Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет83/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

әл-
Лат
(жәй ғана «Құдайы» дегенді білдіреді); 
әл-Узза
(Күшті) және 
Манат
(тағ
-
дырды жазған) еді. Сәйкесінше Меккенің оңтүстік шығысындағы Тайф пен 
Нахлада және Қызыл теңіз жағасындағы Худайда мекенінде оларға арнайы 
ғибадатханалар тұрғызылған. Бұл Құдайлар Юнон немесе Афина Паллада 
сияқты бастан-аяқ адамдық сипатпен көмкерілмеген еді. Оларды негізінен 
Құдайдың қыздары деген мағынада 
бәнат ул-Лаһ
деп атайтын. Бірақ бұл то
-
лысқан бір пантеонның болғанын білдірмейтін. Арабтар дерексіз ұғымдарды 
түсіндіру үшін осындай туыстық терминдерді қолданатын. Осылайша 
бәнат 
әл-дәһр
(тілдік мәні «тағдырдың қыздары») сөзі де сәтсіздік пен өзгерісті 
білдіретін. 
Бәнат ул-Лаһ
ұғымы да тек «иләһи болмыстар» деген мағынада 
қолданылуы мүмкін. Ғибадатханаларда бұл Құдайлар бет-бейнесі бар мүсін 
түрінде емес, алып тастар кейпінде көрініс тапты. Көне Кенған тұрғындары 
да Құдайларын осылай таспен бәдіздейтін. Арабтар бұларға бас-көз жоқ 
бас ұрып табына бермейтін, бірақ иләһи күштің мәйегі деп танитын. Мекке
-
дегі Қағба сияқты Тайф, Нахла мен Худайда да арабтардың ішкі дүниесінде 
маңызды рухани орталық ретінде сақталған еді. Есте жоқ ескі дәуірден бері 
осыларға табынып, көңілдері жай табатын. 
Шайтан аяттары хикаясы не Құранда, немесе қандай да бір ауызекі, я 
болмаса жазба деректе кездеспейді. Пайғамбар туралы ең сенімді ғұмы
-
рнамалық дерек ретінде танылған Ибн Ысқақтың «Сиярында» да жоқ. Тек 
оныншы ғасырда өмір сүрген тарихшы Әбу Жафер әт-Табаридің (923 ж.ө.) 
шығармасында ғана аз-кем айтылады. Онда пұттарды жоққа шығарған
-
нан кейін тайпасының өзінен суып кеткені Мұхаммедке ауыр тиген және 
шайтаннан илһам алып, періштелер сияқты үш Құдайға де шапағатшы 
ретінде құрмет көрсетуге рұқсат ететін кейбір жалған аяттар айтқан дейді. 
«Шайтан» аяттарына сәйкес, үш «Құдайы» Алламен тең емес, бірақ Ол мен 
адамдар арасында дәнекер бола алатын ұсақ рухани болмыстар ғана. Кейін 


215
Жәбірейіл періште пайғамбарға бұл аяттардың шайтаннан келгенін және 
Құраннан алып тастау керектігін, оның орнына benatullab, яғни үш Құдай
-
дың елес пен алдамшы қиял екенін сипаттайтын мына аяттарды қоюы қа
-
жеттігін жеткізген: 
(Шындарыңды айтыңдаршы, өздерің сыйынатын) Лат пен Уззаны және 
Манаттарыңды (Мұхаммед секілді осылай) өз көздеріңмен көрдіңдер ме?.... 
(Сендер табынған пұттардың) барлығы да – өздеріңнің және ата-бабала
-
рыңның ойдан шығарып, өздерің ат қойып әспеттеп алғандарың. Ондай 
(жалған Құдайларға) қатысты Алла ешқандай да дәлел түсірген жоқ. (Пұт
-
тарға табыну арқылы) өздеріңнің жалған долбарларыңа еріп, қарапайым 
қажеттіліктеріңнің жетегіне жегілдіңдер. Жаратқан Иелеріңнен сендерді 
тура жолға бастайтын нұсқаушы келіп еді ғой
283
.
Құранның аталарының пұт Құдайларына қатысты айтқан қатаң үкімі 
осы болатын. Бұл аяттар Құранға енгізілгеннен кейін құрайышпен 
бітімге келуге еш мүмкіндік қалмады. Осы сәттен кейін Мұхаммед елді 
табанды түрде таухидке үндеді және ширк (пұтқа табынушылық, тілдік 
мәнінде Аллаға серік қосу) Исламда ең үлкен күнәға айналды. 
Шайтан аяттары оқиғасы болды деген күннің өзінде Мұхаммедтің 
көпқұдайшылдықпен келісімге келуі мүмкін емес-тін: «Шайтанның 
қызметі туралы айтқанда, оның қандай да бір сәтте Құранға нұқсан 
келтіргендігі жайлы ой қозғау дұрыс емес. Исламда шайтанға христи
-
ан дініндегіден де артық төзімділік көрсетіледі. Құран Қиямет күнінде 
шайтанның да кешірілетінін білдіреді. Арабтар «шайтан» сөзін жиі-жиі 
бір адамның мінезіне ұқсату үшін немесе табиғи қалпынан айныған 
кісіні сипаттау үшін қолданады»
284
. Бұл оқиға Мұхаммедтің тіл жет
-
пейтін иләһи хабарды сөзбен баяндауға тырысқан кезде бастан өт
-
керген машақатын да көрсетуі мүмкін. Осы жағдай Құрандағы бірнеше 
пайғамбардың иләһи үндеуді түсіндіруге тырысқан кезде ұқсас «шай
-
283
Құран
, 53:19–20, 23.
284 Karen Armstrong, Muhammad: A Western Attempt to Understand Islam (London, 1991), pp. 108–117.


216
тани» елес көргендігін және Құдайдың үнемі олардың ағаттықтарын 
түзетіп, жаңа және үстем уахилер жібергенін сипаттау кезінде орын 
алуы ықтимал. Бұл мәселеге басқа бейтарап қырынан келсек, Мұхам
-
медтің бүкіл өнер шеберлері сияқты жаңа илһамдар келген сайын өз 
туындысын назардан өткеріп, жетілдіріп отыруы да мүмкін. Мұхам
-
медтің пұтқа табыну мәселесінде құрайышпен бітімге келуден үзіл
-
ді-кесілді бас тартқаны туралы деректер жетеді. Ол прагматик болған
-
дықтан, аса қатты маңызды емес деп тапқан мәселеде келісімге келуі 
мүмкін еді. Бірақ құрайыш оған көп Құдайдың бірін ең ұлық деп санап, 
Мұхаммед пен мұсылмандар Аллаға табына берсін бірақ өздеріне ата 
Құдайларына табынуға рұқсат етсін деген талаппен келгенде, Мұхам
-
мед бірден бұл ұсыныстан бас тартты. Құранда бұл туралы:
Сендердің табынған пұттарыңа мен ешуақытта табынбаймын. .... 
Өз сенім-нанымдарыңа өздерің (жауаптысыңдар). Ал өз дінім үшін 
(Құдайдың алдында) мен өзім жауап беремін
285
.
Мұсылмандар тек жалғыз Құдайға бойсұнып, құрайыштар қатты байла
-
нып қалған «Құдайлар» мен байлық секілді жалған табыну объектілердің 
азғыруына берілмеулері керек. 
Адамгершіліктің негізі ретінде Құранда Құдайды ешбір жаратылысқа ұқ
-
сатпау керектігі көрсетілген. Материалдық байлық пен төмен мақұлықтарға 
арқа сүйеп, берілу – 
ширк
. Пұтпарастық исламдағы ең ауыр күнә. Пұт Құдай
-
ларға деген жиіркеніш дәл ежелгі яхуди жазбаларындағыдай негізделген, 
яғни басқа Құдайлар еш пайдасыз. Олар адамдарды ас-ауқатпен қамтама
-
сыз ете алмайды. Мұндай әлсіздік оларға өміріңді арнаудың ешқандай мәні 
жоқ дегенді білдіреді. Мұсылман тек жалғыз ақиқат Алла екенін түсінуі ке
-
рек.
285
Құран
, 109:2, 6.


217
(Оларға) былай деп айтқын, (Уа, Мұхаммед): «Алла – Жалғыз, Дара!» 
(Әлденеге деген) мұқтаждық Аллада жоқ. Ол тумаған да туылмаған. 
Оған тең келер ешнәрсе жоқ
286
.
Афанасий сияқты христиандар да бір Жаратушының, Болмыстың Қай
-
нарының құтқарушы құдіретке ие екендігін тілге тиек еткен. Бұл көзқа
-
растарын Үштік Құдай және Тірілу туралы насихаттарында да баяндаған. 
Құран семиттік иләһи таухидқа негізделеді және Құдайдың перзенті бар 
деген көзқарасты жоққа шығарады. Жер мен көкті жаратқан Алладан басқа 
Құдайы жоқ және тек Ол ғана адамды құтқарып, оған рухани және матери
-
алдық ризығын беріп тұрады. Тек Оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет