Яхудилер де, христиандар да не болса да жаңа пайғамбарларды мойында
-
майтын. Бұған сонымен қатар саяси түйсіктері де әсер етті:
бұрын яхудилер
өзара қырқысып жатқан араб тайпаларының кез келгенімен одақ құрып жа
-
зирада үлкен ықпалға ие боп келіп еді, ал енді Мұхаммед жергілікті әулет
-
223
терді құрайыштармен қосып, ішіне яхудилер де кіретін алып тайпалық одақ,
яғни жаңа мұсылмандық
үммет
ті құрды.
Яхудилердің дұшпандығы күн са
-
нап арта берді, өйткені олардың Мәдинадағы жағдайлары қиындап, ықпал
-
дары әлсірей түсті. Олар үнемі мешітке келіп, «мұсылмандардың уағыздарын
тыңдап күлетін және олардың сенімдерін мазаққа айналдыратын»
293
. Киелі
Кітаптармен бұрыннан таныс артықшылықтарын пайдалана отырып, яхуди
-
лер Құраннан Інжілдегі сюжеттердің бастапқы нұсқаларымен қиыспайтын
тұстарды қиындықсыз тауып алатын. Мұхаммедтің талпыныстары олардың
күлкісін келтіретін; яхудилер зәрлі тілмен кекетіп, өзін пайғамбар санайтын
бұл адам, тіпті жоғалған түйесін де таба алмасы анық дейтін.
Яхудилердің қарсы реакциялары, бәлкім, Мұхаммед үшін өмірінде
-
гі ең көңілін қалдырған ауыр жағдай болды. Бұл жағдай оның тұтас діни
көзқарастарына күмән туғызды. Әйтсе де, яхудилердің кейбір бөлігі оған
өте жылы достық қатынас танытты. Мүмкін олар мұсылмандармен бірігу
-
ді өздеріне жоғары міндет деп санады. Олар Пайғамбармен Інжілді талқы
-
лап, Оған яхудилердің теологиялық шабуылдарына қарсы тұрудың жолда
-
рын үйрететін және бұл жаңа мәліметтер Мұхаммедке өз көзқарастарын
дамытуға жәрдемдесетін. Мұхаммед алғаш рет бұған дейін білмей келген
пайғамбарлардың хронологиясын үйрене бастады. Енді Ибраһимнің Мұса
мен Исадан бұрын өмір сүргенінің қаншалықты маңызды екенін ұқты. Ін
-
жілді оқығанға дейін Мұхаммедтің яхудилік пен христиандықты бір дін
деп білуі әбден мүмкін. Олардың арасындағы қайшылықтың қаншалықты
салмақты екенін енді барынша айқын көре бастады.
Сырттан бақылаушы
позициясында тұрған арабтар үшін бұл екі дін арасында айырмашылық
болмашы ғана боп көрінетін. Тәурат пен Інжіл жолындағылардың Ибраһим
-
нің саф діні
ханифийа
ға, раввиндардың Сөзді Қағидалары мен Үштік Құдай
секілді түсініксіз түпнұсқа емес элементтерді қосып жібергенін ұғыну қи
-
сынды көрінетін. Бұған қоса Мұхаммед Көне Өсиетте де яхудилердің күпір
халық (олардың пұтқа табынушылыққа қайтып, өгізге табынып кеткендері
293 Ibn Ishaq, Sira 362 in Guillaume, trans., A Life of Muhammad, p. 246.
|