуге заңмен тыйым салды. Мұсылмандар иудаизмнің Йақұбтың 
ұрпағына ғана нәсіп болғаны сияқты, ислам да арабтарға ғана бұйырған 
дін деп түсінетін. «Кітап иелері» (әһлі-китаб) саналғандықтан яхудилер мен 
христиандарға өз діндерін ұстанып жүре беруге рұқсат етті және азшылық 
ретінде қорғалатын зимми деген мәртебе берді. Ал Аббасидтер кезінде ха
-
лифтер басқа жұрттың исламға өтуін қош көрді. Сол кезде семит және ари 
тайпалары исламды қуана-қуана қабылдады. Ғайса пайғамбардың қорлық 
тартып өлім құшуы христиандықтың қалыптасуына қаншалықты рөл ойна
-
са, Исламның да осылайша сәтті дамуы оның қалыптасуына тура сондай 


231
дәрежеде ықпал етті. Осы дүниедегі жетістігіне жете қуанбайтын христи
-
андармен салыстырғанда мұсылманның жеке діни өмірі үшін саясат жат 
саналмайтын. Мұсылмандар өздерін Құдайдың қалауына сәйкес әділетті 
қоғам құруға міндеттіміз деп білді. Сол себепті де үмбетке ерекше қасиет
-
ті сипат дарытуға тырысты. Үмбет деген адамзатты әділетсіздік пен езгіден 
құтқаруға арналған және Құдайдың өзі үмбеттің сондай әрекетіне шапаға
-
тын төгіп тұрушы қасиетті «белгідей» қарайды. Үмбеттің саяси қабілетінің 
мықты болуы мұсылманның жеке рухани өмірі үшін де өте маңызды. Мыса
-
лы христиандардың дін қабылдарда теологиялық таңдау жасағаны сияқты. 
(Олар христиандықтың қай тармағын қабылдағаным жөн деп басын қаты
-
рады. Католик, протестант, методизм және баптизм) 
Христиандарға мұсылмандардың саяси белсенділігі қалай түсініксіз 
көрінсе, өздерінің шым-шытырық діни тартысқа жиі араласуы да мұсылман
-
дар мен еврейлерге дәл солай абсурд көрінеді. 
Қалай болғанда да исламның алғашқы тарихында Құдайдың заты тура
-
лы пікірлер мұсылмандарда билік пен халифаттың саяси ахуалына қатысты 
алаңдаудан туды. Христиандар үшін Исаның тұлғасы мен сипатына қатысты 
айтыс-тартыс қаншалықты маңызды болса, үмбетті кім басқарады және ол 
үшін адамның қандай қасиеті басты назарға алынуы керек деген сұрақтың 
айналасындағы пікірлер ислам доктринасын негіздеуде дәл сондай маңы
-
зға ие болды. Рашид халифалар кезеңі (әділетті төрт халиф) аяқталған соң, 
мұсылмандар Мәдинадағы ат төбеліндей жауынгер жамағатқа мүлде ұқ
-
самайтын жаңа дәуірде өмір сүріп жатқанын түсінді. Арабтар территория
-
сы шапшаң кеңейіп бара жатқан империяның қожайыны боп шыға келді. 
Енді олардың көсемдерін дүнияуи нығметтер көбірек қызықтырған сияқты. 
Ақсүйектер үлде мен бүлдеге оранды. Халиф сарайындағы ықпалды тұлға
-
лар былыққа белшеден батты. Мұндай ас та төк өмір бір заманда пайғам
-
бар мен сахабалар сүрген тақуа тіршілікке мүлде ұқсамайтын. Шын беріл
-
ген мұсылмандар Құрандағы әлеуметтік теңдік туралы аяттарды көлденең 
тартып, исламды қазіргі жағдайға бейімдеуге тырысты. Осылайша қаптаған 
ағымдар мен тармақтар исламнан бөлініп шыға берді. 
Ең тиімді шешімдерді мұсылмандарға Мұхаммедтің идеалы мен төрт ха
-


232
лиф кезеңіне қайтуға талпынған факихтер мен дәстүршіл ғұламалар тапты. 
Осылайша Тәурат сияқты, Құран аяттары мен пайғамбар сүндетіне негіз
-
делген шариғат заңдары пайда болды. Сахабалар мен Мұхаммедтің өмір 
сүру салты (сүндеті) мен айтқан өсиеттері (хадистер) ел ішіне кеңінен та
-
ралған еді. ҮІІІ-ІХ ғасырларда мұсылмандар хадистерді жинақтап шығара 
бастады. Олардың ішінде ең танымалы Мұхаммет ибн Исмаил әл-Бухари 
мен Муслим ибн әл-Хаджадж әл-Кушайри болды. Елдің бәрі Мұхаммедті 
Құдайға толығымен берілген кәміл адам деп сенгендіктен, мұсылмандар 
күнделікті өмірінде барынша оған еліктеуі тиіс болатын. Осылайша Мұ
-
хаммедтің сөйлеу мәнерін, адамдарды сүюін, ас ішуін, жуынып-шайынуын, 
құлшылық ету әдетін сіңірумен исламның киелі заңдары мұсылмандардың 
Құдайлық әлемге жолын ашып бергендей болды. Пайғамбарға барынша 
еліктеу арқылы ішкі әлеммен де Құдайға барынша жақындай түсеміз деп 
үміттенді. Мұсылмандар пайғамбар сүндетіне сәйкес бір-біріне «Салам 
алейкум» (сізге тыныштық болсын) деп сәлем бергенде, жетім-жесірлер мен 
кедей-кепшіктерге де, жан-жануарға да мейірімді күйге енеді. Бір-бірімен 
келісіп іс қылғанда қарым-қатынас жақсарады. Құлшылықтың қимыл-әре
-
кетін діннің ең биік шыңы осы екен деп қабылдауға болмайды. Бұлар тақу
-
алыққа жетудің құралы ғана. Құран қағидалары мен пайғамбар сүндеті 
бойынша «Құдайды танып білу» дәрежесіне биіктеуге болады. Оның негізгі 
өзегінде Құдайды үздіксіз еске алатын құлшылық та тұр (зікір). Мұсылман
-
дар арасында сүндет пен хадистің растығы жөнінде біраз тартыс та болды. 
Хадистердің бір парасын сенімді деп тапса, енді біразын күмәнді деп таны
-
ды. Жеме-жемге келгенде бұл дәстүрлердің тарихи растығы аса маңызды 
емес. Ең бастысы, олар жеміс берсе жетіп жатыр. Пайғамбар сүндеті бірне
-
ше ғасыр бойына миллиондаған мұсылмандардың өмірін иләһи мазмұнмен 
толтыруға қабілетті екенін дәлелдеп шықты.
Хадистер жинағында негізінен күнделікті тұрмыстағы проблемалар сөз 
болады. Бірақ кей кездері метафизикалық, космологиялық, Құдайлық тақы
-
рыптар да қозғалады. Тіпті «құдыс хадистер» (киелі хадистер) деп санала
-
тын кей хадистерді Құдайдың өзі Мұхаммедке тікелей айтқан деп сенеді. 
Хадистің мұндай түріне қарап нағыз тақуаның ішінде бола алатын Құдай
-


233
дың имманентті сипатын тануға болады. Мұсылманның Құдайлық болмысқа 
дейін жете алатын қасиетін сатылап түсіндіретін танымал хадиске қарап, 
Құдайдың өзі дінге сенушінің ішіне еніп кеткен бе деген ой келеді. Мұсыл
-
мандар Құран мен шариғаттың қағидаларын қатаң сақтай отырып, өз ер
-
кімен діни парыздарын орындауға кіріседі:
Менің сүйген құлым маған жақындау үшін не істесе де Мен оған 
міндет етіп жүктеген парыздарды жасамайынша, соншалықты жақын 
келе алмайды. Менің құлым Маған жету үшін міндеттелген борышынан 
да артық нәрсені жасауға бейіл. Мен оны жақсы көріп, сүйген құлда
-
рымның қатарына қоспайынша, ол да әрекетін тоқтатпайды. Ол Менің 
сүйікті құлыма айналғанда, Мен де оның естір құлағына, көретін көзі
-
не, ұстайтын қолына, жүретін аяғына айналамын
299
!
Яхудилер мен христиандардың Құдайы сияқты Алла да трансцендент
-
ті һәм жердегі тіршілікке да аралысып кете алатын имманентті Құдай са
-
налады. Мұсылмандар өздерінің болмысындағы осы Құдайлық сезімдерді 
психотехникалық амалдар арқылы тәрбиелеп өсіре алады. Олардың осы 
әдістері яхудилер мен христиандардың діни тәсілдеріне қатты ұқсайтын. 
Мұхаммедке еліктеу арқылы тақуалық жолды ұстанатын мұсылмандар 
типін әһлі-хадис (дәстүршілдер, традиционалистер) деп атайтын. Олар бар
-
лық адам тең деген әділдік принципін ұстанатындықтан қарапайым жұртты 
қатарына көптеп тарта білді. Дәстүршілдер Оммеядтар мен Аббасидтердің 
ас та төк шылқыған өмірін қолдаған жоқ. Бірақ шииттердің бүлікшіл так
-
тикасын да қоштамады. Әһлі-хадистердің пікірінше, халифтердің ерекше 
рухани қасиетпен дараланып тұруы міндетті емес. Халиф – бар болғаны 
ұйымдастырушы қарапайым әкім. Олар Құран мен сүндеттің иләһи сипаты
-
на ерекше мән бере отырып, әр мұсылманның Құдаймен тікелей байланыс 
орнатуына септесетін құрал ұсынды. Бірақ мұндай діндарлықтың ішінде аб
-
299
Цит

по
изд
.: 
Башир
Самбо

Мохаммед
Хигаб

Наука
о
хадисах
Пророка
Мухаммада
. – 
К
.: 
Ансар
Фаундейшн
. – 2001. – 
С

160.


234
солютті билікті сынап, оның тағын шайқайтын қауіпті идея жатады. Себебі 
дәстүршілдердің көзқарасы бойынша Құдай мен құлдың арасын жарасты
-
рушы діни кастаның керегі жоқ. Кез келген мұсылман ақиретте Құдай ал
-
дында жеке тағдырына өзі жауап береді. 
Бәрінен бұрын дәстүршілдер Құран да Тәурат немесе Логос сияқты мәң
-
гілік ақиқат, тіпті белгілі бір дәрежеде Құдайдың өзімен де сипаттас бо
-
лып кетеді деп санады. Құран Құдайдың ойында ежелден бері бар болған. 
Құранның жаратылмағандығы туралы доктринаға сәйкес киелі кітапты да
-
уыстап оқығанда мұсылмандар Құдайдың дауысын тікелей естиді. Алланың 
адамдар арасында ұдайы болуына Құран бейне бір Оның жердегі өкілі 
сияқты айғақтық қызмет атқарады. Мұсылмандар Құран аятын дауыстап 
оқығанда Құдайдың сөзі естіліп жатады. Мұмылмандар Құранды ұстағанда 
Құдайдың сипатымен әсерлеседі. Алғашқы христиандар да Адам бейнесін
-
дегі Христос туралы шамамен осылайша ой толғады:
Әлем басталғалы біз құлақпен естіп, көзбен көрген, қолмен ұстап 
сипалап сезген бар нәрсе ол – сөзден шыққан тіршілік еді. Біз осы 
ақиқатқа куәлік етіп, оны жеткіземіз!
300
Сөз сипатты Исаның (Логос, Құдайдың кәләмі) мәртебесін дәл анықтау 
христиандарды сергелдеңге салды. Мұсылмандар арасында да Құранның 
сипатына қатысты дәл осындай пікірталас күшейген еді. Расында, араб 
тілінде жазылған бұл кітап қай мағынада Құдайдың Сөзі саналады? Құран
-
ды мұндай деңгейде әспеттеу көптеген мұмылмандарға бейне бір дінбұ
-
зарлықтай көрінді. Осы арада еске сала кетейік, кезінде христиандарды да 
Иса – логостың жердегі инкарнациясы деген ойлар әбден мезі қылған еді. 
Иса кәлимолланың шынайы жағдайы христиандарды барынша толған
-
дырды. Қазір мұсылмандар Құранның құрылымын талдай бастады: араб
-
ша мәтін қандай мәнде Құдайдың шын Сөзі бола алады? Кей мұсылмандар 
Құранға берілген осы сипатты христиандардың Исаның тірілген Сөз деген 
300 1 
Иоан
. 1:1–2.


235
көзқарасына қарсы болу сияқты сандырақ деп қабылдады. 
Шииттер болса, ойларын христиандағы тірілу көзқарасына барынша 
жақын сипатта дамытты. Хүсейіннің трагедиялық өлімінен кейін шииттертек 
Әли бин Әбу Тәліптің тегінен өрбігендер ғана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет